back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Психологиялық кеңестер
17-01-2023 15:23

Ми жұмысын жақсартыңыз

Ғалымдардың айтуынша адамдар миының аз мүмкіндігін ғана қолданады екен. Ал күнделікті бір жұмысты орындап, бірсарынды өмір сүрсеңіз, миыңыз тіпті дамымай қалады. Ми ауруларының алдын алып, ақыл мен есті дамыту жолдары бар екен. Сонымен, миды қалай жаттықтыруға болады?

1.Жұмбақтар мен есептер шығарыңыз.

2. Амбидекстрия қасиетін дамытыңыз. Қолданбайтын "жалқау" қолыңызды пайдалануға дағдыланыңыз. Мысалға, оңқай болсаңыз, сол қолыңызды оңнан кем емес қолдануға тырысыңыз. Басында компьютер тышқаның ұстау деген секілді қарапайым жаттығумен бастаңыз.

3. Оптикалық иллюзия көрініс тапқан суреттерді бақылап көріңіз.

4. Сезім мүшелеріңізді шектеңіз. Мысалы, көзіңізді байлап тамақтаныңыз, не күнделікті үйдегі шаруаларды істеп жүргенде құлағыңызға мақта салып қойыңыз. 

5. Бір қарағанда байланысы жоқ мәселелерді байланыстыра біліңіз.

6. Пернетақтаны бірнеше тілде басып үйреніңіз.

7. Қарапайым нәрсенің жаңа қолданысын іздеп көріңіз. Мысалы кәдімгі шегенің қанша қолданысын ұсынар едіңіз?

8. Өз көзқарасыңызды өзіңіз теріске шығарып үйреніңіз.

9. Ойларыңыз жаңа, креативті болсын.

10. Бір мәселені шешкенде, ойға бірінші келген қарапайым шешімнің орнына, жаңа, күтпеген шешім табуға тырысыңыз.

11. Бар мүмкіндіктерді қарастыруға тырысыңыз. Есіңізге шахмат ойынын алыңыз. Бірнеше қадам бұрын ойланыңыз. 

12. Компьютеріңіздің жұмыс үстеліндегі суретті кері аударып қойыңыз.

13. Логикалық есептерді шешіп, логикалық ойлауды дамытыңыз.

14. Бір ғылыми жаңалықтың егжей-тегжейіне дейін түсінуге тырысыңыз.

 

Новости