Алғашқы ұстаз – ата-ана
«Алғашқы ұстаз – ата-ана» жобасы аясында балабақшада «Киіз үйдің құрал-жабдықтары» атты балалар мен ата-аналардың бірлесіп қолдан жасаған бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Ата-аналар балалармен бірлесе отырып, қазақ халқының киіз үйін, ондағы жабдықтарды матадан, ағаштан, қатты қағаздан жасап, шеберліктері мен өнерлерін көрсетті. Атап айтсақ, «Арман» тобынан Абдулла Ұлдана, Миргалиева Карина, Эйхельберг Эмиль, Рамазан Аружан, Сұңғат Рахим болса, «Ақбота» тобынан Онуфрак Эмилия, Кайратова Райянаның ата-аналарымен бірлесіп жасаған жұмыстары көздің жауын аларлық. Мұндай ұйымдастырылған көрмелер балалар мен ата-аналардың қазақ халқының салт-дәстүрімен тереңірек танысуларына мүмкіндік береді.
Наурыз мерекесіне орай өткізілген іс-шара соңында директордың ОЖ орынбасары Петрова С.И. «Қазақ халқының ұлттық нақыштағы бұйымдары» атты отбасылық шығармашылық көрмеге қатысқан тәрбиеленушілер мен олардың отбасын алғыс хаттармен марапаттады