back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (РО) жанындағы интернаты" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (РО) жанындағы интернаты" КММ

Жас сарбаз

 

"Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери патриоттық ұйымы

 

   Елбасы Н. Назарбаев 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер бірлестігін құру - басым бағыттардың бірі ретінде тапсырған болатын. Білім беру мекемелерінде "Жас сарбаз" әскери-патриоттық сыныптарын ашу, олардың қатарына озат әрі алғыр балаларды қабылдап, тәрбиелеу - Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмасы болатын.

      Осыған орай 13.02.2020 жылы біздің білім ошағында Ауған жерінен Кеңес әскерлерін шығарылуының 31 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған "Жас сарбаз" әскери-патриоттық ұйымына 7-сынып оқушыларының ант қабылдау салтанаты өткізілді.

   Бұл шараның мақсаты - балалардың бойында Отан алдындағы қасиетті парызын ояту, өз еліне, жеріне ғана қызмет етіп қана қоймай, елдің болашағын, төл тарихын білетін, бүгінін бағалайтын, Тәуелсіздікті көзінің қарашығындай қорғайтын ұлағатты жас өрендерді тәрбиелеу. Әскери-патриоттық тәрбие тек тәртіпке ғана емес, білімге, достыққа, тапқырлыққа жетелейді.

  Мектебіміздің 20 оқушысы салтанатты түрде ант қабылдап, көпшілік алдында Қазақстан Республикасының Ата заңы мен басқа да заңдарын қатаң сақтауға, патриоттық рухты биік қойып, Отанды қорғауға, оның мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға уәде берді.

     Салтанатты жиында жас сарбаздар арнайы әскери киім киіп, саптық жүріс пен жүгенді жаттығулар, қаруды бөлшектеп жинау секілді әскери машықтарды көпшілікке марқая ұсынды.

     Мектеп директоры Қ. Абдрахманов, АӘД пәні мұғалімі А. Қнашин, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері А. Кенжебай "Жас сарбаз" ұйымына өткен оқушыларға ұйымның мүшесі екендігін растайтын куәлік табыс етті.

      Салтанатты рәсімге мектебіміздің ұжымымен қатар аудан әкімінің орынбасары Абылай Базылұлы, білім бөлімінің басшысы Сейіл Мінтайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәкітай Шошымбекұлы қатысты. Өз кезегінде Абылай Базылұлы мен Сәкітай Шошымбекұлы сөз сөйлеп, "Жас сарбаз" мүшелеріне әскери-патриоттық бағытында қойылған мақсаттарға қол жеткізуге сәттілік тіледі. Біздің ұжым да ата-бабаның ұрпақтарына өсиет еткен "Отан үшін" деген ұранның әр жас сарбазымыздың ешқашан ұмыттырмайтынына сенеміз. 

 

 85194863_168731257894326_440059650190711 

    86183219_168730771227708_215106690056034    

 86192875_168731121227673_468596626233596 

 

86481101_168730854561033_527787442286519

84441460_164374798329972_595918374499988
 
86193101_168730941227691_575848351385046

 

Новости