back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Қауіпсіз мектеп командасы
01-09-2022 16:15
Қауіпсіз мектеп командасы

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ! БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ, СОНДАЙ-АҚ ​ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕКЕНДІКТЕРІҢІЗДІ ЕСКЕ САЛАМЫЗ!

АТА-АНА МІНДЕТТІ:

  • Баласының тәрбиесімен айналысуға;
  • Баласының ​ денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық жасауға;

 

  • Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар, заңды өкілдер балалардың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ.

 

  • Балаларды тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін қорлайтын немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті болғызбауға тиіс.

 

  • Өз баласының құқығын бұзатын ата-аналар мен заңды өкілдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127 бабына сәйкес – ата-аналардың немесе кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдерінің бала күтімі жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 141 бабына сәйкес балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! Балалардың дені сау болуы үшін күнделікті өмірде оның тұрмыстық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірқатар ережелері мен шарттарын есте сақтау қажет:

  • балаңыздың бойындағы жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастырыңыз;
  • өмірінсақтауға көмектесетін маңызды ережелерді түсіндіріп, балаңызбен жеке әңгімелесу өткізіңіз;

Есте сақтаңыз!

  • Кешке және түнде (жергілікті уақыт бойынша сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін) балаларға көшеде ересектердің қарауынсыз болуға заң жүзінде тыйым салынады;
  • баланың қайда және кіммен бірге жүргенін екенін үнемі біліп, балалардың тұратын жерін бақылаңыз;
  • бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз. Егер балаға «біреу» оған зиян тигізгісі келсе, «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз;
  • балаңыздың қатысуымен қандай жағдай орын алса да, сіз оқиға туралы білуіңіз керек екеніне сендіріңіз. Ешқандай жағдайда оған ашуланбаңыз.
  • Жақын адамдардан жасыруға болмайтын жағдайлар бар екенін түсіндіру

 

 

 


   

Новости