back-image
"Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі"КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі"КММ

Кәсіби бағдар беру оқушылармен жұмыс 2023-2024 ж.ж.

2023 жылдың 11-15 қыркүйек аралығында 9-11 сыныптар арасында 2020-2024 жылдар аралығында пайда болған және пайда болатын жаңа мамандықтар бойынша ақпарат берілді.

2023 жылдың 18 қыркүйек күні 11 сынып оқушыларынан «Мамандықты таңдау-болашақты таңдау» тақырыбында сауалнама алынды.

 

2023 жылдың 25 кыркүйегі күні Кәсіби бағдар беру аясында 2-4 сыныптар арасында «Мамандық әлемі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын еңбек құндылығына тәрбиелей отырып, мамандықтар туралы ақпарттармен таныстыру.

 

Кәсіби бағдар беру аясында 9-11 сынып оқушыларына мамандықтар туралы кеңес және ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді Сонымен қатар, EDUSER – білімге арналған сервисте жұмыс жасау ережелері көрсетілді.

 

2023 жылдың 03-06 қазан күндері кәсіби бағдар беру аясында 9 сынып оқушыларынан «Мамандық таңдау-маңызды іс» тақырыбында сауалнама алынды.

 

2023 жылды 04 қазан күні 8-11 сыныптар арасында «Менің алғашқы сабағым» атты флешмобы өткізілді.

2023 жылдың 11-17 қазан аралығында кәсіби бағдар беру мақсатында 5-9 сыныптар арасында Е.А.Климовтың Дифференциалды-диагностикалық сауалнамасы алынды.

Мақсаты: Дифференциалды диагностикалық сауалнама (ДДС) адамның белгілі бір мамандық түрлеріне оның құндылық бағдарларында көрінетін бейімділігін анықтауға арналған.

 

2023 жылдың 12-19 қазан аралығында Педагог кәсіби бағдар беру мақсатында  8-11 сыныптар арасында Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы 2020-2040 жылдар арасында жойылатын мамандықтар туралы таныстыру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

2023 жылдың 16-20 қазан аралығында кәсіби бағдар беру мақсатында 8-11 сыныптар арасында Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы 2025-2030 жылдар арасында пайда болатын жаңа мамандықтар туралы таныстыру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

2023 жылдың 18 қазан күні кәсіби бағдар беру мақсатында кітапхана меңгерушісі Смаилова Гульмира Жасымбековна оқушыларды мамандықтар әлемін баяндайтын әдебиеттермен танысу жұмыстарын жүргізді.

 

2023 жылдың 23-27 қазан аралығында Педагог кәсіби бағдар беру мақсатында  7-11 сыныптар арасында Кім боламын?тақырыбында оқушылармен пікір алмасу жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты:

Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру;

 

 

2023 жылдың 15 қараша күні Педагог кәсіби бағдар берушінің мақсатында 9 сынып оқушыларына «Түлекке көмек», «Оқуға қайда бару керек» тақырыбында әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.

 

2023 жылдың 20 қараша күні Кәсіби бағдар беру мақсатында 5-11 сыныптар арасында «Мамандық таңдауда қателікке ұрынба!», «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау»,  «Мен мамандық әлеміндемін» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

2023 жылдың 20-20 қараша күндер аралығында кәсіби бағдар беру мақсатында 9-11 сыныптар арасында Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы 2020-2025 жылдар аралығында өзгеретін мамандықтар туралы таныстыру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

2023 жылдың 21-24 қараша аралығында кәсіби бағдар беру мақсатында 1-4 сыныптар арасында Технология пәнінің мұғалімі Бекжанова Курмет Совеетовна «Мамандықтың бәрі жақсы»  тақырыбында сурет көрмесін өткізді.

 

2023 жылдың 20-25 желтоқсан аралығында Педагог кәсіби бағдар беру мақсатында 8-11 сыныптар арасында «Сұранысқа ие 100 сервистік және өндірістік мамандықтар» тақырыбында ақпарат жұмыстары жүргізілді.

 

 

1-4 сыныптар арасында «Менің ата-анамның мамандығы» әңгімелесу және «Мен мамандықтар әлеміндемін» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

 

2024 жылдың 22 қаңтар күні кәсіби бағдар беру мақсатында «Кім боламын?» - 2-4 сыныптар, «Болашаққа бағдаршам» -5-8 сыныптар, «Мамандық таңдау - ең жауапты іс» -9-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.

 

2024 жылдың 17-23 қаңтар аралығында кәсіби бағдар беру мақсатында 7 сыныптар арасында«HR+» психологиялық педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесіарқылы тест сұрақтарына жауап беру жұмыстары жүргізілді.

 

2024 жылдың 19-24 қаңтар аралығында 5-11 сыныптар арасында кәсіби бағдар беру мақсатында «Мен қандаймын, мен не істей аламын? маған не қажет» тақырыбында кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

 

2024 жылдың 25-30 қаңтар аралығында 8-10 сыныптар арасында кәсіби бағдар беру мақсатында «Мамандық таңдау - өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында кеңестер берілді.

 

2024 жылдың 26 ақпан күні Кәсіби бағдар беру мақсатында 5-11 сыныптар арасында «Менің арманымдағы мамандық» дәстүрлі ашық сынып сағаттары ұйымдастырылды.

 

2024 жылдың 28-29 ақпан күндер аралығында кәсіби бағдар мақсатында 8-9 сынып оқушылары арасында мамандыққа қатысты сұрақ-жауап, сәйкестендіру және викториналық ойындар өткізілді.

 

2024 жылдың 11-13 наурыз күні кәсіби бағдар беру мақсатында 7-8 сыныптар арасында Л. Йовайшидің кәсіби бейімділік сауалнамасы алынды.

 

 

2024 жылдың 15-19 наурыз аралығында Педагог кәсіби бағдар беру мақсатында 7-9 сыныптар арасында «Сұранысқа ие 100 сервистік және өндірістік мамандықтар» тақырыбында ақпарат жұмыстары жүргізілді.

 

2024 жылдың 14 мамыр күні кәсіби бағдар беру мақсатында 9 сынып оқушыларынан «Мамандық таңдау-маңызды іс» тақырыбында сауалнама алу жұмыстары жүргізілді.

Новости