back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Халықаралық "Қазақ тілі қоғамы"
24-11-2023 09:36
Халықаралық

24 қараша күні аудандық Мәдениет үйі сахнасында "Халықаралық "Қазақ тілі қоғамы" қоғамдық бірлестігі Қарағанды облысы Нұра ауданы филиалының ұйымдастыруымен аудандық "Шаңырақ сыны" сайысы өтті.  Ұлттық педагогиканы дәріптеу, оқушылардың бойына халқымыздың асыл құндылықтарын сіңіру,  тіл жанашырларын анықтау, салтын сақтап, дәстүрін дәріптеуге үйретуді мақсат тұтқан сайысқа аудан төңірегінен 5 отбасы қатысып, 8 кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салып, бала мен ана арасындағы сыйластық, мейірімділік пен адалдық сияқты асыл қасиеттерді көрсете білді. Нәтижесінде, М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Е.Серікбаева 9 "А" сынып оқушысы, қызы Божбанбай Рабиямен жүлделі 1-орынды иеленді. Құттықтаймыз!

Новости