back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Тіл жанашырлары-ел жанашырлары»
08-09-2023 00:09
 «Тіл жанашырлары-ел жанашырлары»
Қазақстан халқы  тілдері күніне арналған  онкүндік іс-шаралар  жоспары бойынша  ,6-шы қыркүйек күні орыс тілі мен әдебиет пәнінің мүғалімі Тарбаева А.М 5-8 сыныптар  арасында « Маманға жүз  сұрақ» жобасы аясында  «Тіл жанашырлары-ел жанашырлары»  атты  тіл мамандарымен кездесу өткізді.
Мақсаты :
5-ші қыркүйек –Қазақстан  халқы  тілдері күнін атап өту;
Мемлекеттік  тілдің мәртебесін көтеру;
Тіл саясатын  жүзеге асыруға  және  қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіруде үлес қосып жүрген тіл жанашырларымен  пікірлесу сұхбаттасу;
Оқушылардың  тілге, Отанға  деген құрметін арттыру, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар – демекші, туған тіліміздің мерейін көтеріп, мәртебесін асқақтату жолында аянбай еңбек етіп, тіл жанашырларына айналып жүрген  бүгінгі кездесуіміздің  қонақтары  « Қазақ тілі:  Кеше. Бүгін. Ертең.» деген мәселе  жөнінде  өз ойларымен бөлісті.
Новости