"Жас қыран", "Жас ұлан"
балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны
13.12.2019 жылы алтын ұямызда Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына оқушыларымызды салтанатты түрде қабылдау жиыны өтті.
Сонымен қатар салтанатты жиынға 2 сыныптың ата-аналары және жастар орталығының мамандары да қатысты.
"Жас қыран", "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсаты мен міндеттері - еліміздің нағыз патриоттары болуды, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және дәріптеуді, Отанды, туған жерді мақтаныш етуді, білімге табандылықпен ұмтылуды, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрлерімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қастерлеуді, рухани дүниесі кең тұлғаларды қалыптастыруды, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді, салауатты өмір салтын ұстануды, табиғатты аялауды және ұйымның барлық ережелерін бұлжытпай сақтауды көздейді.
2 сынып оқушылары (барлығы 34 оқушы) осы мақсаттар мен міндеттерге сүйене отырып, салтанатты түрде ант беріп, "Жас қыран" ұйымына қабылданды. Оқушыларымызға көк туымыз түстес галстук пен төсбелгілерді осы жиынға арнайы шақырылған мектеп және тыл ардагерлері мен жоғары сыныптың үздік оқушылары тақты.
Шара барысында директорымыз оқушыларға ардагерлер жайында шағын мәлімет берді. Ал ардагерлерге мектебіміздің мұражайын, "Әлихан залын", кітапханамызды таныстырды. Салтанатты жиын соңында шақырылған қонақтарға оқушыларымыздың дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылып, тамашаланды
Ардагерлер арасынан Оспанова Төлеу мұғалім сөз сөйлеп, оқушыларға жақсы тілектерін айтып, мектебімізге шақырғаны үшін алғысын жаудырды.