«Тіл жанашырлары-ел жанашырлары»
Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік іс-шаралар жоспары бойынша ,6-шы қыркүйек күні орыс тілі мен әдебиет пәнінің мүғалімі Тарбаева А.М 5-8 сыныптар арасында « Маманға жүз сұрақ» жобасы аясында «Тіл жанашырлары-ел жанашырлары» атты тіл мамандарымен кездесу өткізді.
Мақсаты :
5-ші қыркүйек –Қазақстан халқы тілдері күнін атап өту;
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;
Тіл саясатын жүзеге асыруға және қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіруде үлес қосып жүрген тіл жанашырларымен пікірлесу сұхбаттасу;
Оқушылардың тілге, Отанға деген құрметін арттыру, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар – демекші, туған тіліміздің мерейін көтеріп, мәртебесін асқақтату жолында аянбай еңбек етіп, тіл жанашырларына айналып жүрген бүгінгі кездесуіміздің қонақтары « Қазақ тілі: Кеше. Бүгін. Ертең.» деген мәселе жөнінде өз ойларымен бөлісті.