«Бөбек» арнайы бөбекжайының педагогтары өз әріптестерімен педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Тәрбиеші Пик Т.М. өз тобының балаларымен «Ленд арт» технологиясын қолданудың нәтижелері туралы айтты,сонымен қатар педагогтармен табиғи материалдан картиналар жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсете алатын мастер-класс өткізді. Қазақ тілі мұғалімі Жусупова С.К. мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тілін барынша тиімді меңгеруі үшін әріптестеріне қазақша сөздер мен сөз тіркестері бар стикерлерді пайдалану жолдарын түсіндірді. Музыка жетекшісі Лысенко И.Н. әріптестеріне бос уақытында классикалық музыканың қандай түрін тыңдау, ол бойынша әңгімелеу туралы ұсыныстар берді, тәрбиешілерге балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыстардың тізімін ұсынды, интернет ресурстарының пайдалы сілтемелермен бөлісті.
Педагогикалық кенес