Мақсаты: оқушыларға мамандық түрлерi, олардың адам өмiрiндегi маңызы туралы түсiнiк бере отырып, өз бейiмiне сәйкес мамандық таңдай бiлуiне ықпал жасау, кәсiби бағдар беру , түрлi жаттығулар арқылы таным процестерiн дамыту, өз пiкiрiн еркiн айтып, өзгенiң пiкiрiн сыйлай бiлуге, жүйелi ойлауға баулу.
Кәсiби бағдар- бұл ауқымы бойынша экономикалық, мазмұны бойынша әлеуметтiк әдicтерi бойынша педагогикалық күрделi және көп қырлы мәселе.
Жоғары сынып оқушысына әр түрлi мамандықтарға бағдар беруге тура келедi, бұл оңай нәрсе емес, себебi мамандыққа деген қарым- қатынас негiзiнде көбiнесе өзiнiң жеке емес, басқаның тәжiрибесi, яғни ата-аналарынан, достарынан, таныстарынан және т.б алынған мәлiметтер жатыр. Сонымен қатар окушылармен бiрге жумыс орындарға саяхат жасалды. Бiрiншiден өрт сөндiру бөлiмiне бардық. Басшысы Кумаров Ринат Асылмуратулы жумыс орындарымен, аппараттармен және көлiктерiмен тәжирибе барысында көрсетiп таныстырды.