Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
1 сәуірден бастап балаларды 1 сыныпқа қабылдау жүргізіліп жатқаны белгілі.
Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдаудың аяқталуына да санаулы күндер қалды.
Яғни, 31 шілде құжат тапсырудың соңғы күні.
Сол себепті де, асығуларыңызды сұраймыз.
1 сыныпқа құжаттарды электронды түрде, e.bilimal.kz жүйесі немесе e-gov.kz порталы арқылы тапсыруға болады.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толатын балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде беріледі)
• Туу туралы куәлік
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• 063/у-3 нысаны
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)
Қосымша сұрақтарыңыз болса, 8 (71037) 2-12-49 нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады.