Талай көштің керуенін тартқан қара нарларды қайыстырар жүк болардай әр тасына тарих тұнған, шежірелі Шет өлкесі ел мүддесі үшін күресе білген аптал азаматтарға бай мекен.
Солардың бірі, һәм бірегейі, өмір жолындағы өркенді ісі, өміршең өнегесі, ақыл-парасатымен көпшілікке үлгі, жазушы-этнограф, ҚР Мәдениет қайраткері, Қарағанды облысының және Шет ауданының Құрметті азаматы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, өлке тарихының зерттеушісі, белгілі журналист Төрехан Әкімжанұлы Майбас ағамыздың 70 жылдық мерейтойына арналған аудандық археологиялық – этнографиялық мұражайда «Жазушының нұрлы әлемі» атты кездесу кеші өткізілді. Айтулы шараға мектебіміздің
8 сынып оқушылары қатысып, кеш қонағы Төрехан Майбастың өмірі және шығармашылығымен танысты.
Кездесу барысында жазушы оқушылармен өз естеліктерін бөлісіп, көптеген рухани әңгімелер айтты. Мәнді де мағыналы кездесудің қонағы болған мектеп оқушылары өз ризашылық сезімдерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды. Өнегелі өмірі мен жазушылық өмірін насихаттап ел алдында жүрген ағамызға көрермендердің ықыласы ерекше болды. Кеш соңында оқушыларымызға ризашылығын білдіріп, қанаттандырып, рухтандырып, аталық ақ батасын берді.
Кездесудің маңызы терең мағынаға ие болды.
Төрехан Әкімжанұлы Майбас ағамыздың 70 жылдық мерейтойына арналған аудандық археологиялық – этнографиялық мұражайда «Жазушының нұрлы әлемі» атты кездесу кеші