Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт
Қарой ЖББМ-де Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті! Қарой жалпы білім беретін мектебінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Мектеп оқушылары өздерінің сүйікті ұстаздарына арнап ән шырқап, би билеп, өлең оқып, жылы лебіздерін жеткізді. ????
Бұл күні әрбір ұстаздың жүзінен шаттық пен ризашылық байқалды.
Кеш ерекше көңіл-күй мен алғыс сезіміне толы болды. ❤️
Барша ұстаздарға қажырлы еңбегі мен шәкірт жүрегіне нұр сепкені үшін үлкен рақмет!
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және мәңгілік шабыт тілейміз! ????