back-image
"Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі"КММ
Организации> "Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі"КММ

Кәсіби бағдар беру бойынша кездесулер 2023-2024 ж.ж.

2023 жылдың 07 қыркүйек күні 9-11 сынып оқушыларымен Саран қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті.

 

2023 жылдың 21 қыркүйек күні 11 сынып оқушыларымен ҚР ҚКЕ шекара қызметі академиясының өкілдерімен кездесу өтті.

 

2023 жылдың 21 қыркүйек күні 9 сынып оқушылары Мәдениет үйінде өткізілген "Шебердің қолы ортақ"  атты жұмысшы  мамандықтарының 10-шы мерейтойлық аймақтық фестиваліне қатысып қайтты.

 

2023 жылдың 27 қыркүйек күні Кәсіби бағдар беру аясында 5 сынып оқушылары Саран қаласы әкімдігінің «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне экскурсияға барды.

2023 жылдың 28 қыркүйек күні Кәсіби бағдар беру аясында 4 сынып оқушылары Саран қаласы әкімдігінің «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне экскурсияға барды.

2023 жылдың 13 қазан күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіөкілі Гусманова Жанар Ахметжаровна мен мектеп түлектері қазіргі уақытта университеттің студенттері Ким Артём Эдуардович және Абеуова Еркеназ Бекзатовнамен кәсіптік бағдар беру мақсатында 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

 

2023 жылдың 18 қазан күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің өкілі Косбармаков Самат Жаксибаевичпен кәсіптік бағдар беру мақсатында 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

 

2023 жылдың 18 қазан күні Саран қаласының мәдениет үйінің алдында  Құтқарушылар күніне орай қалалық кездесу ұйымдастырылды.

 

 

2023 жылдың 20 қазан күні кәсіби бағдар беру мақсатын 9 сынып оқушылары Саран техникалық колледжіне «Аспаз» мамандығы бойынша өткізілген ашық сабағына қатысып қайтты.

 

2023 жылдың 01 қараша күні 6 сынып оқушылары №24 өрт сөндіру бөлімі «ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіне экскурсияға барды.

 

2023 жылдың 02 қараша күні кәсіптік бағдар беру мақсатында 8 сынып оқушылары «Galex plus» ​Саран тігін және тоқыма фабрикасына барып қайтты.

 

2023 жылдың 02 қараша күні кәсіптік бағдар беру мақсатында 9 сынып оқушыларына Саран техникалық колледжі 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 07150500 «Дәнекерлеу ісі», 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша ақпарат беру жұмыстарын жүргізілді.

 

2023 жылдың 03 қараша күні 7 сынып оқушылары №24 өрт сөндіру бөлімі «ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіне экскурсияға барды.

 

2023 жылдың 03 қараша күні кәсіптік бағдар беру мақсатында 9 сынып оқушыларынаАбай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі «Бағдарламалық жасақтама жасаушы», «Техник-механик», «Техник-технолог», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру тәрбиешісі», «Бастауыш білім беру мұғалімі», «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры», «Дене шынықтыру және спорт мұғалімі», «Негізгі орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі», «Негізгі орта мектептің шет тілі мұғалімі», «Техник-электромеханик» мамандықтары бойынша ақпарат беру жұмыстарын жүргізілді.

 

2023 жылдың 10 қараша күні Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті "OPEN DAY" тақырыбында Қарағанды қаласы және Қарағанды облысы мектептер мен колледждерінің түлектеріне РR-коммуникацияльқ және кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған ашық есік күніне 11 сынып оқушылары қатысып қайтты.

2023 жылдың 13 қараша күні 11 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілімен кездесу өтті.

 

2023 жылдың 14 қараша күні 9-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында Мәдениет үйінде өткізілген «Саран қаласының Қорғаныс министрлігінің 44803 әскери бөлімі» өкілдерімен кездесуге барып қайтты.

 

2023 жылдың 20 қараша күні 11 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлегі және өкілі ретінде Аманбеков Әлішер Асхатұлымен кездесу өтті.

 

2023 жылдың 06 желтоқсан күні Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғарғы гуманиитарлық техникалық колледжінде мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған  «Педагогика және психология» пәндер бірлестігінің апталығы аясындаөткізілген «Өз мамандығының шебері» атты педагогикалық алаңға 9 сыныптар оқушылары қатысып қайтты.

 

2023 жылдың 15 желтоқсан күні Шахтинск технологиялық колледжінің мамандары 9 сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар, шәкірт ақы және жатақхана туралы ақпарат берді.

 

2024 жылдың 03 қаңтар күні 4 сынып оқушылары Саран қаласы әкімдігінің «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне экскурсияға барды.

 

2024 жылдың 04 қаңтар күні 4-5 сынып оқушылары Саран қаласы әкімдігінің «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне экскурсияға барды.

 

2024 жылдың 05 қаңтар күні кәсіптік бағдар беру мақсатында 9 сынып оқушылары Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжінің Дене тәрбиесі және спорт бөліміне экскурсияға барып қайтты.

 

2024 жылдың 12 қаңтар күні 11 «Б» сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілімен кездесу өткізді.

  

 

2024 жылдың 16 қаңтар күні кәсіби бағдар беру мақсатында Саран қаласы мәдениет үйінде 11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясында оқытылатын мамандықтар, оқуға түсу және қабылдау шарттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



202жылдың 24 қаңтар күні Қарағанды машина жасау колледжінің мамандары сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар және шәкірт ақы туралы ақпарат берді.

 

 

2024 жылдың 27 ақпан күні 9 сынып оқушыларына Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжінің 4 курс студенттері колледжде оқытылатын мамандықтар, шәкірт ақы туралы ақпарат берді.

 

 

2024 жылдың 29 ақпан күні Саран қаласының мәдениет үйінде кәсіби бағдар беру мақсатында «Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ Саран қаласының Мансап орталығы» филиалы мектептің түлектеріне ұйымдастырған бос орындар жәрмеңкесіне мектептің 9 сынып оқушылары қатысып қайтты.

 

2024 жылдың 07 наурыз күні 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында «Саран қаласының Қорғаныс министрлігінің 44803 әскери бөлімі» өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

 

2024 жылдың 12 наурыз күні 11 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілімен кездесу өтті.

 

2024 жылдың 19 наурыз күні Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті экономика, бизнес және кұқық колледжінің өкілдері 9,11 сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар, шәкірт ақы және жатақхана туралы ақпарат берді.

 

2024 жылдың 26 наурыз күні кәсіптік бағдар беру мақсатында 9 сынып оқушыларына Саран техникалық колледжі 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 07150500 «Дәнекерлеу ісі», 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша ақпарат беру жұмыстарын жүргізді.

 

Кәсіптік бағдар беру мақсатында 7 сынып оқушылары «Galex plus» ​Саран тігін және тоқыма фабрикасына экскурсияға барып қайтты.

 

Кәсіптік бағдар беру мақсатында 6 сынып оқушылары «Galex plus» ​Саран тігін және тоқыма фабрикасына экскурсияға барып қайтты.

 

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 8 сынып оқушылары Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжінің қазақ бөліміне экскурсияға барып қайтты.

 

2024 жылдың 28 наурыз күні кәсіби бағдар беру мақсатында 9 сынып оқушылары Қарағанды сервис және тамақтану колледжіндегі ашық есік күніне барып қайтты.

 

Кәсіптік бағдар беру мақсатында 9 сынып оқушылары «Саран қаласының орталық ауруханасы» КМК «Стоматология» бөліміне экскурсияға барып қайтты.

 

2024 жылдың 08 сәуір күні кәсіби бағдар беру мақсатында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Политология мен социология кафедрасының өкілдері және сол аталмыш кафедраның 1 курс студенттері 10-11 сынып оқушыларына оқуға түсу шарттары мен оқытылатын мамандықтары туралы түсіндіру жұмыстарын Zoom платформасы арқылы онлайн өткізді.

 

2024 жылдың 11 сәуір күні 10-11 сынып оқушылары Қарағанды қаласы Балалар мен жасөспірімдер сарайында 10-11 сынып оқушыларына арналған «Мамандықты дұрыс таңдау-табысты болашағынның кепілі» тақырыбында өткізілген ақпараттық кездесуге барып қайтты.

 

2024 жылдың 16 сәуір күні Саран қаласының «Достық үйі» балалар мен жасөспірімдер орталығы» КММ кәсіптік бағдар беру үшін Қарағанды индустриялық университеті және «QazTehna» ЖШС өкілдері 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

 

2024 жылдың 17 сәуір күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті өкілі Гусманова Жанар Ахметжаровна 11 сынып оқушыларынан сауалнама алып және университетте оқытылатын мамандықтары туралы ақпарат берді.

 

2024 жылдың 19 сәуір күні Қарағанды машина жасау колледжі 9-10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Болашақтың мамандықтары-қол жеткізуге болатын миссия» тақырыбында ұйымдастырған квест ойынына 9-10 сынып оқушылары қатысып 1 орынға ие болып қайтты.

 

2024 жылдың 25 сәуір күні «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар академиясы» Ақмола колледжінің өкілдері 9 сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар, шәкірт ақы және жатақхана туралы ақпарат берді.

 

 

2024 жылдың 29 сәуір күні кәсіби бағдар беру мақсатында Абай көпсалалы колледжінің өкілдері 9 сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар, шәкіртақы және жатақхана туралы ақпарат берді.

2024 жылдың 30 сәуір күні кәсіптік бағдар беру мақсатында 9 сынып оқушылары Саран техникалық колледжі 9, 11 сынып түлектері және түлектердің ата-аналарына ұйымдастырылған ашық есік күніне қатысып қайтты.

 

2024 жылдың 14  мамыр күні 9 сынып оқушыларына Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжінің шет тілі бөлімінің өкілі және 3 курс студенттері колледжде оқытылатын мамандықтар, шәкірт ақы туралы ақпарат берді.

 

2024 жылдың 21 мамыр күні кәсіби бағдар беру мақсатында 10-11 сынып оқушыларымен Саран қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің өкілдері кездесу өткізді.

Новости