back-image
КГУ "Специальный ясли-сад "Бөбек" отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Специальный ясли-сад "Бөбек" отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области
День Республики Казахстан
24-10-2025 17:20
День Республики Казахстан

Республика күні – еліміздің басты және ұлттық мерекесі. Ұлттық мереке деп – тарихи маңызы жоғары, Қазақстанның мемлекеттігіне ерекше ықпал еткен оқиғаларды атаймыз.Осыған орай 2025 жылдың қазан айының 20-нан 24-і  аралығында «Бөбек» арнайы бөбекжайы» КММ  Қазақстан Республикасы күніне  арналған апталық өтті.  Бірінші күні Қазақстан Республикасы күніне арналған «Суреттегі Республика» топтық суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Балалар ата-аналарымен бірлесіп Отанына деген сүйіспеншілігін суретте көрсетті.  Қазақ тілі педагтері Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына арналған  патриттық бейнероликтерді трасляциялау арқылы педагогтермен  дөңгелек үстел өткізді. «Бейбітшілік, спорт, бірлік!»спорттық ойын-сауық  балалардың  спортқа деген қызығушылығын арттырды. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысты, тәсілдерін меңгерді. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыды. Топтарда «Менің Отаным –Қазақстан» тақырыбындағы әңгімелер өткізілд.і Балалар Отанына деген патриоттық сезімді,  құрметті, жауапкершілікті сезінді. «Мен Отаныммен мақтанамын!» мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. Балалар әдемі ұлттық киімдер киіп, еліміздің рәміздері, еліміздің тәуелсіздігі туралы өлеңдер мен тақпақтар оқыды, патриоттық әндер шырқады. Би билеп, ойындар ойнады. Балалар мерекелік іс-шарада белсенділік танытып, қуанышпен қатысты.

Новости