@bulat_utemuratov_foundation ұйымдастырған «Ортақ миссия – Мың жүрек» көшбасшылар форумында еліміздің түкпір-түкпірінен келген «Асыл Мирас» орталықтарының басшылары мен мамандары бас қосты.
Форумның негізгі мақсаты – ортақ миссия жолында бірігіп, тәжірибе алмасу, жаңа бастамаларды талқылау және бір-бірін қолдау.
«Асыл Мирас» Қарағанды орталығының командасы да бұл ауқымды шараға қатысып, өз үлесін қосты. Форум барысында қалыптасқан жылы атмосфера мен ынтымақ рухы бізге үлкен шабыт сыйлады.
Бізді біріктіретін – ортақ миссия, бізді алға жетелейтін – мың жүрек!