24 қараша күні аудандық Мәдениет үйі сахнасында "Халықаралық "Қазақ тілі қоғамы" қоғамдық бірлестігі Қарағанды облысы Нұра ауданы филиалының ұйымдастыруымен аудандық "Шаңырақ сыны" сайысы өтті. Ұлттық педагогиканы дәріптеу, оқушылардың бойына халқымыздың асыл құндылықтарын сіңіру, тіл жанашырларын анықтау, салтын сақтап, дәстүрін дәріптеуге үйретуді мақсат тұтқан сайысқа аудан төңірегінен 5 отбасы қатысып, 8 кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салып, бала мен ана арасындағы сыйластық, мейірімділік пен адалдық сияқты асыл қасиеттерді көрсете білді. Нәтижесінде, М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Е.Серікбаева 9 "А" сынып оқушысы, қызы Божбанбай Рабиямен жүлделі 1-орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Халықаралық "Қазақ тілі қоғамы"