Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі мектеп кітапханасы. Кітапхана мектебіміздің білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Бүгінгі ақпарат құралдары дамыған, жаңа технология заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы, ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттердің ұлғая түсу жолында мектеп кітапханасы-халқымыздың қилы тарихын , өнегелі әдет-ғұрыпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттайды.
Кітапхана туралы мәлімет
Теміртау қаласы білім бөлімі №9 лицейі КММ кітапханасы лицейде 3 қабатында орналасқан. Кітапхана 2 бөлімнен тұрады,жалпы көлемі 96 ш.м.Оқулықтар қорын сақтайтын қойма 1 қабатта орналасқан.
Кітапхана кітапханашының жұмыс орны және оқырмандар үшін жұмыс орны белгіленген, оқыман залы абономентпен бірлескен 20 оқытыу орынынан тұрады.
Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары болып табылған:
-мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастыру, оқу және тәрбие әдістерімен түрлерімен қамту;
-кітапқа деген құштарлықты арттыру, оқу мен мәдениетін тәрбиелеу,
басылымдарға ұқыпты қарап мектеп қорының сақтық тәртібін бақылау;
-оқушылармен жеке және көпшілік жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттау;
-оқушыларды көркем әдебиетті жүйелі оқуға тарту, ой мен сөз мәдениетін, рухани және әдептілікті, танымдық қызығушылығын мен қабілеттерін дамыту;
-кітапхана жұмысында жаңа ақпараттық-комуникативтік технологиядарды қолдануды жүзеге асыру.
Кітапхана қорымен жұмыс
Мектеп кітпаханасының қоры оқу бағдарламасына сәйкес көркем, салалық, анықтамалық әдебиетпен жинақтастырылған және жас ерекшелігіне қарай орналастырылған:
-бастауыш сынып оқушылары үшін (1-4 сыныптар)
-орта буын оқушылары үшін(5-8 сыныптар)
-жоғары сынып оқушылары үшін (9-11)
-ақпараттық басылымдар қоры
-оқулық қоры
Қордың сандық көрсеткіштері
Жалпы кітпахана фонды- 49275
Оқулықтар қоры – 34027
Әдеби кітаптар- 15248
Осының ішінде
Жаратылыс тану-1178
Техника-166
Ауыл орман шаруашылығы-70
Медицина-77
Қоғамдық және гуманитариялық-1664
Педогогика білім беру мәдениет-1397
Дене тірбиесі,спорт-166
Тіл білімі әдебиет тану-1105
Өнер-177
Әмбебап мазмұнды-335
Көркем әдебиет-8913
Мемлекеттік тілде-2103
Орыс тілінде-13005
Басқа тілде-140
Оқырмандармен жұмыс
Кітапхана жұмысы 2024-2025 оқу жылында лицей директоры мен бекітілген іс жоспары бойынша жүргізіледі.
Мектеп кітапханасының негізгі мақсаты әдебиеттерді насихаттау болып табылады. Бұл жұмыстар дастүрлі және технологиялық әдісері қолданыла отырып өткізілген іс-шаралар (ұсыныстар, әңгімелер, көпшілік шаралар, ашық көрмелер, тақырыптық сөре т.б) арқылы орындалады.
Кітап қорын насихаттау барысында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында жоспар түзіліп біршама іс-шараларды өткізу жоспарланған.
Атаулы күндер аясында кітапханамызда тұрақты көрмелер ,тақырыптық сөрелер ұйымдастырылған .
Тұрақты көрмелер
«Оқуға құштар мектеп»
«Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры»
«Кітап –ғасыр мұрасы»
«Абай мұрасы –халық қазынасы»
«Тіл –ұлттың жаны »
«Мәңгілік ел» –жалпы ұлттық идея
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
«Кітап -білім бұлағы»
«Рәміздер- тәуелсіздік кепілі»
Өлке тану бағытын насихаттауда кітапханада «Қалам менің Теміртауым»атты тақырыптық сөре ұйымдастырылған. Бұнда қаламыздың тарихына байланысты «Қарағанды Қарағанды облысы », «Тұғыры биік Теміртау», «Теміртау қаласы мен магниткасының жылнамасы», «Қазыналы құтты өлке» , «Қазақстанның өндірістік қалалары » деегн кітаптар жинақталып қойылған.