back-image
"Ы.Алтынсарин атындағы (РО) жанындағы Интернат " КММ
Организации> "Ы.Алтынсарин атындағы (РО) жанындағы Интернат " КММ

Инклюзивті білім беру

Ы.Алтынсарин атындағы  тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат» КММ – де инклюзивті білім беруді дамыту бойынша стажерлық алаң Шет ауданының Білім бөлімінің бұйрығына сәйкес 2020 жылдың қараша айында ашылды.

Мектебімізде ЕББҚ бар балаларға арнаулы орта қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жасалуда. Оқушылармен жеке түзете-дамыту сабақтары жүргізілетін кабинет мектептің бірінші қабатында орналасқан. Кабинетте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тазалық шаралары сақталған. Кабинет Шет ауданының білім бөлімі тарапынан 2021 жылы бірқатар жиһаздар мен дидактикалық оқу құралдарымен жабдықталды. Көру қабілеті бұзылған білім алушыларға кедергісіз орта құру және білім алушылардың білім беру ұйымында физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тактильді пиктограммаларға, т.б. сұраныс берілді.

 

 

2022-2023 оқу жылында қыркүйек айында облыстық ПМПК ұсынымы мен шешіміне сәйкес 5  ЕББҚ бар балалар анықталды. Қыркүйек айының 1-15 аралығында арнайы мамандар және мұғалімдердің оқушыларды бақылау, диагностикалау жұмыстары нәтижесінде 4 бала облыстық ПМПК-ға жіберілді. Нәтижесінде облыстық ПМПК оқушылардың ЕББҚ бар екендігі туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта мектебімізде ЕББҚ бар 14 бала инклюзивті білім алуда.

 

Мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығына сәйкес ЕББҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі құрылды. Психологиялық қолдау қызметінің құрамы бекітіліп, 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспары мен Ережесі әзірленді. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құрамына тұрақты түрде: төрағасы - мектеп директоры, мүшелері – педагог-психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагог, логопед және де сынып жетекшілер кіреді.

 

Қазіргі уақытта мектебімізде 0,5 жүктемемен арнайы педагог, логопед, психолог мамандары жұмыс жасауда. Арнайы мамандар түзете-дамыту жұмыстарына сәйкес оқушылармен аптасына 2-3 рет жеке және топтық сабақтар жүргізеді.

Арнайы педагог маманы ПМПК ұсынысы бойынша 8 ЕББҚ бар оқушылармен сабақ кестесіне сәйкес аптасына 2-3 рет 45 минуттан түзете-дамыту сабақтарын жүргізеді. Оқушыларды жыл басында бақылау, дефектологиялық тексеру нәтижелеріне сәйкес қорытынды жасалып, жеке және топтық сабақтар ұйымдастырылды. Оқушыларға қыркүйек айында жетістіктер картасы толтырылып, І жартыжылдыққа оқушыға меңгеруде қиындықтар туғызатын пәндер, тақырыптар бойынша бейімделген немесе жеке арнайы бағдарлама, бағдарламаға сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылды.

Логопед маманы ПМПК ұсынысы бойынша мектебіміздің 9 ЕББҚ бала және стажерлық алаңға бекітілген Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталды мектеп-гимназия базасындағы тірек мектебінің 2 ЕББҚ бар баламен аптасына 2-3 рет, 45 минуттан жеке және топтық түзете-дамыту сабақтарын жүргізуде.

 

Оқушылардың сөйлеу тілі дамуының әр түрлі бұзылыстарына, диагноздарына сәйкес түзете-дамыту жұмыстары жоспарланып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылды. 

Новости