2025 жылғы 16-19 маусым аралығында Алматы қаласында ата-аналар топтарын ұйымдастыру бойынша оқу семинары өтті.
Әдіскер Шерстобитова Ю.В. мен педагог Амантаева А.А. Болат Өтемұратов Қоры ұйымдастырған оқыту бағдарламасына қатысты.
Оқыту барысында мамандар ата-аналармен тиімді жұмыс істеуге арналған маңызды білім мен тәжірибелік дағдыларға ие болды.
Мұндай бастамалар баланың дамуына қолайлы орта қалыптастыруда отбасы мен педагогтар арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі.