back-image
"Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ
Күзгі демалыс
04-11-2025 15:10
Күзгі демалыс
???? Күзгі демалысты ұйымдастыру: Оқу-ағарту министрлігінің ұсыныстары

????️ Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Оқу-ағарту министрлігі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында күзгі демалысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, өңірлерге жолдады.

???? Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу: кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру, сондай-ақ түрлі кәсіптің үздік өкілдерімен кездесулер өткізу.

???? Өмірлік қиын жағдайларға тап болған, үйде оқитын оқушылар үшін: виртуалды экскурсиялар, онлайн жарыстар, психологтармен іс-шаралар, белгілі бір пәндер бойынша кеңес берулер ұйымдастыру маңызды.

???? Ата-аналармен өзара қарым-қатынас құру: балалармен бірлесіп, мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, экскурсиялар, интернет-марафондар, ата-аналарға арналған конференциялар мен форумдар өткізу.

???? Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары: құқық қорғау, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар органдарының өкілдерін шақырумен
тәрбие жұмыстары және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша кеңес берулер ұйымдастыру.

????️ Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектептің де, ата-аналардың да басты міндеттерінің бірі. Сондықтан, аталмыш іс-шараларды өткізбес бұрын күзгі демалыс кезінде оқушылар мен олардың ата-аналарына өмір қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау туралы нұсқаулық жүргізу маңызды.

????Еске салайық, биылғы оқу жылында күзгі демалыс 27 қазаннан басталып 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнтізбелік күнді құрайды.
 

 

 
Новости