Балақайлар мектебі

Тамыз айының 15 жұлдызында Қарой ЖББ мектебінде "Балақайлар мектебі" өз жұмысын бастады. Болашақ 1-сынып оқушылары мектеп, алғашқы ұстаз, әдемі, жарық мектебімен танысып, білім жолдарына қадам басты. "Өзім туралы" тақырыбында әр бала өзін таныстырып, оқуға деген құштарлықтарын білдірді.