back-image
"Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі"КММ
Организации> "Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі"КММ

Мектептің даму бағдарламасы

МЕКТЕПТІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мектептің дамуының 5 академиялық жылға арналған стратегиялық жоспары (2020 – 2025 ж.ж.)

 

1-стратегиялық бағыт. Білім беру сапасын дамыту

Мақсаты:Оқу мен тәрбие үдерісінде жаңа іс-тәжірибелерді іске асыру барысында білім алушылардың білім сапасын көтеру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту

Міндеттері:

  • Мемлекеттік білім беру стандартына сай біліммен қамтамасыз ету;
  • Мектеп білім алушыларының ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстарын нәтижеге бағыттау;
  • Заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізу арқылы сапалы білім алуға жағдай жасау;
  • Білім алушылардың оқу пәні бойынша ғылым салаларындағы зерттеушілік қабілеттерін дамыту, халықаралық, республикалық, облыстық байқауларға қатысуына жағдай жасау;
  • Білім алушылардың бастауыш сыныптан орта буынға, орта буыннан жоғары буын сатысына өту үшін жалпы білім дағдыларын, іс-әрекет түрлерін меңгеруін қамтамасыз ету.

 

2-стратегиялық бағыт.Адами ресурстарды дамыту

Мақсаты:Кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі арқылы педагогтердің кәсіби өсуін, үздіксіз «өмір бойы» білім алуын қамтамасыз ету арқылы білім алушылардың білімі мен функционалдық сауаттылықтарын арттыру

Міндеттері

  • Білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мұғалімдердің білімін жетілдіру;
  • Өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау;
  • Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы әлем және ұлттық мәдениетті игеру үшін педагогтердің практикасына үш тілде білім беруді енгізуге жағдай жасау;
  • Білім беру процесінің мазмұнын жаңарту арқылы педагогтің кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін жетілдіру;
  • Білім беру мазмұнын жаңарту аясында НЗМ тәжірибелерін тарату мақсатында магниттік мектептермен бірлескен жұмыстар атқару;
  • Оқыту мен оқу барысындағы жаңа тәсілдерді іске асыру үрдісінде, білім алушылардың зияткерлік әлеуетін ашу;
  • Білім алушылардың рухани және физикалық дамуына жағдай жасау.

 

3-стратегиялық бағыт.Басқарудың алқалы нысанын әзірлеу

Мақсаты:Мектептегі басқарудың алқалы органдарының жұмысын заман талабына сай жақсарту

 

Міндеттері:

  • Педагогикалық кеңесті заман талабына сай жаңа форматта өткізуді жалғастыру;
  • Қамқоршылық кеңесті мектеп өміріне белсенді араластыру;
  • Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеретін ұйымдармен тығыз байланыста болу;
  • Білім алушыларға кәсіби бағыт бағдар беру мақсатында арнаулы орта және жоғары білім беретін мекемелермен тығыз байланыс орнату.

 

4-стратегиялық бағыт.Оқу процесінің жағдайын жасау

Мақсаты:Оқу-тәрбие үдерісі үшін қажетті материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік  құрал-жабдықтармен жабдықтау,  мектептің материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын нығайту, білім алушылар мен қызметкерлер үшін қауіпсіз жағдай жасай отырып, санитарлық-гигиеналық режимді, өрт және электр қауіпсіздігі шараларын сақтау

Міндеттері:

  • Мектепті қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жабдықтауға жағдай жасау;
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға жағдай жасау;
  • Кітапхананы электрондық (сандық) білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету;
  • Мектеп мұрағатын қазіргі заман талабына сай жандандыру;
  • Мектеп мұражайын экспонаттармен толықтыру.

 

5-стратегиялық бағыт.Заманауи білім мектебі

Мақсаты:Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу үшін бәсекеге қабілетті және құзыретті, өзгермелі ортада өмір сүруге бейім, көпмәдениетті, ақпараттық-коммуникативтік білімдік орта құрып, зияткер тұлғаның дамуына және әлеуметтенуіне жағдай жасау

Міндеттері:

  • Білім алушылардың жаратылыстану-гуманитарлық сауаттылығын арттыру;
  • Білім алушыларды ұлттық құндылықтар негізінде ғылыми кеңістікке интеграциялау;
  • Білім алушылардың оқуға уәжін көтеріп, олардың шығармашылығын дамытуға жағдай туғызу;
  • Тарихи және ұлттық мәдени дәстүрлерді құрметтейтін тұлғаны тәрбиелеу;
  • Көпмәдениетті, көшбасшы, өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі көрсетуге қабілетті, шығармашыл, рухани кеңістігі кең білімді тұлғаны қалыптастыру.
Новости