.«Cәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
Жалпы ереже
1.«Қарағанды облысы, Нұра ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің «Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілеріне сәйкес құрылған.
2.«Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме (бұдан әрі мәтін бойынша –мектебі) заңды тұлға болып табылады, жедел басқару құқығына жеке мүлігі бар. Мектептің мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын иеленуге және міндеттерді атқаруға құқылы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген дөңгелек мөрі, мөртаңбасы, маңдайша жазуы және басқа да реквизиттері бар.
3.Мектептің құрылтайшысы Нұра ауданының әкімдігі болып табылады. Нұра ауданының білім беру бөлімінің мемлекеттік мекемені басқарушы болып табылады.
4.Мектеп өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Лицензиялау туралы» Заңдары, басқа нормативті құқықтық актілер және осы Жарғы негізінде жүзеге асырады.
5.Мектеп бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқыту бағдарламаларын, сонымен қатар оқушылардың және тәрбиеленушілердің қосымша білімдерін оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орны болып табылады.
6.Мемлекеттік тілде мектептің толық атауы: Нұра ауданының әкімдігі « Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде мектептің толық атауы: Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа имени Сакена Сейфуллина».
7.Мекен-жайы:100904 Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Ахмет ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесі-03 үй.
8.Мектептің филиалдары және өкілдері жоқ.
Мектеп қызметінің мақсаттары, тапсырмалары және мәні
9.Мектеп қызметінің мақсаттары:
1)Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілді жалпыға міндетті білім стандарттарымен бекітілген тегін орта білім алуға азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру;
2)Негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету;
3)Саналы таңдауға, тереңдетілген және кеңейтілген білім беру бағдарламаларын игеруге дайын, қоғамдағы өмірге бейімделген мәдениеттің жоғары деңгеймен рухани зияткерлік жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
10. Мектеп қызметінің негізгі тапсырмалары:
1)Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, пайда болуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар туғызу, ғалымға және дағдыға қол жеткізу;
2)Жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және жеке тұлғалық мүмкіншіліктерін дамыту, адамгершіліктің және салауатты өмір салтының орнықты негіздерін қалыптастыру, даралық даму жағдайларын құру жолымен парасатты байыту;
3)Азаматтық және отаншылдықты, өз Отанын - Қазақстан Республикасын сүюге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді, халықтық салт-дәстүрлерді құрметтеу, кез келген Конституцияға және қоғамға қарсы қозғалыстарға төтеп беруді тәрбиелеу;
4)Белсенді азаматтық ұстаныммен жеке тұлғаны тәрбиелеу, Республиканың қоғамдық –саяси, экономикалық және мәдениеттік өміріне қатысу қажеттіліктерін, жеке тұлғаның өзінің құқықтарына және міндеттеріне саналы байланысын қалыптастыру;
5)Отандық және дүниежүзілік мәдениетке қол жеткізуге тарту; Республиканың қазақ және басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптарын және салттарын үйрену; мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеру болып табылады.
11. Мектеп қызметінің мәні: жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне оқыту және тәрбиелеу; баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар туғызу; оқушылардың өздігінен білім алуларында жеке қосымша білім алуларында қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.
12. Мектептің Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес келесі ақылы білім беру қызметтерін көрсетуге құқығы бар:
1)Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту;
2)Пәндердің арнайы курстарын және циклдарын қосымша оқыту бойынша;
3)Жеке тәртіпте бөлек оқитындармен оқу жоспары бойынша сағат санынан асатын пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізу;
4)Пән оқушылармен қосымша тереңдетілген оқу бойынша (білім беру бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес келу аясында);
13. Ақылы қызметкер негізгі қызметтің орнына көрсетіле алмайды; мектептің ақылы қызметтерінің бағалары Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте бекітілуі қажет.
14. Ақылы білім беру қызметтерін жүзеге асыратын мектептің және оқушылардың, олардың ата-аналарының және басқа заңдық өкілдерінің қарым-қатынастары сәйкес келісім шарт арқылы реттеледі.
Білім беру үрдісін ұйымдастыру және жұмыс тәртібі.
15. Мектеп ізденуді, дамыта оқытудың жаңа мазмұнын, оны енгізу бойынша формаларын және әдістерін әзірлеуді, тәжірибелі оқу жоспарларын, бағдарламаларды және факультативтік курстарды сынаудан өткізуді ұйымдастыратын білім беру мекемесі болып табылады. Оқыту үрдісін ұйымдастыру, мектепті басқару осы Жарғыға сәйкес жүзеге асады.
16. Мектептің оқыту-тәрбиелеу қызметі мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттары негізінде жетілдірілген және жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламаларды игеруді жүзеге асыратын оқу жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес жүзеге асады.
17. Мектеп Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен анықталған шегінде мектепті мемлекеттік басқару бойынша оқытудың нысандарын, құралдарын және әдістерін таңдауда дербес.
18.Мектеп компоненті:
1)Дамудың жеке бағдарламасын жеке таңдаумен, инновациялық және технологиялық оқытудың қолданумен;
2)Мектептің мақсаттарына және тапсырмаларына жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін жүзеге асатын пәндердің жаңа оқыту бағдарламаларын енгізумен;
3)Жеке тұлғаның жалпы мәдениеттік дамуына жағдай жасайтын, жарамдылық танымының жан-жақты тәсілдерін меңгеруге, оқушылардың ойлағыштық қызметтерін дамытуға бағытталған көзқарасты және гуманистік сананы қалыптастыратын пәндерді және енгізумен қамтамасыз етіледі.
19. Жеке тұлғаның даму жағдайын қадағалау және оқушылардың тәртібін түзету үшін психологиялық талдау қызметі құрылады.
20.Мектептің құрылымын құрайды:
1)әкімшілік-басқару қызметтері(директор және оның орынбасары);
2)қоғамдық ұйымдар, педагогикалық кеңес (бұдан әрі мәтін бойынша Кеңес), Қамқоршылық Кеңес, жалпы мектепшілік ата-аналар комитеті, сыныптар бойынша ата-аналар комитеті, пәндік әдістемелік бірлестіктер.
3)сынып - мектептің негізгі құрылымдық бірлігі.
21.Білім деңгейлері:
Негізгі стратегиялық бағыттың бастауыш білім (1-4 сыныптар) бастауыш сыныптағы оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға, оқытудың дұрыс мотивациясы негізінде қызметтің негізгі салаларында алғашқы бағдарларды және шығармашылықтың бастапқы дағдырын қалыптастыруға көмектесетін дамыта оқыту, балалардың психофизикалық, рухани зияткерлік және музыкалық дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады. Оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - 4 жыл.
Негізгі орта білім (5-9 сыныптар) білім мазмұнындағы жаңаруға бағытталған базалық жан-жақты білімді қамтамасыз етеді, анағұрлым қиын танымдық үрділерге көшу үшін арнайы дағды және білуді қалыптастырады; жалпы дамытатын және арнайы курстарды таңдауды қамтамасыз етеді, оқушылардың жеке жүйесін құру үшін мүмкіндіктер туғызады. Азаматтықты және отаншылдықты, өз Отаны-Қазақстан Республикасын сүюге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді, халықтық салт-дәстүрлерді құрметтеу, кез келген Конституцияға және қоғамға қарсы қозғалыстарға төтеп беруді тәрбиелеу. Оқушылардың кәсіптік бағдарын қамтамасыз ету.
Негізгі орта білім жалпы орта білім алу үшін база болып табылады. Әрбір пәннің мазмұнын оқу негізгі орта білім деңгейінде аяқталады. Негізгі орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімі - 9 жыл.
Жалпы орта білім (10-11 сыныптар) оқушылардың танымдық қызығушылықтарын және шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуды, дифференциялық оқыту негізінде өзіндік оқу қызметтерінің дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Міндетті пәндерге қосымша ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтарын, қабілеттіліктерін және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру мақсатында оқушылардың өздерінің таңдауы бойынша пәндер еңгізіледі, яғни оқушыларға мамандық таңдауда кәсіби бағдар үшін жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша бейімдік оқытуды қамтамасыз етеді.
Жалпы орта бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік (қысқартылған, тездетілген бағдарламалар бойынша) және жоғары кәсіптік білім алу үшін негіз болып табылады. Жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқыту бағдарламаларын меңгеру мерзімі-2 жыл.
22. Мектептің оқушылар саны азаю жағынан да, көбею жағынан да өзгере алады. Осы азаю немесе көбею Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген санитарлық нормативтерді сақтау жағдайлары кезінде мектеп орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетінің қаражаттарына байланысты.Тиісті санды көрсетумен сыныптардың жиынтығы заңнамамен бекітілген тәртіпте бекітіледі және келісіледі. Сыныптардың жиынтығының қалыптасуына жеке жауапкершілікті осы тармақта көрсетілген нормативке сәйкес мектеп директорына артады.
Мектептерде жалпы білім беру сыныптары әрекет етеді. Мектеп сыныптарының тізімі жыл сайын мемлекеттік басқару бойынша салаға сәйкес уәкілетті органымен бекітіледі.
Мемлекеттік білім беру стандарттарымен анықталған пәндер тізімін оқыту кезінде сыныптар 2 топқа бөліне алады.
23.Мектепте толық күнді және жарты күнді қамтитын мектепке дейінгі шағын - орталық құрылу мүмкін.
Мектепке дейінгі шағын - орталық мектептің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және (2) 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды жан - жақты дамыту және баланы тәрбиелеуді және оқытуды ұйымдастыруда, балаларды әлеуметтік бейімдеуде олардың ата-аналарына кеңестік - әдістемелік көмек көрсету мақсатында құрылады.
Толық күнді және жарты күнді қамтитын мектепке дейінгі шағын-орталық қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасының қазіргі нормативті актілерімен анықталады. Мектепке дейінгі шағын-орталықта білім беру үрдісін ұйымдастыру мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың мемлекеттік стандарттарына сәйкес әзірленген және бекітілген балалар дамуының жалпы білім беру бағдарламасымен анықталады және регламенттеледі. Мектепке дейінгі шағын-орталықта және ата-аналар арасындағы өзара қарым-қатынас келісім шарт арқылы реттеледі.
Мектепте мектеп алды дайындық сыныптары құрылу мүмкін. Мектепте жазғы уақытта балалардың денсаулықтарын нығайту үшін жағдайлар жасайды (балалардың күндізгі келуімен мектеп алды лагерінің жұмысы).
Мектеп денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыға сәйкес оқушыларға үйде сабақ беруді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы білім беру және ғылым Министрлігінің нұсқауларына сәйкес аптасына оқыту сағаттарының саны бөлінеді, кесте құрылады, бұйрықпен педагогтердің қызметкерлер құрамы анықталады, өткізілген сабақтардың журналы жүргізіледі. Ата - аналар (заңды өкілдер) сабақты үйде өткізу үшін жағдайлар туғызуға міндетті.
24. Мектепте оқыту сабақтары 1 қыркүйекте басталады және 25 мамырда аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы, сонымен қатар оқу апталарының және демалыстардың саны білім саласындағы мемлекеттік стандарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативті актілеріне сәйкес анықталады.
25. 2017 жылғы 16 тамыздың №611 ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық талаптары негізінде мектепте келесі жұмыс және сабақ тәртібі бекітіледі:
бірінші ауысымда сабақтардың басталуы – 8.00, екінші ауысымда сағат 14.00 - да; сабақ ұзақтығы - 45 минут, үлкен үзілістер екінші және төртінші сабақтан кейін – 15 минуттан екі үзіліс, сабақ арасындағы үзілістер 5 минуттан. Мектепте ыстық тағаммен қамтамасыз ету мектеп асханасында аз қамтылған отбасының балалары, жетім, бала кезінен мүгедек балалар үшін жалпыға міндетті оқу қоры қаражаты есебінен жүзеге асады.
26. Білім беру үрдісін жүзеге асыру үшін мектеп оқыту сабақтарының жылдық оқу жоспарын және кестесін әзірлейді және бекітеді. Мектепте оқыту және тәрбиелеу екі тілде: мемлекеттік (қазақ тілі) және орыс тілінде жүргізіледі.
27. Мектептегі оқушылардың тәртібін, тәрбиеленушілердің, педагогтердің адамгершілік абыройын құрметтеу негізінде құрылады. Оқушыларға қатысты физикалық және психологиялық күш көрсету әдістерін қолдануға тыйым салынады.
28. Сыныптан сыныпқа ауысу оқу жылын аяқтау туралы жыл сайынғы бұйрық немесе нұсқау негізінде үлгерім қорытындылары бойынша мектеп Кеңесінің шешімімен шешіледі.
29. Көшірмелі мектеп бітіру емтихандары көшіру тәртібін реттейтін нормативті актілерге, ҚР білім беру ұйымдары оқушыларының аттестаттау және бітіру қортындыларына сәйкес өткізіледі.
30. Оқушылардың емдеу іс-шараларын өткізуге, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға және оқушыларға дәрігерге дейінгі медициналық қызмет көрсету жауапкершілігі артылатын медициналық медбикемен қамтамасыз етіледі. Дәрігерлік көмек жергілікті отбасылық амбулаторияда іске асырылады.
Мектеп оқушылары медициналық қаралудан кесте бойынша өтеді.
31. ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес мектеп формасы еңгізілу тиісті. Форманың стилі және кию тәртібі ата-аналар комитетімен келісіліп, мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі. 2017 жылғы 28 тамызындағы №1 мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен мұғалімдер үшін мектеп формасы міндетті түрде еңгізіледі.
32. Мектепте саяси партиялардың, қоғамдық - саяси және діни қозғалыстардың және ұйымдардың ұйымдастыру құрылымдарының құрылуына және қызметіне тыйым салынады.
Білім беру үрдісі қатысушыларының құқықтары және міндеттері
33. Жалпы білім беру үрдісінің қатысушылары: оқушылар, педагогикалық қызметкерлер, оқушылардың ата – аналары (оларды ауыстыратын тұлғалар) болып табылады.
34. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарына оқушыларды қабылдау типтік ережесі негізінде қабылданады.
Бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беретін мектептердің білім бағдарламаларын іске асыратын мекемелерге қабылдау үшін құжаттар тізімі Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес болуы тиіс.
1 сыныпқа қабылданатын балалардың заңды өкілдерінен өтініштер маусымның 1-нен тамыздың 30-на дейін қабылданады.оқушылардың қабылдау барысында, мектеп директоры мектепке қабылданған балаларды және заңды өкілдерді жарғымен және басқа оқу процесін ұйымдастыратын құжаттармен таныстырады. Балалар оқушылар құрамына мектеп директорының бұйрығының негізінде қабылданады.
35. Мектеп оқушыларының құқығы бар:
1)Тегін жалпы орта білім алуға;
2)Қызметтің әр түрлеріндегі ерекше жетістіктері үшін мадақтамалар алуға;
3)Оқушының жылдық бағамен келіспеуі жағдайында оны түзетуге;
4)Медициналық қызмет көрсетуге;
5)Кітапхана қорымен тегін пайдалануға;
6)Қосымша (ақылы) білім қызметтерін алуға;
7)Мектептің басқару ісіне қатысуға;
8)Адамгершілік абыройды, ар – ұят және ақпарат еркіндігін құрметтеуге, өз ойын және пікірін еркін жеткізуге.
36. Мектептің діни емес және діни білімінің даралық ұстанымдарын сақтауға міндетті. Әртүрлі формадағы діни тәрбие жіберілмейді.
37. Қорытынды аттестаттауды табысты өткен мектеп түлектеріне мектептің мөрімен расталған тиісті білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
38. Мектепті аяқтау бойынша негізгі орта, жалпы орта білімді аяқтау туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
39. Оқушылар міндетті:
1)Мектеп Жарғысын және ішкі тәртіп Ережелерін орындауға;
2)Шын ниетпен оқуға және мектептің мүлкіне ұқыпты қарауға; мектеп мүлкін оқушылар бұзған жағдайда ата – аналарымен бірге оны қалпына келтіруге және құнын төлеуге;
3)Мектептің басқа оқушыларының және қызметкерлерінің арын және абыройын құрметтеуге;
4) мектептің бекітілген мектеп формасын киюге;
40. Кәмелетке толмаған балалардың ата – аналарының және басқа заңды өкілдерінің құқығы бар:
1)Баланың тілегін, жеке бейімделуін және ерекшеліктерін есепке алып мектепте көрсетілетін, мүмкіншіліктер аясында оқу формасын таңдауға;
2)Қамқоршылық Кеңес арқылы мектептің басқару органының жұмысына қатысуға;
3)Мектептен өз баласына қатысты үлгерім, тәртіп және оқу жағдайына байланысты ақпарат алуға;
4)Мектепте өз балаларын оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестік көмек алуға.
41. Ата- аналар және басқа заңды өкілдер міндетті:
1)өмірлері және оқулары үшін балаларға денсаулық және қауіпсіздік жағдайларын туғызуға, олардың рухани зияткерлік және физикалық күштерінің дамуын, адамгершілік қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2 )бес жастағы балалардың мектеп алды дайындығын қамтамасыз етуге, ал алты жастан бастап оқу орнына анықтауға;
3 )мектеппен қарым - қатынаста болуға;
4)балалардың мектепке келулерін қамтамасыз етуге;
5)балаларды оқулықтармен, мектепке керек-жарақтарымен, мектеп формасымен қамтамасыз етуге.
42.Ата - аналар (оларды алмастыратын тұлғалар) мектептің Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін орындауға және өз балаларын тәрбиелеуге және оқытуға, сонымен қатар мемлекеттік меншікке ықыласпен қарауға жауапкершілік артуға міндетті.
43. Мектепте педагогикалық қызметке орналасу құқығына (оқыту және тәрбиелеу) тиісті кәсіптік білімі бар азаматтар ие болады. Жұмысқа қабылдау кезінде мектеп директоры азаматтық қызметкердің тиісті бос орын лауазымына орналасудың біліктілік талаптарымен басшылық етуге міндетті. Тиісті білімі жоқ азаматтар педагогикалық қызметке орналасуға жіберілмейді. Педагогикалық қызметке азаматтарды қабылдау тәртібін бұзғаны үшін жеке жауапкершілікті мектеп директоры артады.
44. Мектепке педагогикалық қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған тұлғалар жіберілмейді.
45. Мектеп қызметкерлерінің құқықтары және міндеттері тиісті қызмет немесе қызмет түрі үшін Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілермен анықталады.
Мектепті басқару тәртібі және директорының өкілеттілігі
46. Мектепті басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Жарғыға сәйкес жүзеге асады.
47. Алқа басқармасының формасы Мектеп Кеңесі болып табылады.
48. Тікелей басқаруды директор жүзеге асырады.
49. Директор лауазымына тағайындау және босату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асады.
50.Директор өз құзыреті аясында құқылы:
1)өз құзыреті аясында бұйрықтар шығаруға;
2)мектеп қызметкерлерін мадақтауға, тәртіптік және басқа жауапкершілікке тартуға;
3)еңбек заңнамасына, мектеп жарғысына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартуға;
4)келісім шарттарды, сонымен қатар еңбек шарттарын бекітуге;
5)оқушылармен өткізілетін кез - келген сабақтарға қатысуға (шұғыл қажет болмаса сабақ басталғаннан кейін сыныпқа кіру, сабақ барысында педагогқа ескерту жасау құқығынсыз);
6)қажет жағдайларда сабақ кестесіне уақытша өзгертулер енгізуге, сабақтарды болдырмауға, біріккен сабақтарды өткізу үшін топтарды және сыныптарды уақытша біріктіруге;
7)директордың лауазымдық міндеттерінен шығатын басқа да құқықтар.
51.Мектеп директоры жауап береді:
1) Мектеп қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне, оқу жоспарына және оқу үрдісінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларының жүзеге асуына, оқушылардың білім сапасына, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте білім беру үрдісі уақытында мектеп оқушыларының және қызметкерлерінің өмірін және денсаулығын, құқықтарын және еркіндіктерін сақтауға;
2)орынды себепсіз мектептің ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, басқа нормативті актілерді, облыстық және қалалық маңызы бар білім органдарының бұйрықтарын, лауазымдық нұсқаумен бекітілген лауазымдық міндеттерді орындамағаны немесе дұрыс орындалмағаны үшін, сонымен қатар ұсынылған құқықтарды қолданбағаны үшін, еңбек міндеттерін қатаң бұзғаны үшін тәртіптік жаза сапасында еңбек келісім шартын бұзу түрінде тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
3)оқушының жеке басына физикалық және психикалық күш көрсетумен байланысты тәрбиелеудің бір реттік әдістерін қолданғаны, сонымен қатар басқа адамгершілікке жат қылықтар істегені үшін мектеп директоры еңбек заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметінен босатылуы мүмкін.
4)өрт қауіпсіздігі, еңбек сақтау ережелерін, оқыту тәрбиелеу үрдісі ұйымның санитарлық - гигиеналық тәртіптерін бұзғаны үшін мектеп директоры Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
52. Оқушыларды оқудан шығарудың тәртібі және негіздемесі.
Білім беру мекемесінің жарғысын бір неше рет бұзса және құқықбұзушылық әрекеттер орын алса, он алты жасқа дейінгі оқушылар мемлекеттік білім беру мекемелерінен шығарылады.
Әке-шешелерінің қамқорысыз қалған және жетім балаларды мектептен шығару туралы шешім қамқоршы органдарымен келісіледі.
Білім беру мекемесінен шығарылған оқушы оқуын түзету мекемесінде, кешкі немесе жеке меншік мектепте, экстернатпен жалғастыра алады.
Мектептің қаржылық және шаруашылық қызметі және оның мүлігінің
құрылу тәртібі.
53. Мектептің материалдық - техникалық базасын құру және дамыту, білім алуға кепілдеме бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асады. Мектептің мүлігін басқару құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен аңықталады. Мүліктің сақталуына жауапкершілік мектептің материалды жауапты қызметкерлеріне артады.
54. Мектепте факультативтерге және үйірмелерге, клубтарға, ғылыми қоғамдық студияларды ұйымдастыру үшін оқу жоспары негізінде оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға қаражат бөлінеді.
55. Мектептің құжаттары және есеп беруі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
56. Мектептің мүлігі оған құрылтайшымен (меншік иесі) Қазақстан Республикасының заңнамасының тыйым салынбаған басқа көздердің өзіндік қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікті тапсыру (ақшалы қаражаттарды қоса) есебінде қалыптасады.
Мектеп жарғысына өзгертулер және толықтырулар енгізу тәртібі
57. Осы Жарғыға өзгертулер және толықтырулар құрылтайшымен қабылданады және бекітіледі.
58. Осы Жарғыға өзгертулер және толықтырулар бекітілген заңды тәртіпте тиісті әділет органдарымен тіркелгеннен кейін күшке енеді.
Мектепті қайта құру және жою жағдайлары
59. Мектеп құрылтайшысының шешімімен қайта құрылуы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте және жағдайларда жою тәртібінде расталуы мүмкін. Мектептің жойылуы және қайта құрылуы кезінде құрылтайшы өзіне оқушыларды басқа жалпы білім беру мекемелеріне ауыстыру жауапкершілігін алады және мүлікті тапсыру туралы мәселелерді шешеді.
60. Мектеп қызметінің аяқталуы бұл туралы жазбаларды мемлекеттік тіркелімге енгізген кезден бастап аяқталған болып саналады.