back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
"Topiq.kz" платформасы
21-11-2025 09:48

Web-платформа Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан серверлерде орналасқан. Электрондық оқулықтарды білім беру ұйымдарында ҚР БҒМ № 131,№ 216, № 286 бұйрықтарымен пайдалануға ұсынылады.

"Topiq.kz" электрондық оқулығы – оқушылар мен мұғалімдерге арналған заманауи цифрлық білім беру платформасы. Ол оқу мазмұнын интерактивті түрде меңгеруге, жаттығулар орындауға және білімді бекітуге мүмкіндік береді.

Негізгі ерекшеліктері

  • Интерактивті сабақтар – мәтін, видео, аудио, анимациялар арқылы түсіндіріледі.

  • Тапсырмалар мен тесттер – автоматты тексеру жүргізеді, нәтижесін бірден көрсетеді.

  • Жүйелі құрылым – пәндер мен тақырыптар мектеп бағдарламасына сай жасалған.

  • Қолжетімділік – компьютер, планшет немесе смартфон арқылы қолдануға болады.

  • Мұғалімдерге арналған құралдар – оқушылардың нәтижесін бақылау, тапсырма беру, бағалау мүмкіндігі бар.

"Topiq.kz"платформасында:

  • Қазақ тілі
  • Әдебиет

  • Математика
  • Дүниетану
  • Жаратылыстану
  • Информатика

және басқа да пәндер бойынша электрондық оқулықтар ұсынылған (сыныптарға арналған нұсқалары бар).

"Topiq.kz" электрондық оқулығы – дәстүрлі оқулықтарды толықтыратын, оқушыны қызықтырып, оқу процесін жеңілдететін тиімді цифрлық білім беру құралы.  Мектеп мұғалімдері мен оқушылары "Topiq.kz" платформасын қолданып, оқулықтар қарайды, тапсырмалар орындайды.

 

           

Новости