back-image
КГУ "Кызылкойская ОСШ"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Кызылкойская ОСШ"

Тәрбие жұмысы сараптамасы 2023-2024 оқу жылы

Тәрбие жұмысының сараптамасы
2023-2024 оқу жылы бойынша Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жылдық жоспар құрылып іс шаралар өткізілді.Жалпыазаматтық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеуде біртұтас тәрбие бағдарламасы  ұлттық адами құндылықтарға негізделген.  
Тәрбие мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері:
-ата-ананың өсиетін тыңдауға, перзенттік парызын түсінуге,  отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге тәрбиелеу;
-ұлттық мұраны қастерлеуге; қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу;
-жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
-денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ой тазалығына және эмоционалды тұрақтылыққа баулу;
-табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.
Бүгінгі өскелең ұрпақ тәрбиесі еліміздің болашақтағы жарқын келбетін айшықтайды. Құндылық адамның өмірлік ұстанымына, таңдауына, шешім қабылдауына ұстын болатын көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын анықтайды.
Әдептілік, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік, ризашылық, бауырмашылдық, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, салауатты өмір салтын ұстану секілді қасиеттерді қалыптастыруға тұғыр болатын ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын дарыту қажет.
Ұлттық мүдде құндылығы Қазақстанның  мемлекеттілігін нығайтуға атсалысуға, оңтайлы имиджін қалыптастыруға, еліміздің мүддесіне, қоғам игілігіне адал қызмет етуге, ұлттық мұраға ұқыптылықпен қарауға және оны дәріптеуге, қазақ тілінің аясын кеңейтуге үлес қосатын, құқықтық, экологиялық мәдениеті жоғары ұрпақ  тәрбиелеуге тұғыр болады.
Ұлттық мүдде құндылығын дарыту арқылы отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл, мемлекеттік  рәміздерді қадірлейтін, елінің тарихын құрметтейтін, ұлттық мұраны, мәдениетті дәріптейтін, құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары тұлға тәрбиелеуді көздейді.
Ар-ұят құндылығы этикалық принциптерді қалыптастыруға, өзін және өзгелерді құрметтеуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, мінез-құлықты нығайтуға және жауапты азамат болуға ынталандырады және мейірімділікке, еңбекқорлыққа баулуды көздейді. Өйткені білім де, ғылым да ерен еңбекпен келеді. Еңбек адам өмірінде маңызды. Адамның рухани дамуына, кәсіби әлеуетінің жетілуіне, қоғамдық сананы жаңғыртуға, ел экономикасын көркейтуге тұғыр болады. Ар-ұят құндылығы академиялық адалдық қағидатын қолдау, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, отбасының, өз ортасының абыройын асыру, әдеп нормаларын ұстану, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну, достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну, мейірімділік таныту арқылы қалыптасады.
Ар-ұят құндылығы арқылы адалдықты жоғары бағалайтын, сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытатын, ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайтын, достарын, сыныптастарын сыйлайтын, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін тұлға тәрбиелеуді көздейді.
Талап құндылығы өскелең ұрпақ бойында мәдениеттілік, табандылық, үнемшілдік, қанағат, ерік-жігер, таза ой мен адал ниетке тұғыр болады. Сол себепті талап құндылығы білім алушылардың сыни және креативті ойлау, жеке және командамен жұмыс істей білу, білуге, жаңаны тануға құштар болу, физикалық белсенді болу,  салауатты өмір салтын ұстану, технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету, дұрыс қарым-қатынас орната білу, уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуға бағытталады. Талап құндылығы құндылығы арқылы жан мен тән тазалығын сақтайтын, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінетін, қоршаған орта тазалығын сақтайтын, ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылығы жоғары, ізденімпаз, жасампаз тұлға тәрбиелеуді көздейді.
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мектебім -мейірім мекені» сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары аясында педагогтер білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастырып, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын ашуға тырысты. Сынып сағатының шеңберінде ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударылды.
   
Сонымен қатар адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында Алаш ұраны күні «Адал азамат-әділетті Қазақстан»,  «Адалдық-атадан қалған мұра», «Әкеге-ізет,анаға-құрмет», «Ұлы дала перзентімін», «Қоғамға қызмет ет», «Оян, ар мен адалдық», «Адал жол-адал ұрпақ» атты сынып сағаттары өтті. 
                    
                                                                                                  Осы жоба негізінде еріктілер ұйымы құрылды. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспарына сәйкес Еңбек күні қарсаңында балалар мен жастардың еңбекке және еңбек адамдарына, еңбек жетістіктеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, еңбекқорлықтың арқасында жетістікке жеткен адамдардың беделін арттыру арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды және қоғамдағы әлеуметтік инфантилизмді азайтуды, өмірде табандылықпен жетістікке жеткен табысты адамдардың үлгі-өнегелерін насихаттау бойынша мектебіміздің тәжірибелі ұстаздарымен «Еңбек адамы» айдары өтті. Білім алушыларды әлеуметтік жауапкершілігі арттыру мақсатында 26-қазан-қоғам және мемлекет қайраткері Нұртас Оңдасын күніне орай «Қоғамға қызмет ет» волонтерлік қозғалысы және «Мен еріктімін » акциясы өтті.
         «Еңбегі адал-жас өрен» жобасы аясында"ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ"атты оқу сауаттылығы апталығының аясында 5,7-8сыныптар арасында "Еңбегі адал жас өрен" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
-1 наурыз- Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған "Алтын жүрек" челленджіне қатысушы 7,8-сынып оқушылары.
-14 наурыз-Көрісу күніне орай челлендж өтті.
      
Жасөспірімдер арасында парасаттылық қағидаттарын насихаттау негізінде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жұмыстары бойынша тәжірбие алмасуға арналған шара өтті. ."Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында өткізілген іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған «Адал ұрпақ» клубтарымен таныстыру , өзін-өзі басқару өкілдерімен "Бейбітшілік пен келісім сабақтары" форматында мотивациялық кездесу өткізілді. 
Қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан ойшыл ұлы Төле бидің 360 жылдығына орай «Адалдық сағаты» ғибратты өмір мен өсиет, даналыққа арналды. 
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында құрылған «Адал ұрпақ» ерікті клубының негізінде «Парасатты азамат» бұрышы жыл сайын жаңартылып отырылады.
«Бір пара-екі қылмыскер» байқауында мектебіміздің оқушысы Төленді Иманәлі 3 орынға ие болып, дипломмен марапатталды.
 
    
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балаларды құмар ойындар мен компьютерлік ойындарға тәуелділіктен  сақтандыру  жұмысын ұйымдастыру бойынша  (лудомания) 2023-2024 оқу жылында жоспарға еңгізілді.Бүгінде білім алушыларды еңбекті құрметтеуге баулу компьютерлік ойындарға деген құмарлықты, жалқаулықты жеңуге, лудомания дертін азайтуға ықпал ету мақсатында жасөспірімдер үшін құмар ойынға тәуелділіктің салдары туралы кешенді түсіндіру жұмыстары, «Қақпан», «Лудоманиядан сақтандыру,мәселесінің алдын-алу және шешу тәсілдері» атауымен аймақтық бірыңғай сынып сағаттары өтіп, деректі фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды. 
            
Сонымен қатар «Ғаламтор қауіпсіздігі» жобасы аясында «Отбасылық дәстүрлер» сынып сағаты мен «Тыныс ал!Қозғал!Өмір сүр!» челленджі ұйымдастырылды.Жоба шеңберінде атқарылатын іс-шаралар мазмұнында білім алушыларға өз уақытын дұрыс, тиімді жоспарлау, қаржылық сауаттылық, шешім қабылдау, мақсатты әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталды.
 
Оқушыларды құмap ойындар мен компьютерлiк ойындардан сақтандыру бойынша «Қаһарман» ұлдар клубы аясында «Құнсыз.Құмар ойыны». «Тұмар» қыздар клубы аясында «Өрмекшінің торы» атты деректі фильм көрсетілді.
         
Оқушылардың әлеуметтiк желiлердi ата- аналар рұқсатымен қолдануы, сонымен қатар түнгi мезгiлде интернеттi қолдануды шектеу және оның денсаулыққа кері әсерлерін айқындау мақсатында ата-аналар арасында «БАНИ : Бала.Ана-ата.Наразылық.Интернет» атты ДТІЖО Мурсалбеков Б.К. және мектеп медбикесі Мабиева О.Е.түсiндiру жұмыстарын жүргізді.
     
«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық пен мемлекеттілікке ерте тәрбиелеу мақсатында жүзеге асырылады.Осы жоба негізінде ғұмырын қазақ тілі білімінің негізін салып, қазақ әдебиетінің дамуына арнаған көрнекті қоғам қайраткері, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасы арқылы оқушыларға танымдық тәрбие беру мақсатында 5-қыркүйек-Ахмет Байтұрсынұлы күні,  «Толық адам» Абай ілімі сынып сағаттары және «Ұлы даланың -ұлтаралық тілі» атты Тілдер күніне орай онкүндігі өтті. Онкүндік «Тіл- кемел болашақ тұғыры» атты салтанатты жиынмен басталып, «Мемлекеттік тіл,-менің тілім»  атты үш тілде құттықтау репортажымен жалғасты. Жеткіншектің жеті жарғысы жобасы аясында 10 қаңтарда қазақ халқының дарынды жазушысы Ілияс Есенберлиннің 109 жыл толуына орай 9 сыныппен жазушының өмірбаяны, марапаттары мен шығармашылығы жайлы сөз қозғалды.Іс-шара соңында "Көшпенділер" (трилогия) тарихи эпопеясына талқылау жасалды.
            
 
28 қыркүйек- Қазақ жазушылар күні «Кітапқа жазылмаған тарих» атты Ерлік сабақтары, Қожа Ахмет Яссауидің 930 жылдығына орай «Қожа Ахмет Яссауидің хәл хикмет ілімі» сынып сағаты, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу аясында Рухани келісім күнінде «Өнегелі өмір» сынып сағаттары,  Абай ілімін насихаттау негізінде«Бес нәрсеге асық бол...» сынып сағаттары мен Республика күніне орай «Ел тірегі» , Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан-біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ» атты іс-шаралар өтті. Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай кітапқұмарлар фестивальі ұйымдастырылды.
 
          
 
 
Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс -жүзінде асыра білуге үйрету. Тәртіптілікке , сақ болуға, көшеде өздерің дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу мақсатында осы жоба негізінде «Балалардың көшеде, жолда жүру ережелері», «Көше күтпеген оқиғаларға толы», «Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудің негізгі ережелері»,  «Жол жүру ережелерін білеміз бе?» тақырыпта сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті.
 
                
 
«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында 
 
                          
 
 
 
 
 
 
15-22 қаңтарда "Менің болашақ мамандығым" кәсіптік бағдар беру апталығы өтті. Мақсаты: оқушылардың саналы кәсіби өзін—өзі анықтауы үшін жағдай жасау, қоғамда әлеуметтік кәсіби бейімделу қабілеттерін қалыптастыру. 
Жауапты: Кәсіби бағдар беруші педагог М. К. Кокузов. Тақырыбы: Менің болашақ мамандығым. “Барлық мамандықтар маңызды, барлық мамандықтар қажет”,"Мамандық таңдаудағы қателіктер"  сынып сағаттары, "Жасөспірімдердің кәсіби өзін —өзі анықтауы" тақырыбындағы әдебиеттер көрмесі өтті, ауылдың медбикесі Гүлнар Бейсенқызымен кездесу ұйымдастырылды, "Біздің ата —анамыздың мамандықтары" атты сурет байқауы өтті, 9 сынып оқушыларынан Дж.Голланд сауалнамасы алынды. "Менің болашақ мамандығым" тақырыбындағы кәсіби бағдар беру апталығы аясында 5—9 сыныптар арасында қабырға газеттерін шығару шарасы өтті.
    
      17 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында "ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" АКЦИЯСЫ өтті, оқушылардың позитивті қарым-қатынастары мен эмоционалдық әл-ауқатын дамыту мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамашылдығымен ұйымдастырылды.
Бастама достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін ынтымақтастық арқылы позитивті қарым-қатынастың ең тиімді жолдарын іздеуде оқушылар қауымдастығын біріктіруге бағытталған.
-"ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ"атты оқу сауаттылығы апталығының және Досболlike акциясы аясында пән мұғалімдері арасында "Бастауыш сынып пен орта буын арасындағы оқу сауаттылығын дамытудағы сабақтастық" атты коучинг өткізілді.Жауапты: Смаилова С.Қ ,Елеу А.Т
-Математика апталығы жоспары және Досболlike акциясы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында «Мен математикамен доспын» тақырыбында ребустар, сөзжұмбақтар сайысы өтті.
-«Қалаймын-жасай аламын-жасаймын» формуласына сәйкес ортақ мүдделер мен бірлескен қызмет негізінде оқушылар өз ойларын жазып, достық алақанын жасады.
-"Досболlike" акциясы аясында мектебімізде "Bauyrsaq Party" іс-шарасы өтті.Іс-шара мақсаты достық атмосфера құру, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойына дарыту. 
 
       
      
 «Төрт тоқсан-төрт өнер» жобасы аясында «Мәңгілік ел және ұлы дала құндылықтары» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері "Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбында бейнеролик түсірді.
-5,6-сынып оқушыларымен музыка пәнінен ақын Оразалы Досбосынұлын еске алуға арналған танымдық сабақ өтті. " Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени - ағартушылық жобасының іс- шаралар жоспарына сәйкес,Ұлы даланың рухани байлығы мен ұлы мұрамызды, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында " Мәңгілік ел және ұлы дала құндылықтары" тақырыбында 7-9 сынып білім алушылармен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында ата-бабаларымыздың аңсаған азаттығы мен батыл ерліктері туралы айтылып, келесі ұрпаққа,болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау ендігі өздерінің міндеттері екендігі туралы айтылды.Ұлттық құндылықтар: ана тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз, тарихи, мәдени бай мұраларымыз - бабадан мирас болып қалған көне жәдігерлеріміз туралы білім алушылар өз ойларын ортаға салып, бейнеролик дайындалды.
Өткізген :тарих пәні мұғалімі-Ш.Ж.Артықбай мен ДТІЖО-Б.К.Мурсалбеков.
 
 
   
 
“Төрт тоқсан-төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының тұжырымдамасы аясында “Сөз зергері-өрнектеген өмірді” атты портреттік кеш ұйымдастырылды. Мақсаты оқушылардың айтыс өнеріне, тілге,елге деген сүйіспеншіліктерін ояту, ақындардың қайталанбас шыншылдық, ақындық, жыраулық, термешілік қасиеттерін насихаттау. Оқушылар кеште ақындардың шығармашылығымен танысып, өлеңдерінен үзінділер оқып, өмірбаянымен таныстырды.
   
"Төрт тоқсан-төрт өнер" мәдени ағартушылық жобасы аясында, тарих пәні бойынша білім алушылар "Тарихқа тағзым" атты викториналық сайыс өткізді.Мақсаты: дәстүр мен жаңашылдық, Отан тарихының ақтаңдақ беттерін және өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болған әрі елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау. Тәуелсіз Қазақстандағы тіл мәселесінің өткені мен бүгіні, түркі халықтарының ұлы тұлғалары әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Абай Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім еңбектері жайында пікір алмасу болып табылады.
Жауапты: Ш. Ж. Артықбай
    
"Ұстаздар күні" мерекесіне орай 2 қазан  күні оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында "ДУБЛЕР КҮНІ" өткізілді. 
Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытып,белсенді ат салысты.
Сонымен қатар, жүргізілген шарада мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін  9- сынып оқушылары атқарып, оқушылар өздері бір күн мұғалімдерге дублер болды.Дублёр күні оқушылар сабаққа ынта ықыласпен дайындалып, түрлі әдістермен тәжірибелер көрсетіп, төменгі сынып оқушыларын қызықтыра білді. 
Оқушылар пән мұғалімдері мен қатар мектеп әкімшілігіне де дублер болды. Алдын ала оқушылардың қызметі түсінідірілді.
Мектеп қызметкерлері тек бақылап бағыт бағдар беріп отырды. Оқушылар жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді толығымен орындады. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар "Дублер күні" алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікір алмасты. Мектеп әкімшілігі мүшелері,пән мұғалімдері де оқушылардың міндеттерін қалай атқарғаны жөнінде пікірлерін білдірді. Бір күн дублер бола отырып, мектеп өмірінің бір күндік тыныс тіршілігіне араласып оқушыларымыз оң әсер алды.
        
  «Төрт тоқсан-төрт өнер» жобасы және «Тоғыз айға тоғыз шара» аясында «Алтын сақа» және «Асық ату» челленджі өтті.Ұлттық ойындар - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиялы мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы.Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады.Осыған орай, мектебімізде "Бес асық"," Бес табан" ойындары өтті.
Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау.
Жауапты: З. О. Казангапов, М. Жұмағалиұлы
                 
       Республика күніне орай 5-9 сыныптар арасында «Менің Қазақстаным» атты қабырға газеттер байқауы өткізілді. Нәтижесінде І орынға 9 сыныбы, ІІ орынға 5 сыныбы және ІІІ орынға 8 сыныбы ие болды. Сондай-ақ "Үздік суретші" атағын 9 сынып оқушысы Қайратқызы Айзат иеленді. Республика күніне орай ауылдық кітапханада "Гүл жайнаған Республикам менің" тақырыбында кітап көрмесі өтті. Көрмеде оқушылар "Менің елім"," Мәңгілік ел-Қазақстан", "Қазақстан-қарашаңырағым" және т.б. кітаптармен танысты. Көрменің мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге,   
Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Кітапханашы А.Саугабекова  білім алушыларды кітап көрмесімен таныстырып, Еліміздің Отан болып қалыптасуында халқымыздың даналығын, қайтпас қайсарлығын, Қазақстан халқының достығын, төзімділігін, жеткен жетістігін,  ұлттық құндылықтарын насихаттады. "Менің сүйікті Отаным" тақырыбында сурет көрмесі өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен Қазақстанның тарихына және мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру. 19-қазан Жігіттер күніне орай "Тәуелсіз елдің Ұланымын" атты дойбы мен тоғызқұмалақ ойындары өтті.Мақсаты: жасөспiрiмнiң ақыл-ойын шыңдап, ми қызметiн жетiлдiретiн зияткерлік ойындарды насихаттау.Өткізген: М. Жұмағалиұлы, З. О. Казангапов
 
              
Мектепте 16 қазан күні "Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени - ағартушылық жобасы аясында ұлттық киім күні ұйымдастырылды. Мақсаты: ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осы күні  оқушылар мен мұғалімдер үстеріне ұлттық стильдегі әр түрлі әрлендірген барқыт камзолдар, шапандар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер, ұлттық  бас киімдер, ұлттық ою-өрнекті білезіктер мен сырғалар тағып, жас ұрпақтың ұлттық әшекейлерге қызығушылығы артып,  өз тарихымыз бен әлі күнге дейін әлемдік деңгейдегі киім тігу шеберлеріне шабыт беретін керемет нәрселер жасаған бабаларымызға құрмет көрсетуге шақырды.
                       
"Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында “Ұлы даланың ұлы есімдері” Тарихи танымдық кеш өтті.
Мақсаты: Қазақстаның ұлы тарихи тұлғалармен оқушыларды таныстыру,Тарих ғылымындағы тұлғатанудың өзекті мәселелерін түсіндіру. Танымдық кеш арқылы ұлттық тарихтың өзекті мәселелерін саралау, аталған көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің өмірі мен қызметі, ұлтқа сіңірген еңбегі арқылы оқушыларымызға отансүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеу.Жауапты: Ш. Ж. Артықбай
       
"Төрт тоқсан-төрт өнер" мәдени ағартушылық жобасы аясында "Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы" атты пікірталас өтті. Халқымыздың көнеден жібі үзілмей келе жатқан өнердің бірі - айтыс. Осынау ұлы мұраны насихаттау мақсатында "Төрт тоқсан-төрт өнер” ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында "Ұшқыр ой алаңы" дебат үйірмесінің сынып білім алушылары арасында "Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы” пікірсайыс өткізді. Пікірсайыс барысында екі фракция ойын алаңын ашты. Бірі байырғы айтысты қозғаса, екіншісі жаңа ақындар айтысын қолдап екі фракция ойын алаңын керемет жандардырды. Нәтижесінде: "Жаңа Қазақстандағы ақындар айтысын дамуына өз үлестерін қосатынан болашақ жастардың қолында екенін көрсете білді.
Жауапты: Ш. Ж. Артықбай
          
 
“Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында "Бізді ақылды еткен кітап - дана" атты кітап керуені ұйымдастырылды. Кітап керуенінде қазақтың көрнекті ақындары мен жазушыларының кітаптары таныстырылды.
Жауапты: Г. К. Қыздарбекова
   
       "Өнегелі өмір" жобасы және "Математика пәні мұғалімімен бір күн" тақырыбы негізінде, бастауыш сынып оқушылары мектебіміздің математика пәні мұғалімі Касимова Маран Тунгышбековнамен кездесу ұйымдастырды. 38 жыл еңбек өтілі бар ұстаз осы саланы таңдау себебін айтып, өзінің педагогикалық жолындағы қызық сәттерімен бөлісті. 
     
       "Өнегелі өмір" жобасы аясында Еңбек күніне орай «Еңбек адамы» айдары өтті. Сұхбат беруші: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смаилова Салтанат Қуандыққызы, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кусаинова Салтанат Рақымжанқызы, математика пәні мұғалімі Касимова Маран Тунгышбековна.
Сұхбат алушы: Өзін өзі басқару ұйымы. Ақпарат фракция жетекшісі Төленді Иманәлі.
 
      
 
«Тоғыз айға  9 іс-шара» тұжырымдамасы  білім беру ұйымдарында тоғыз айдағы іс-шараларды өткізудің атаулары мен бірыңғай тәртібін реттейді.
Тұжырымдама өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде ай сайынғы іс-шараларды өткізуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шараның тақырыптары, ережелері, мазмұны бірыңғай тәсілдеме арқылы жүзеге асырылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережесі, сондай-ақ білім беруді ұйымдарында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау бойынша ғылыми ұсыныстар негізінде әзірленді.
Тұжырымдамалардың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: «Тоғыз айға  9 іс-шара» аясында білім беру ұйымдарында іс-шаралар өткізудің мазмұнын мен бірыңғай тәсілдемесін әзірлеу.
Міндеттер:
1) іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің бірыңғай форматын әзірлеу; 
2) іс-шараларды өткізудің бірыңғай форматы арқылы білім беру ұйымдары арасында ынтымақтастық орнату; 
3) білім алушылар бойында ұлттық құндылықтарды дарыту.
«Тоғыз айға  9 іс-шара» жоспары
қыркүйек Сергіту сәті
қазан Әнұран айту
қараша Асық ату
желтоқсан Шығарма жазу: болашаққа хат
қаңтар Қазақ есебі
ақпан Оқуға құштар мектеп
наурыз Домбырашылар
сәуір Шахмат ойнау
мамыр Жасылмекен
 «Домбырашылар»  челленджі
Домбыра – қазақ халқының қастерлі ұлттық музыкалық аспабы. Бабаларымыздан мирас болып қалған домбыраның тарихи тамыры ғасырларға ұласады. Домбыра – баға жетпес жәдігер, қазақ халқының бойтұмары.
Домбыра тарту арқылы білім алушылардың бойында қазақ халқының мәдени мұрасы дариды, рухани дамуына көмектеседі, эстетикалық тұтастықты қалыптастырады. Домбырада ойнаудың арқасында ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас қалыптасады, отансүйгіштікке, бірлікке, сенімге, қонақжайлылыққа, мейірімділік пен ынтымақтастыққа, айналадағы адамдарға, табиғатқа деген етене жақындық сезіміне тәрбиеленеді, осылардың негізінде шығармашыл тұлға және оның рухани-адамгершілігі қалыптасады.
Мақсаты: Білім алушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, балалардың домбыра тарту мәдениетін насихаттау, еліміздің мәдени мұрасын сақтау. 
Міндеттері:
қазақ халқының музыка өнеріне деген қызығушылығын ояту;
орындау дағдысын қалыптастыру;
қазақ халық аспаптарының тембрлі дыбысы туралы білімдерін кеңейту;
домбыра тартуда музыкаландырудың ұжымдық түрін жетілдіру.
Өткізу мерзімі: 17.03.2023 ж
Уақыты: түскі 12:00
«Домбырашылар»  челленджі– балалар мен жастардың, ұстаздар мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны насихаттау.
Орындалатын шығармалар: «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай» күйлері
 
«Тоғыз айға  9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай 20 наурызда "Күй күмбірі" челленджі аясында 9-сынып білім алушысы Төленді Иманәлінің орындауында "Әлқисса" күйі.
 «Шахмат ойнау» челленджі
Шахмат – көне тарихы бар зияткерлік ойын. Қазір - ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахматтың тәрбиелік мәні бар: ол тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, логикалық ойлауға және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйретеді, зейіннің шоғырлануын дамытады.
Шахмат – жинақылық, сыни тұрғыдан ойлау, абстрактілі ойлау, есептерді шешу, үлгіні тану, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық, талдау, синтез және бағалау сияқты өмір бойы ақыл-ой дағдыларын дамытатын шексіз зияткерлік жаттығулар.
Мақсаты: білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
білім алушылардың шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру;
білім алушылардың сыни және логикалық ойлауын дамыту;
челлендж қатысушылары арасында қарым-қатынасты жақсарту;
еліміздегі білім алушылар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау.
Өткізу мерзімі: 12.04.2023 ж
Уақыты: түскі 12:00
«Шахмат ойнау» челенджі – оқушылардың интеллектуалдық қабілетін шахмат ойыны арқылы көрсету.
Ойын шарттары:
Ойын ФИДЕ ережелері бойынша өтеді. Екі топ арасындағы шайқас: біріншісі – білім алушылар тобы, екіншісі – педагогтер тобы. Ойын рапид уақытымен бақылау арқылы өтеді.   Қатысушыларға жеңісі үшін – 2 ұпай, жеңілісі үшін  – 0 ұпай, тең ойынға – 1 ұпайдан беріледі. Әр шахмат тақтасының нәтижесі бойынша жеңімпаз топ анықталады. 
#игравшахматы #қазақстаншахматшылары #шахматойыны #яшахматист
 
   
 
«Жасыл мекен» челленджі
 
«Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбек құндылығын қалыптастыруға, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.
«Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті дарытуға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, қоршаған ортаға ғана емес, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған. Көшеттер отырғызу «мұғалім – білім алушы – ата-ана» үштігінің қарым-қатынасын нығайтуға көмектеседі.
Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу.
Міндеттері:
білім алушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту
білім алушылардың табиғатқа ұқыптылықпен қарауын дамыту
еңбекке деген құрмет сезімін ояту;
Өткізу мерзімі: 12.05.2023 ж
Уақыты: түскі 12:00
 «Жасыл мекен» білім алушының еңбекетудегі белсенділігі мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетеді.
білім беру ұйымдарына қарасты барлық аймақтарда бір мезгілде жүзеге асырылады.
Әрбір білім беру ұйымы сайысқа қатысушылардың киімдері мен көшет отырғызатын орынды өз ықтиярымен анықтайды.
# табиғатқақамқорлық
# заботаоприроде
# жасылмекен
# еңбекқорлық
 
   
 
«Сергіту сәті» челленджі
Бүгінгі таңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясат оқу-тәрбие процесінің денсаулық сақтау моделін жетілдіруге бағытталған. Осы стратегияны іске асыру үшін білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын сақтауға бағытталған түрлі педагогикалық технологиялар, іс-әрекет түрлері ұсынылады.
Білім алушылардың оқу күні айтарлықтай психикалық және эмоционалдық жүктемелерге толы, ұзақ уақыт статикалық күйде болу бұлшықеттердің шамадан тыс күш түсуіне әкеледі. Педагогикалық тәжірибеде өнімділікті тез қалпына келтіру үшін сергіту сәттерін қолдану тиімді екенін көрсетеді.
Сергіту сәті – бұл физикалық жаттығулардың шағын жиынтығы, сондықтан оларды орындау кезінде түрлі бұлшықет топтары қамтылады.
Сергіту сәті – білім алушылардың ұзақ монотондыпозасынан туындаған статикалық кернеуді жеңілдету мақсатында сергіту сәті жаттығуларын өткізуге арналған сабақ процесіндегі қысқа мерзімді үзілістер. 
Олардың мақсаты – шаршаудың алдын алу, ақыл-ой қабілетін қалпына 
келтіру, дене бітімі бұзылуының алдын алу.
Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтын насихаттау
Міндеттері:
- физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету;
- оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету;
- балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.
Өткізу мерзімі: 08.09.2023 ж.
Уақыты: 12:00 с.
Сергіту сәті челленджі – салауатты өмір салтын насихаттау.
#физкультминутка #зож #сергітусәті
#явыбираюспорт #менспорттытаңдаймын
       
 
«Әнұран айту» челленджі
 
Әнұран – мемлекеттің ең маңызды рәміздерінің бірі. Әнұранның Ұлттық ерекше аспектісі бар. Әнұран арқылы қазақ даласы әрбір қазақстандықтың өсуі мен қалыптасуының қасиетті бесігі ретінде жырланады.
Әнұран маңызды дыбыстық рәміз ретінде әрекет ете отырып, әрбір қазақстандықтың өз еліне, жеріне, халқына деген мақтаныш сезімін ояту мақсатында әнұранды орындай отырып, адамның рухани жағдайы мен өз еліне мақтаныш сезімі асқақтайды.
Әнұранды орындау – ең алдымен, қазақстандық патриотизмді, азаматтықты қалыптастырады және әрқайсымыздың жеке басымызды дамыту мен қалыптастырудың басым бағыттарының бірі. Шынында да, мемлекеттік рәміздің әр элементінде терең мағына бар. Барлық білім беру ұйымдарында білім алушылар сөздерді жақсы білуі және Әнұранды айта білуі қажет.
Мақсаты:
білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету.
Міндеттері:
- білім беру ұйымдарының барлық білім алушыларының ел әнұранының мәтінін жатқа айту;
- еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал ету;
- білім алушылардың бірлігі арқылы өз Отаны үшін қадір-қасиет сезімін қалыптастыру.
Өткізу мерзімі: 23.10.2023 ж.
Уақыты: 12:00 с.
         #казақстангимні #меніңотанымқазақстан
 
«АСЫҚ АТУ» челленджі
Ұлттық ойындар – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиялы мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. Асықты нысанаға алғанда қан тамырларының жұмысы жақсарады, ал қолға ұстап иіргенде, саусақ пен алақандағы жүйке нүктелері үйкеліске түсіп, ми тынығады. Ойын арнайы орынды талғамайды, үй ішінде, ашық алаңдарда, мектеп, балабақша аулаларында өткізуге болады.
 
Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау.
Міндеттері:
- қазақ халқының ұлттық ойындарын жаңғырту және насихаттау;
- қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу;
- оқушыларды асық ойынына баулу.
Челлендж қатысушыларына ұсынылатын ойындар:
1)«Бес табан» ойыны мергендікке тәрбиелеуді көздейді.
\«Бес табан» ойыны R4 (ø400см) шеңберде ойналады, шеңбердің екі жағындағы ату сызық (асық тігілген көнен қашықтығы 5 метр оңға және солға) сызылады.
Шеңбердің ортасына көн сызығы (115см) сызылады және оған екі жағынан  паралелль сызық (15см) түседі 13 асық тігіледі, бірінші болып 7 асықты атып алған команда немесе ойыншы  жеңімпаз атанады.  
Әр команда үш ойыншыдан тұрады. 1-сақа, 2-сақа, 3-сақа
Ату кезеңін төреші сақаларды иіру арқылы анықтайды және ойын уақытын 15 минут белгілейді. Ойын 2 жеңіске дейін жалғасады. Ойынға қатысушылар ату сызығынан (115см) кезек бойынша шеңбер ішіндегі көндегі асықтарды атады.  Мұнда көнге тігілген кеней асықтардың арасы бір сақа тең болуы шарт және кенейлер алшысы жағынан бүк, шік болып тігіледі. 
Ату кезінде сақа тиген кеней асық шеңбер сызығынан өтуге міндетті, егер асықты сызықтан шығарып алса  ойыншыға мүмкіндік береді, төреші ойыншыға шеңбердің (ø400см) сыртынан яғни белгіленген ортадағы сызықтан көндегі кеней асықтарды атуға рұқсат береді, атқан асығы шеңберден шықса, ойын  ары жалғасын табады, шығара алмаса кезек ату сызығынан қарсылас ойыншыға беріледі.
2) «Бес асық» ойыны ептілік пен алғырлыққа баулиды
Әр ойыншыда бес асықтан болады. Асықтың салмағы (11гр. ені 2см; ұзындығы 3.5см; 9 гр. ені 2 см. ұзындығы 3 см.) кем болмауы керек, (ұсақ малдың асығы ойын алаңына қатыстырылмайды) ал жоғары болуына рұқсат. Асықтар сіңірінен жақсылап тазартылған болсын. Төрт асық бір түспен, хан басқа түспен боялады. Түстерді таңдау ойыншының өз еркінде. Ойыншының киім нысаны спорт үлгісінде немесе ұлттық үлгіде, аяқтарына мәсі немесе чешки болуы шарт.
Ойын кезегі асықтарды иіру арқылы анықталады. Асығы алшысынан түскен ойыншы ойнау кезегіне ие болады. Бірінші ойыншы ойынның ережесін бұзғанша ойнайды. Кейін ойынға екінші, үшінші ойыншы өз кезегімен кіріседі. 6, 7 ,12 және ұпайдан басқа ойындар бір қолмен ойналады. Ойыншы жерден (кілемнен) асықтарды алғанда, асық алатын қолы басқа асықтарға тимеуі және кілемде жатқан ойын асықтары бір-біріне тимеуі керек және де асықтарды иірген кезде, ойнап жатқан кездерде қол да, асықтар да дене мен киімге жанаспауы керек. Екінші қолы тізесінің үстінде болуы шарт. Әр жаттығудан кейін ойынды бекіту. Әр жаттығуда хан бірден алынады, басқа жағдайда ойын кезегі келесі ойыншыға өтеді. Егер ойын барысында ереже бұзылса, кезек келесі ойыншыға беріледі. Ойын жалғасы әрекеттің бұзылған жерінен басталады. 
#асықату
#мояродинаказахстан 
#меніңотанымқазақстан
#моястрана
#меніңелім 
                 
«Шығарма жазу: болашаққа хат» челленджі
Челлендж студенттердің эссе жазуға бағытталған, осылайша жазу арқылы өз ойын білдіру дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Шығармаларды "Тәуелсіз Қазақстандағы жетістіктерім", "менің болашағым", "менің елім үшін болашағым" және т. б. тақырыптарға жазу ұсынылады.
Челлендж білім алушылардың өз ойын қағаз бетінде жүйелі жазуға, ішкі тұжырымдарын сөзбен жеткізуге үйрету арқылы жазылым дағдысын жетілдіруге бағытталған. 
Челленджде жазуға ұсынылатын шығарманы хат жазу түрінде жазғызуға болады. «Тәуелсіз Қазақстандағы менің жетістігім», «Менің болашағым», «Еліммен бірге болашаққа апарар жол»  т.б. ел тәуелсіздігі күні қарсаңындағы әр білім алушының ел тағдырымен өз болашағы арасындағы сабақтасты туралы ойлануына негіз болатын тақырыпты ұсынуға болады. Шығарма тақырыбын таңдауда білім алушылардың жас ерекшелігін ескеру қажет.
Жалпы, жазу – бұл баланың өзінің жинақталған білімін білдіру. 
Мақсаты: Білім алушыларға өзінің жеткен жетістіктері, алға қойға жоспарлары мен болашағы туралы шығарма жазу
Міндеттері: 
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Өз ойларын қағаз бетіне жүйелі жазып жеткізу дағдыларын жетілдіру
Білім алушылардың өзін-өзі дамыту және сыни ойлау дағдыларын жетілдіру.
Өткізілетін күні: 13.12.2023 ж.
Уақыты: 12:00
«Шығарма жазу: болашаққа хат» ЧЕЛЛЕНДЖІ барлық білім беру ұйымдарында білім алушылар өз жетістіктері туралы бір уақытта шығарма жазуды ұсынылды.
#моеписьмо
#моебудущее
#шығармажазу
     
«Қазақ есебі»челленджі
Математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруға ықпал етеді.  
Математикалық есептерді шешу білім алушыларды ойлануға, модельдеуге,  болжауға және нақты мысалдарды дәлелдеуге негіз болады, бұл күнделікті өмірде ең қарапайым және күрделі мәселелерде оң шешім қабылдауына әсер етеді.
«Қазақ есебі»челленджі ф-м.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математикЖұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналады. 
Мақсаты: білім алушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету
Міндеттері: 
Білім алушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту;
Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту;
          Математикалық білімнің өмірмен байланысын көрсету.
Өткізілетін күні: 26.01.2024 ж.
Уақыты: 12:00
«Қазақ есебі» челленджібілім беру ұйымдарында бір уақытта А.Жұмаділдаевтің ұсынған есептерін шығаруды қамтиды  
 
«Оқуға құштар мектеп»челленджі
Қазіргі уақытта білім беру және мәдени саясаттың жалпыұлттық міндеті – білім алушыларды көркем әдебиетті оқуға тарту, оқу мәдениетін дамыту және кітап оқудың құндылық ретіндегі беделін арттыру. Көркем әдебиетті оқу – еркін сөйлейтін, ойын дұрыс жеткізетін, сауатты жазуға қабілетті ақыл-ойы дамыған, рухани-адамгершілік тұрғыдан жетілген тұлғаны әлеуметтендірудің және дамытудың маңызды құралы.
Кітап оқу өз кезегінде білім алушылардың кітап оқу белсенділігін арттыруға және оқу мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Көркем әдеби-шығармаларды оқу негізінде білім алушылардың рухани дүниесін байиды, ой-өрісі мен дүниетанымы кеңейеді.
«Оқуға құштар мектеп» челленджіотандық және әлемдік озық шығармаларды насихаттауға, білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын, оқу сауаттылығын арттыруға, оқыған кітабын жалпылау және талдау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашалық қиялын қалыптастыруға, кітап оқуға құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар челлендж білім алушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға да негіз болады.
Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту.
Міндеттері:
Білім алушының функционалдық оқу дағдысын және шығармашылық қиялын дамыту
Білім алушының кітап оқуға қызығушылығын ояту
Білім алушыларда оқыған кітаптарының мазмұны мен сүйікті кейіпкерлерінің мінез-құлқы туралы өзара талқылауға негізделген қарым-қатынас жасау мәдениетін дамыту  
Өткізілетін күні: 28.02.2024 ж.
Уақыты: 12:00
Оқуға құштар мектеп челленджі – кітап оқу мәдениетін дәріптеу.«Сүйікті кітабым» көрмесін ұйымдастыррылды.
#оқуғақұштармектеп
 
               
«Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» республикалық онкүндік жоспары аясында жоспар құрылып,іс-шаралар өткізілді.
-«Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын!» Мақсаты:оқушыларды көркем шығармаға баулу арқылы, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бар мүмкіндіктерді ашу.
-«Бала құқығы – асыл қазына» 7,9-сынып арасында "Бала құқығы-асыл қазына" атты эссе байқауы өтті.
-«Түнгі қаладағы балалар» рейд."Түнгі ауылдағы балалар" республикалық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты: Ауыл жастарының құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық, қылмыс белгілерімен және жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
-«Тегін білген текті елдің ұрпағымыз!» 5,6 сынып арасында 2 топ-Қырандар мен Көкжалдар командасы құрылып, "Тегін білген текті елдің ұрпағымыз!" атты зияткерлік этно-сайыс өтті. Топ жарып шыққын Көкжал тобы болды.
Мақсаты: Оқушыларға ұлтымыздың салт- дәстүрін үйрете отырып, сайыскерлер арасынан топ жарып шығар дарабозды анықтау.
-«Мен бақытты баламын!» 3,4 сынып оқушыларымен "Мен бақытты баламын" атты зияткерлік сайыс өтті.
Мақсаты:«бақыт», «сүйіспеншілік», «қуаныш» туралы түсінік беру, адами қасиеттерін дамыту, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
-«Мен және менің құқығым» 8,9 сыныпта “Мен және менім құқығым” сынып сағаты өтті. Өткізілу форматы: Пікірсайыс.
Мақсаты:Ең бастысы оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенің ұғындыру.
 
             
 
 
 
 
 
«Әкелер жолы – ізгі жол» Әкелер айлығы аясында 05.02.2024- 26.02.2024 аралығында жоспар құрылып іс- шаралар өтті.
-"1001 мақал, 101 жұмбақ" зияткерлік сайысы."Әке жолы-ізгі жол" айлығы аясында 3-4 сыныптар арасында Quizziz платформасында "1001 мақал, 101 жұмбақ" зияткерлік сайысы өтті.
-"Әке жолы-ізгі жол" айлығы аясында "Әкешім-бәйтерегім" виртуалды поэзия сағаты
-"Әке жолы-ізгі жол" айлығы аясында "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша 3-сынып "Жаңылтпаш айтқан жалықпас" іс-шарасы өтті.
-1 наурыз-Алғыс айту күніне орай "Мен әкеммен мақтанамын" және  "Әкешім менің мақтанышым"  оқушылар шығармашылығы
- Әкелер айлығы аясында "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттын қамын жер " отбасылық фотоколлаждар
                
- Әкелер айлығы аясында "Қарағандым-мақтанышым! " отбасылық фотоколлаждар
- Әкелер айлығы аясында 4-сынып оқушылары Ы. Алтынсаринның "Әке мен бала" әңгімесін оқып ой толғау жазды.
- Әкелер айлығы аясында "Ұлттық ойын-ұлт қазынасы" әкемен бірге ұлттық ойын ойна
-"Ұмытылып бара жатқан дәстүрлер" тақырыбында қайта жаңғырту таныстырылымы.
-"Оқуға құштар мектеп" челленджі мен "Сүйікті кітабым" көрмесі ұйымдастырылды.
                 
1.Шет ауданының ПБ бірлесіп отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша профилактикалық іс-шаралар.
Қызылқой негізгі орта мектебінде "Балам тұлға болсын десеңіз..." атты ата аналар жиналысы өтті.Ауылдық учаскелік полиция қызметкері Е.Д.Луқпанов нашақорлық және оның салдары, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері туралы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әсіресе қазіргі таңдағы электронды шылым «Вейп» мәлесесін көтерді.Сонымен қатар жолда жүру қауіпсіздігі, көлік жүргізбеу оның ішінде мотоцикл, түнгі уақытта көшеге шықпауға байланысты ескертулер жасалды.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл және қиын өмірлік жағдайдағы тап болған қолайсыз отбасыларды анықтау, балалардың құқықтарын бұзу фактілерін, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу, себепсіз сабақтарды 10 және одан да көп күн өткізіп жіберу анықтау мақсатында 2023 жылы 29 қыркүйекте мүдделі мемлекеттік құрылымдар, жастар және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Қамқор» облыстық кең ауқымды рейді өтті.
"Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір" республикалық онкүндік жоспарына сәйкес учаскелік полиция қызметкерімен бірлесе "Түнгі ауылдағы балалар" республикалық акциясы өтті.
Ата-аналар жиналысында ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері және 71-бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
     
2. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілік фактілерінің алдын алу бойынша толық емес және аз қамтылған отбасында тәрбиеленетін кәмелетке толмағандар арасында педагог психолог, медицина қызметкерлермен бірлесіп профилактикалық жұмыстар. 
Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілік фактілерінің алдын алу бойынша «Тұмар» қыздар клубы жоспарына сәйкес мектеп медбикесі О.Е.Мабиева «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Ерте жүктіліктің салдары» атты дөңгелек үстел өткізіп, «Жат қылықтың қыз тағдырына әсері…», «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбында баяндамалар оқып, «Сен қалай өсіп жетілесің» атты кеңестер берді. Педагог-психолог М.Н.Казангапова «Бой түзеу – әуелі ой түзеу» баяндамасын оқып, «Өмір-қымбатсын маған» , «Жылы  жүрек- жақсы тілек», «Сенімді дос, сырлас сыныптас» атты психологиялық тренингтер, «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты кеңестер берді.
3.Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың түрлері, олардың салдары туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілсін. 
Жыл басынан бері оқушыларға ІІМ әкімшілік полиция комитеті дайындаған «Электр самокатпен жүру ережелері» ,«Қауіпсіз интернет» жобасы аясында алдын алу шарасы ретінде «Интернет рекрутинг», «Интернет алаяқтық», «Кибербуллингтен қорғану ережелері», «Қауіпті ойындар», «Балалардың қауіпсіз мінез-құлық ережелері» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. 
1 қараша -Қауіпсіздік күніне орай «Есірткі ел қауіпсіздігіне , әлем қауіпсіздігіне төнген қатер» тақырыбы дөңгелек үстел және "Кәмелетке толмағандардың есірткі заттарын таратқаны үшін қылмыстық жауаптылығы" атты түсіндірме дәрісі өтті.
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша "Қоғамдық орындардағы және мектептегі тәртіп ережелері" атты құқық және тәртіп фракция жетекшісі Ә. Орынбасар сыныптан тыс іс-шара өткізді. Шара барысында оқушылардан сұрақ жауап алынып, қоғамдық тәртіп ережелерін біріге отырып таныстырылым жасады.
Нашақорлықтың алдын алу бойынша оқушыларға «Кесір» , "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" науқаны аясында 7-9 сынып оқушылары арасында «Мектеп» фильмдері көрсетілді.                                                                             
16-қарашада “Дені сау жастар: синтетикаға қарсы жоба” атты 8,9 сынып оқушыларына арналған ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан профилактикалық сабақ өткізілді. Дәрісті білім бөлімінің басшысы Е.Ж.Смағұлдың қатысуымен аудан прокуроры Е.Жаппар өткізді.
Нашақорлықтың алдын алу іс-шаралар жоспарына сәйкес "Электронды темекіден бас тартудың жолы." тақырыбында мектеп медбикесі О.Е.Мабиева дәріс сабақ өткізді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адал ұрпақ» жобасы аясында сынып сағаттары, «Бір пара-екі қылмыскер» бейнеролик челлендждері, "Арнаулы қызметтерді жалған шақыру" және "Терроризм актісі туралы жалған хабарлау" фактілері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара барысында оқушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 273, 274 баптары мен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтың 438 баптары таныстырылды.
           
4.Аз қамтылған және толық емес отбасында тәрбиеленетін кәмелетке толмағандардың отбасы-тұрмыстық, денсаулық жағдайына, оқу үлгерімдеріне талдау қажет.
Қызылқой негізгі орта мектебінде 4 көпбалалы, онын ішінде 2 аз қамтылған, 1 толық емес және 1 күнкөріс деңгейі төмен отбасы бар. Бұл отбасыларда 10 оқушы (3 ұл, 7 қыз) тәрбиеленіп отыр. Әр отбасының тұрмыстық-материалдық жағдайын тексеру актісі жасалынған. Отбасылардың тұрмыстық деңгейі орташа. Тұрмысқа қажет техникамен және жиһазбен ішінара жабдықталған. Балалардың демалуына, сабақ оқуына жағдай жасалған. Тазалығы: санитарлық талапқа сай. Балалардың денсаулықтары жақсы, созылмалы аурулары немесе мүгедектіктері жоқ. Жылына 1 рет міндетті  медициналық қараудан өтеді, қажеттілігіне қарай уақытылы жеке дәрігер мамандарға қаралып тұрады.Оқу үлгерімі бойынша барлық балалар «оқу екпінділері» санатына жатады.
         Оқу жылының басында №130 бұйрықтың негізінде жылдық, айлық жұмыс жоспары, өзіндік даму жоспары, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жоспары, аутодеструктивті және бейәлеуметтік жүріс-тұрыстардың алдын алу және инклюзивті білім беруді жүзеге асыруға ықпал ету бойынша іс шаралар жоспары құрылды. 
Мектеп жасындағы оқушылардың тізімі, сынып жетекшілермен біріге отырып, олар туралы толық (туған күні, айы, жылы, ЖСН, сыныбы, ата-анасының аты-жөні, жұмыс орны, отбасылық жағдайы, мекен-жайы, байланыс телефондары, эл.поштасы және т.с.с.) мәлімет жинақталды.  Әлеуметтік осал (көпбалалы, толық емес) отбасылар тізімі құрылып, мектеп директоры мен ауылдың әкімі Е.К.Кутышевпен бекітілді. 
Шет ауданы Білім Бөлімінің 07.08.2023 күнгі №135нқ бұйрығының негізінде әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан оқушылардың әрқайсысына 40567тг көлемінде қаржылай көмек тағайындалды. Бұл көмекке әлеуметтік осал отбасылар, нақтырақ айтқанда күн көріс деңгейі төмен отбасылар ілікті. Алдымен, ата-аналар өтініш бланкысын толтырып, тиісті құжаттарын тапсырды: 
Ата-ананың жеке басын куәләндіратын құжат 
Жәрдемақы алатын балалардың туу туралы куәліктері 
Үйге кіретін барлық қаражатты (табыс ақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкірт ақы, жұмыссыз болса биржа төлейтін жәрдемақы және т.с.с.) растайтын анықтамалар 
Жұмыс орнынан анықтама (жұмыссыз болса биржаға тіркеліп тұрғанын растайтын анықтама) 
Халық банкіндегі 20 сандық есеп). 
Бұл отбасылардың тұрмыстық-материалдық жағдайын тексеру мақсатында Қамқоршылық Кеңесі мүшелерімен біріге отырып, акт жасалды. Содан кейін Қамқоршылық Кеңесі мүшелерінің отырысында әр бір отбасы талқыланып, қарастырылды. Отырыс хаттамасы жасалып, келесі отбасындағы оқушыларға 40567 тг көлемінде қаржылай көмек берілу туралы шешім қабылданды: 
1) Өтініш беруші Омарова Лаззат Бодаукановнаның 4 баласына: 11 сынып оқушысы Серікбай Әминаға, 10 сынып оқушысы Серікбай Жандиярға, 6 сынып  оқушысы Серікбай Амираға, 4 сынып оқушысы Серікбай Аспандиярға  тағайындалсын. 40567 тг × 4 = 162268тг
2) Өтініш беруші Мусина Сандугаш Оралбаевнаның 2 баласына: 8 сынып оқушысы Орынбекова Айшаға,  6 сынып оқушысы Орыңбек Айзадаға тағайындалсын.  40567 тг × 2 = 81134 тг
3) Өтініш беруші Балаубекова Гүлім Қайратқызының 2 баласына: 5 сынып оқушысы Балаубеков Мағжанға, 1 сынып оқушысы Саламатқызы Аялаға  тағайындалсын. 40567 тг × 2 = 81134 тг 
4) Өтініш беруші Балаубекова Маржан Орынтаевнаның 2 баласына: 11 сынып оқушысы Кеңесбай Бейбарысқа,  8 сынып оқушысы Кеңесбай Алуаға тағайындалсын.  40567 тг × 2 = 81134 тг
Ата-аналардың есепшотына ақша түскеннен кейін, оның нысанды жұмсалуын қадағалау мақсатында алынған мектеп формасы мен оқу құралдардың түбіртектері (чектері) жинақталды. Ауданның Білім бөлімінің әдіскері  М.С.Жумадиловаға тапсырылды. 
2023 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы (бұдан әрі – Акция) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Акцияның ұраны: Мектепке жол-Жақсылық жаса.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2023 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.
Қызылқой ауылында 2 толық емес отбасы, 4 көпбалалы отбасы бар. Бұл отбасыларда 11 оқушы балалар тәрбиеленіп отыр. 
Мектептің инстаграм парақшасында @kyzylkoi.mektebi акцияның мақсат-міндеттері түсіндіріле отырып, көпбалалы және толық емес отбасыларының оқушы балаларына қаржылай көмек беру сұралды: https://www.instagram.com/p/Cvw1kEDMmlU/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
 «Қызылқой НОМ» КММ кәсіподақ ұйымының шешімі негізінде өткізілген «Мектепке жол» акциясы бойынша 9 сынып оқушысы Қайратқызы Айзатқа 30000тг көлемінде қаржылай көмек берілді. Бұл ақшаға оқушыға: кардиган-6000тг, аяқ киім-5700тг, тениска-3750тг, двойка-17390тг алынды. Кассалық және тауарлық түбіртектер №111481 27.08.2023ж. күнімен аванстық есепке тіркелді. Есепті кәсіподақ комиссиясының төрайымы Алимкулова Ж.К. берді. 
          
2023-2024 оқу жылында 6 сыныпқа жаңадан оқушы келді. Тансихбай Айдана Бақадырқызы.  Оқушы өгей әкемен тұрып жатқандығына және  жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен болғандықтан, тізімге алынып, акция аясында көмек көрсетілу шешілді. 
Акция барысында төмендегідей көмек жиналды: 
Көмек берушінің аты-жөні Қызметі Берілген көмек түрі Соммасы
1 Артықбай Шыңғыс Жақсыгелдіұлы Мұғалім Ақшалай көмек 2000тг
2 Кадирбаева Бекзада  Жаксыгелдыкызы Мұғалім Ақшалай көмек 1000тг
3 Кусаинова Салтанат Рахымжанкызы Мұғалім Ақшалай көмек 1000тг
4 Рамазанова Мадина Мейрхановна Мұғалім Ақшалай көмек 1000тг
5 Алимкулова Жазира Кыдырбаевна Мұғалім Ақшалай көмек 1000тг
6 Касимова Маран Тунгышбековна Мұғалім Ақшалай көмек 1000тг
7 Кенесбаева Томирис Каиркенкызы Мұғалім Ақшалай көмек 1000тг
8 Казангапов Зайлун Олжатаевич Мұғалім Ақшалай көмек 2000тг
9 Мустафина Маржан Кабдоллақызы Мұғалім Ақшалай көмек 2000тг
10 Мұстафина Наркиз Қайратқызы Мұғалім Ақшалай көмек 2000тг
11 Кокузова Корлан Мырзаханова Мұғалім Ақшалай көмек 1000тг
12 Жуманова Гульзада Бейбутовна Мұғалім Ақшалай көмек 1000тг
13 Жұмағалиұлы Мәди Мұғалім Ақшалай көмек 1000тг
14 Елеу Айза Тлеубайқызы Мұғалім Ақшалай көмек 1000тг
15 Елеу Жансәуле Тлеубайқызы Мұғалім Ақшалай көмек 1000тг
16 Казангапова Меруерт Насипжанкызы Мұғалім Ақшалай көмек 1000тг
17 Кыздарбекова Гульбаршын Койшыбаевна Мұғалім Ақшалай көмек 1000тг
18 Кокузов Маратбек Кусайнович Мұғалім Ақшалай көмек 1000тг
 
Барлық көмекті ақшалай эквивалентте есептегенде, жиналған сомма: 22 000 теңгені құрайды.
Жол шығының мектептің әлеуметтік педагогы Н.Т.Тусупбаева өзі көтеріп, жиналған соммаға азық-түлік алып, оқушының анасына табыстады.  
 
                        
«Хасенов» ЖК иесі Хасенов Темірғали Шактевич бірнеше кәсіпкерлерді тарта отырып, Айданаға қыстық куртка, қыстық етік, жылы бас киім және қолғап сияқты киім-кешекпен қамтыды. Сонымен қатар, тұрмысқа қажет құралдар мен жеке гигиена құралдарын алып берді. Қаражат соммасы: 56000тг.                     
               
Мектеп бойынша және әр сынып бойынша әлеуметтік паспорт жасалды. Қағазға шығарылған түрі сыныптардың жеке іс қағаздар папкасына салынса, электронды түрде asppm.kz, bilimal платформаларында барлық деректер жаңартылып, өзгерістер еңгізілді. 
 
 
https://www.instagram.com/p/Cz_A8rSsE1y/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" науқаны аясында ұстаздармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: Педагогикалық ұжымды білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша заңнамалық нормативтік құжаттармен таныстыру. 
    https://www.instagram.com/p/Cz5_PTHK6V3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" науқаны аясында 7-9 сынып оқушылары арасында ақпараттық сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: Жасөспірімдердің құқықтық білімдерін арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу.
https://www.instagram.com/p/Cz6ApCiK1Ft/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жасөспірімдер құқықбұзушылықтың түрлерін, оның салдарынан жазалану түрлері мен заң баптарын талқылады. 
     
25.12.2023 күні жылда өтетін дәстүрлі әкім шыршасы Ағадыр кентінде, Ю.Гагарин мектеп-лицейінде өтті. Биылғы шыршаға бару, бесінші әлеуметтік санаттағы 5-сынып оқушысы Балаубеков Мағжанға бұйырды. Дәмді ас ішіп, көңілді мерекені тойлаған балаларға 40000тг сертификаттар үлестірілді.
            
https://www.instagram.com/p/C1RGacftXtc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Айына 2 рет «Білім беру ұйымдарына алып келуге тыйым салынған заттардың тізімімен таныстыру және оларды әкелуге шектеу қою» түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп тұрады. Рейд шараларын ұйымдастырылады. 
     
Аутодеструктивті әрекет, интернетке тәуелділік, алаңдаушылықтың алдын алу бойынша жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Мұнда ата-аналарға жасөспірімдер мен балалардың шамадан тыс көп телефонда отыруының, интернет желісінің артықшылықтары мен қауіпті тұстары туралы ақпарат берілді. 
Білім бөлімінің тарапынан Алматы қаласындағы «Связист» сыртқы жазғы сауықтыру лагеріне жолдама келген болатын. Бірақ 5-8 сынып оқушыларының ата-аналарының ерікті түрде бас тартуына байланысты, қамқоршылық кеңесінің отырысы болып, хаттама жазылды. Ата-аналардан жазбаша түрде бас тарту қағаздары жаздырылып, білім бөліміне ақпараттық хат жолданды. 
Балхаш қаласында 1-14 маусым аралығында өтетін сырты сауықтыру лагеріне көпбалалы азқамтылған отбасынан шыққан 7-сынып оқушысы Қайратұлы Жақсылықты жіберу жоспарланып отыр. 
Мектеп жанындағы  (тамақтанусыз) лагерь 1-15 маусым аралығына жоспарланып отыр. Жауапты мұғалімдер тізімі жасақталып, іс-шаралар жоспары құрылды. 
«Қызылқой НОМ» КММ спорттық қосалқы кабинетінде өтетін үйірмелерінің сабақ кестесі
Апта күндері Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі
Секция атаулары/ уақыты Дойбы 1600- 1800
  Тоғызқұмалақ
1600-1800 Үстел теннисі
1600-1800 Дебат
1600-1800
 
Дене шынықтыру пәні бойынша «Салауатты өмір салтын» насихаттау мақсатында сыныптан тыс 3 үйірме ( тоғызқұмалақ, үстел теннисі, дойбы) және «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық үйірмесі жұмыстары өткізіледі Үйірмелер дүйсенбіден басталып бейсенбіге дейін сағат 16.00 ден 18.00-ге дейін жүргізіледі
«Дойбы» секциясы
    
 
Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне орай өткізілген дойбы ойындары.
«Дойбы» үйірмесін 1-4 сыныптар арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұмағалиұлы Мәди мектептің спорттық қосалқы кабинетінде жүргізеді.Қамтылған оқушылар саны жалпы- 15 оқушы
«Тоғызқұмалақ» үйірмесі
          
Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне және Республика күні және 19-қазан Жігіттер күніне орай «Тәуелсіз елдің Ұланымын» атты дойбы мен тоғызқұмалақ ойындары өтті.
«Тоғызқұмалақ» үйірмесін 5-9 сыныптар арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мәди Жұмағалиұлы мектептің спорттық қосалқы кабинетінде жүргізеді.Қамтылған оқушылар саны жалпы-18 оқушы
«Дебат» үйірмесі
 
    
"Төрт тоқсан-төрт өнер" мәдени ағартушылық жобасы аясында "Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы" атты пікірталас. 8-9 сынып оқушылары қатысуымен «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы өтті.
«Дебат» үйірмесін 7-9 сыныптар арасында тарих пәнінің мұғалімі Артықбай Шыңғыс оқу кабинетінде жүргізеді.Қамтылған оқушылар саны жалпы-10 оқушы.
        Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу аясында 5-9 сынып оқушыларымен "Хиджап, паранжа, қысқа балақты шалбар кию" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында "зайырлылық" түсінігімен танысып, Тик-ток желісіндегі осы мәселелер туралы айтылған бейнежазбалар көрсетілді.Мектеп формасы жайлы стенд рәсімделіп, оқушыларға жадынамалар таратылып, Мектеп парламенті мүшелері оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
-"Терроризм актісі қаупі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жадынама" түсіндіріліп, стенд жаңартылды.
-“Кәмелетке толмағандардың мектептегі терроризм фактілері мен біле тұра жалған хабарламалар үшін жауаптылығы”.
            
 
    "Даналық мектебі"
Мақсаты:позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу үшін аға ұрпақтың тәжірибесін табысты пайдалану.
Осы клуб жоспарына сәйкес 1-9 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Отбасылық таланттар» іс-шарасы.
-Халықаралық отбасы күніне орай бастауыш сынып бірлестігі ата-аналармен "Отбасы Fest" сыныптан тыс жұмыс негізінде "Бақытты отбасы" атты отбасылық спорттық іс-шарасын өткізді.
 
 
-Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы, "Даналық мектебі" клубы жоспарына сәйкес 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Баланың бас ұстазы – ата-ана" .Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу атты сабақ өтті.
-Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы, "Даналық мектебі" клубы жоспарына сәйкес 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Отбасы – бақыт бесігі" .Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам атты сабақ өтті.
     
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің еліміздегі отбасыларға көмек көрсетуді тиімді ұйымдастыру, балалардың құқықтарын бұзудың алдын алу және зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында отбасы, әйелдер және балалар мәселелері бойынша «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығының – сенім телефоны туралы инфографика білім беру ұйымының ақпараттық стендінде, әлеуметтік желілерде және білім беру ұйымның сайтында, сондай-ақ ата-аналар чаттарында орналастырылған.
 
      
 
Сонымен қатар, сынып сағаттарында оқушылар мен ата-аналарға уәкілетті органдардың (Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, білім басқармасы, білім бөлімі, мектептің психологиялық қызметі) сенім телефондарымен таныстыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
 
     
Кəмелетке толмағандардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат
Жазғы демалыстың жақындауына байланысты кəмелетке толмағандардың жазатайым оқиғаға ұшырауы, олардың немесе оларға қатысты қылмыс жасалуын, суицид фактілерінің орын алуын болдырмау мақсатында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, психологиялық әлеуметтік деңсаулығын сақтау негізінде мектептің педагог-психологы оқушыларға психологиялық іс-шара өткізді. Жазғы демалыс күндерінің басталуына дейін кəмелетке толмағандардың ата-аналарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жүргізу жиналыстары ұйымдастырылып, осы мақсатта жаз мезгілінде балалардың суға шомылу, орманға бару немесе қалада саяхаттау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауы бойынша жадынама таратылып, ата-аналар чаттарына және әлеуметтік желілерге жарияланды.
    
Кəмелетке толмағандардың арасында қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша Ішкі істер органдармен тиісті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, алдағы уақытта орындалады. Кəмелетке толмағандардың жазғы уақытта бос болмау мақсатында мектеп жанындағы лагер ұйымдастырылып, «Алтын балалық шақ» декадасы аясында іс-шаралар өтті.
 
 
 
 
 
 
 
 
Тәрбие жұмысы бойынша SWOT талдау
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ
  ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ
 
Табысты оқушылардың шығармашылығын шыңдауда, дарындылығын ашуда мүмкіндіктердің болуы;
Тәрбие мен оқу процесіндегі жаңашыл жобалардың ата-аналар қолдауында.
  Мектептегі тәрбие бағытын дамытуға арналған жобалар бойынша оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысын жүйелі жолға қою.(Тәлімгер жұмысы)
МҮМКІНДІКТЕР
  ҚАУІП-ҚАТЕР
 
Мұғалім мен оқушының  арасындағы сенімділік пен педагогикалық қарым-қатынасты орнату.Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып,  потенциалды  біріктіру.
Сынып жетекшілердің кәсіби өсуін және мансабын ынталандыру шараларын нығайту
Балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырылмауы (үйірме жұмысы)
Жалпы отбасы құндылықтарының әлсіздігі және бала тәрбиесінде ата-аналар жауапкершілігінің төмендігі
( ата-ана жиналыстарына қатысу төмен)
 
 
Новости