Ақпараттық анықтама.
Қарағанды облысы білім басқармасы Абай
ауданы білім бөлімінің
«Қоянды негізгі орта мектебі» КММ
Мектеп директоры:Әбішев Нұржан Сағынтайұлы
Байланыс телефоны:87215340116
Мекен-жайы:100115, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Дзержинский ауылдық округі, Қоянды ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 7-құрылыс
Электрондық поштасы:koyandyossh@mail.ru
Ғимараттың салынған жылы:1979жыл
Көлемі:244,5 кв.м
Мектепте 2021-2022 оқу жылында 41 оқушы оқиды.
Барлығы 11 жиынтық сынып.
Мектепте 17 педагог жұмыс жасайды. Оның ішінде:
- Жоғарғы санат – 1
- І санат – 4
- ІІ санат – 1
- Педагог-сарапшы – 1
- Педагог-модератор – 3
- Педагог – 7
Мектептің қатысатын жобалары:
Облыстық әлеуметтік-педагогикалық «Зейін» жобасы;
«Оқуға құштар мектеп» жобасы;
«Дебаттық пікірсайыс» жобасы;
«Бірге оқимыз» жобасы;
«Білім берудегі медиация- бұл жанжалсыз орта құрудың жолы» жобасы.
Облыстық акция: «Бір отбасы - бір кітап»
Мектебіміз Топар кентіндегі Абай атындағы тірек мектебі ресурстық орталығының магниттік мектебі болып табылады.
Мектеп интернеті ASTEL Спутник байланыс желісіне қосылған. Қосылу жылдамдығы 4Мбит/с. дейін.
Мектепте барлығы – 11 компьютер және 3 ноутбук бар. Оқу кабинеті – 4, барлығы ПИК-пен жабдықталған. 3 оқушыға 1 компьютердан.
2022 жылы 9 сыныпты 2 оқушы аяқтады, барлығы колледждерге түсуді жоспарлауда, бюджеттік негізде.