back-image
КГУ "Специальный ясли-сад "Бөбек" отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Специальный ясли-сад "Бөбек" отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области
Облыстық семинар
29-03-2023 12:31
Облыстық семинар
«Бөбек» арнайы бөбекжайы»  КММ өткізілген облыстық семинар аясында мұғалім-логопед  Саукамбекова С.В.  мастер-класта мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дыбыстық мәдениетін қалыптастыру процесінде модельдеу технологиясын қолдану тәжірибесімен бөлісті, «Сиқырлы теледидар»  және «Ақылды»  қуыршақ  дидактикалық құралын көрсетті.
Директордың тәрбие жұмысы  жөніндегі орынбасары Лунёва Ж.В.  «Қоршаған әлеммен танысу» ұйымдасқан қызметінде «Интеллект картасы» технологиясын қолдану бойынша өзінің жұмыс тәжірибесін ұсынды. Қатысқан педагогтар заманауи мамандықтар туралы білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, интеллект карталарын жасау бойынша практикалық тапсырманы орындай отырып, командамен  жұмыс істей білу мүмкіндігіне ие болды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Петрова С.И. өткізген «Мамандықтар калейдоскопы» педагогикалық рингі педагогтарды тапсырмалар орындауға, ребустар мен сөзжұмбақтарды шешуге, пантомима ойнауға қатыстырудың арқасында шығармашылық, достық атмосфераны құруға ықпал етті. Практикалық бөлімнің соңында Светлана Ивановна «Үйде сабақ үйренеміз» бейнеролигін көрсетті, онда ата-аналар «Алғашқы -ұстаз- ата-ана» әлеуметтік облыстық жобасы аясында балалармен үйде қазақ тілін үйренеді.Рефлексивті бөлімде семинар қонақтары іс-шараны ұйымдастыру мен өткізудің жоғары сапасын атап өтті.
Новости