back-image
КГУ "Специальный ясли-сад "Бөбек" отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области
Организации> КГУ "Специальный ясли-сад "Бөбек" отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области
Облыстық семинар
29-03-2023 12:29
Облыстық семинар
2023 жылдың 29 наурызында «Бөбек» арнайы бөбекжайы» КММ  «Мектеп жасына дейінгі балаларға ерте кәсіптік бағдар беру аясында қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті, оның мақсаты: педагогтарды заманауи әдістермен және технологиялармен таныстыру, олардың инновациялық құзыреттілік деңгейін арттыру.
Семинарға қатысушылар «Виммельбух», «Ленд-арт», «Эйлер шеңберлері», «Флексагон», ойын және АҚ технологиялары, мнемотехника, шығармашылық қызметте – «Пуантилизм» техникасы сияқты технологияларды қолдана отырып ұйымдастырылған іс-әрекеттің 10 түрін тамашалады. Семинарға Қарағанды облысының мектепке дейінгі ұйымдарынан 46 педагогы қатысты. Бөбекжай ұжымы іс-шараның мазмұны мен ұйымдастырылуы бойынша жақсы пікірлер алды. Біздің тәжірибеміз пайдалы және болашақта педагогтар жұмысында қолданады деген сенімдеміз.
Новости