back-image
"Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жөндеу жұмыстары барысымен танысу
07-06-2025 09:37
Жөндеу жұмыстары барысымен танысу

Қарой жалпы білім беретін мектебінде білім беру нысандарын жаңғырту және оқушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында бейімдеу бағдарламасы аясында келісімшартқа сәйкес 26 мамырда  жөндеу жұмыстары басталды. Бұл бастама – мектеп инфрақұрылымын жаңарту мен оқу үдерісін заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған маңызды қадам.Жөндеу жұмыстары барысымен Нұра ауданы білім бөлімінің басшысы Такишев Д.Ж. танысып өтті.Бейімдеу бағдарламасының басты бағыты – инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру. Осыған байланысты мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасау үшін пандустар, арнайы жабдықталған санитарлық тораптар және қауіпсіз жүріп-тұруға арналған белгілер орнатылуда.Сонымен қатар, оқу кабинеттерінің де есіктері    жаңартылуда.Қарой жалпы білім беретін мектебіндегі бұл өзгерістер – ауыл мектебінің жаңа серпінмен дамуына жол ашатын, болашақ ұрпақ үшін сапалы білім мен қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Новости