back-image
"Ы.Алтынсарин атындағы (РО) жанындағы Интернат " КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ы.Алтынсарин атындағы (РО) жанындағы Интернат " КММ

Жас мамандармен жұмыс

Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО) жанындағы интернаттың жас мұғалімдерімен І тоқсан бойынша жүргізген жұмыстардың талдау есебі.

2024-2025 оқу жылы

     «Тәлімгерлік қызметті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлік қызметті жүзеге асыратын педагогтарға  қойылатын талаптарды  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 - сәуірдегі № 160 бұйрығы.

Осы аталған оқу жылында жас маманмен  жұмыс, жас маманға қойылатын талаптар негізінде  және  ұсыныстарды ескере отырып жоспарланды.Осының негізінде жұмыстың  мақсаты айқындалып, міндеттер қойылды.       

Мақсаты:

Педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру сұрақтары бойынша мұғалімге практикалық көмек беру;
Міндеттері:
1.     Жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.
2.     Оқушыларды білім беру мен тәрбиелеуде жаңа түр мен әдістерді қолдануын қалыптастыру;
3.     Нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыру;
4.     Жаңа оқу жылында жас мамандардың бастапқы қажеттіліктерін анықтау және әдістемелік жұмыстың түрін таңдау.

Жас маманның кәсіби қабілетіне және құзыреттілігіне байланысты жаңашыл ұстаз дағдыланады. Ал жаңашыл ұстаз – ол заман талабы. Заман талабының негізгі мақсаты: еліміздің көркейіп, беделді елдермен терезесін теңестіру. Бұл мақсаттың жүзеге асып, өз жемісін көру үшін жастар аянбай еңбек ету қажет. Себебі жастар – Қазақстанның болашағы.Жалпы, жас маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек. Әрине, бұл мақсат қажырлы еңбекті, үздіксіз ісденісті қажет етеді.

2024 – 2025 оқу жылында қабылданған 

жас мамандар туралы ақпарат.

 

Аты - жөні

Туған күні, айы, жылы

Бітірген оқу  орны

Мамандығы

Білімі

Еңбек өтілі

Жұмысқа қабылданған бұйрық , күні

Тәлімгері аты - жөні

1

Рысқұлова Айбану Жетписқызы

11.12.2000

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті.

Химия

Жоғары

 

-

№125

02.09.2024

 

2

Ізтілеу Ажархан Берікболқызы

04.10.1999

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университет

География

Жоғары


   -

№127 02.09.2024

 

3

Тулепбекова Гулим Серибаевна

17.09.2000

Қазақ Бас Сәулет-құрылыс академиясы 2021

 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университет 2024

Инженер технолог

 

 

Математика мұғалімдерін даярлау

 

 

 

 

Жоғары

-

№109

29.08.2024

Ахметова А.

4

Хумарбек Марғұлан Ауелұлы

07.01.2000ж

“Қарағанды гуманитарлық колледжі” 2020ж

“Қазақ ұлттық өнер университеті” 2024ж

“Музыка пәнінің мұғалімі”

 

Орта

 

 

 

Жоғары

1,5

№135

02.09.2024

 

6

Әбдіразақов Асан Берікұлы

15.04.2002

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті

Алғашқы әскери дайындық және дене мәдениеті

Жоғары

-

№123

02.09.2024

 

7

Азамат Назерке Азаматқызы

15.04.2003

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Математикалық және компьютерлік модельдеу

Жоғары

-

№128

02.09.2024

Сағындықова Г.А.

8

Амангелді Баубек Болатұлы

17.01.1996

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Жоғары

-

№133

02.09.2024

 

10

Мейренбай Жанерке Талғатқызы

12.09.2004

Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі

 

Орта

 

№156

01.10.2024

 

11

Токиш Еламан Алтайулы

12.07.1999

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті

Математика педагогтерін даярлау

Магистр

4

№108

29.08.2024

 


   Мектепке келген жас мамандар алдымен мектеппен, ұжыммен танысты. Тәлімгер – жетекшілер тағайындалып, жылдық жоспар бойынша жұмыс жасалды. Жас маманның өзінің және тәлімгер – жетекшісінің жоспары жасақталды.Тәлімгерлердің мақсаты,жас мамандарды  қадағалап және кәсіби құзыреттілік деңгейі жас педагогтың дәрежесін анықтайды,оның дайындығын өзінің функционалдық міндеттерін орындайды.  Мұғалім портфолиосын жасауға, күнтізбелік және сабақ жоспарын және өзіндік білім көтеру жоспарларын жасауға жетекшілер бағыт беріп отырды.Іс – қағаздар, электронды журнал толтыруға әдістемелік және жетекшілік көмек берілді. Сонымен бірге, жас мамандарды сабақтарға қалай сараптама жасау керектігі айтылды. Сауалнамалар жүргізіп, қиындық келтіріп жүрген мәселелері бойынша өзара пікірлесіп, жас мамандар отырысында талқыланып отырылды.
«Жас ұстаздар мектебінің» жоспары қазан айында сабақтарды талдау және педагогикалық қиындықтарды анықтау негізінде құрастырылды. Таңдау жұмыс түрі жас маманмен бастаған кіріспе сауалнама жүргізу және әңгімелесу, педагог көрсеткен қиындықтар, проблемалар. Сауалнама қорытындысы бойынша  бірлескен жұмыс жоспары анықталды.     Қыркүйек айындамектебімізде жас ұстаздармен кездесу өтті.Кездесу барысында 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырылып,  жас мамандарды сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін Ереже және жекеленген ережелермен таныстыру туралы айтты.
   Кездесудің мақсаты: жас мамандарға өзін – өзі тәрбиелеуге, педагогикалық – 
психологиялық бейімділіктерін дамытуға, рухани адамгершілікке, кәсіптік мәдениетке тәрбиелеу.

   Кездесуде жас мамандарға мектеп директоры Д.Б.Бакаев,  жас мамандардың теориялық білімдерін мектеп практикасында қолдану, жас мамандардың әлеуметтік және кәсіби тұлғасын қалыптастыру,тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарын, мемлекеттік білім стандартын, әдістемелік нұсқауларды талдау-игеру жұмыстарын жүргізу туралы ақыл – кеңестерін айтты.  Кездесу соңында мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Қ.Бижанова ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдірді.
 «Ғылымның сандық құпиялары» атты жаратылыстану-математика апталығы аясында математика пәнінің мұғалімі Токиш Еламан  өз тәжірибесімен бөлісті.Мазмұны: Үштік одақ жұмысындағы сынып жетекшінің рөлі, оқушылардың ынталандыратын жаңа жобалар,математиканы оқытуда қолданылатын қосымшалар.Химия пәнінің мұғалімі Рысқұлова Айбану ардагер ұстазымыз Жотабаев Райза Жотабаевнамен  «Өнегелі өмір» жобасы аясында кездесу өткізді. Бұл кездесуде ардагер ұстаз  бен жас мамандардың тәжірбе алмасуы болды. Мақсаты: Ардагер ұстаздың  бай тәжірибесі мен кеңестерін жас мамандарға жеткізіп, олардың кәсіби дамуына көмектесу, білім беру саласындағы заманауи өзгерістер мен қиындықтар туралы пікір алмасу арқылы кәсіби қарым-қатынасты нығайту және мұғалімдер қауымдастығының бірлігін арттыру. "Өнер - асыл  қазына"   атты   эстетикалық  сауаттылық  апталығы  аясында  " Ыбырай - медиа  телестудиясы " оқушыларымен бүркітші  Жағыпаров  Тұрсын  Қанатұлымен кездесу өтті.        Тақырыбы: “Бүркітшілік: Дәстүр мен Заманауилық Арасында”. Мақсаты: Бұл сыр - сұхбаттың мақсаты – бүркітшілік кәсібі туралы терең түсінік алу, бүркітшінің тәжірибесімен, қиындықтарымен және жетістіктерімен танысу. Сондай-ақ, бүркітшілік дәстүрінің сақталуы және дамуы туралы ақпарат алу көзделеді.                                                                   Өткізген: " Ыбырай — медиа  телестудиясы "  жетекшісі   А.Б.Әбдіразақов. "Өнер - асыл  қазына"   атты   эстетикалық  сауаттылық  апталығы  аясында  Социал Сабина 6 «А» сыныбына көркем еңбек сабағынан «Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен (ілгекпен) тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы)» тақырыбында ашық сабақ өткізді. “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырды.«Миға шабуыл»әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстырылды.Ой қозғау сұрақтарын топпен талқылады.Пән мұғалімінің сабағын талдай отырып, пәнді оқыту әдістемесін меңгерудің жақсы деңгейін атап өтуге болады. Сабақта әртүрлі жұмыс түрлерін қолданды. Атап өтсек: оқулықпен жұмыс, топтық, жұптық, өзіндік жұмыс түрлері көрсетілді. Сабақтың барысында оқытудың негізгі мақсаттары айқындалды және білім алушыларға бағалау өлшемдері ұсынылды. Сабақта қолайлы орта жасалды. Ұсыныс: Сабақтың әр кезеңіне білім алушыларға бағалау критерийлерін ұсыну: білім алушылардың жоспараланған жетістіктерін көрсету.

  1. - Оқушылардың өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын  қалыптастыру бойынша жүйелі түрде жұмыс істеу айтылды. Жас маман Амангельдин Баубек “Өнер - асыл қазына” атты эстетикалық апталығы аясында 9-11 сыныптар арасында волейбол жарысын өткізді.Осы апталық аясында Хумарбек Марғұлан 5-7-сыныптар арасында “Сырнай аспабының құрылысы және үйрену жолдары” тақырыбында аралас сабақ өткізді.Мақсаты: баян аспабының құрылысы және клавиатурасының жүйесін нақты меңгеру.Баян аспабының түйме басқыш құрылысымен нота графикасының ерекшеліктерін біліп, нотаны парақтан оқу дағдысын қалыптастыру.C-dur гаммасының орындалуы және саусақ қойылымын үйрету.Ноталарды ұзақтықпен санап ойнау (бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік).
    Қыркүйек айында жоспарға сәйкес жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында математика пәнінің мұғалімдері Токиш Еламанның «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбы, Тулепбекова Гүлімнің  «Жай сандар және құрама сандар, натурал сандар» тақырыбындағы сабақтарына қатыстық.Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Сонымен қатар оқушылар тапсырмаларды орындау кезінде бір- бірімен ақылдаса жұмыс жасауы, ұйымшылдыққа, бір- біріне сенім білдірулеріне, бір- бірінің жауабын сыйластықпен тыңдауы басшылыққа алынды.Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен орындалды. Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерн ескере отырып, уақытты дұрыс пайдалануға негіздеп, өздері шығарған есептерге ұқсас есептер берілді. Сабақтың қорытынды бөлімінде негізгі ойларды бекіту, рефлексия. Сабақты қорытындылау жүргізілді, үй тапсырмасы берілді. 

Ұсыныс:
- Оқуға талпынысы жоғары оқушылармен жұмысты жалғастыру.

-  Функционалдық сауаттылықты арттыру барысында әр деңгейдегі 
    тапсырмаларды  жүйеге енгізу.
-  Деңгейі төмен оқушылармен жұмысты жандандыру.

 

Жетістіктер: Токиш Еламан Алтайулы.«Clever» олимпиадасының аудандық кезеңінде Қайратұлы Алихан 1- орын,облыстық кезең - 3 орынды иеленді.«Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңінде 1- орын Иген Батыр, 2- орын Қайратұлы Алихан, Берғали Сұлтан, Жексенбек Арғын, 3 - орын Нұрахмет Бексұлтан, Дәулет Төреәлі, Ерболған Нұрымхандар иеленді.Мектепішілік пәндік олимпиадада: 1 -орын Қайратұлы Алихан Грамотамен марапатталды.
Азамат Назерке Азаматқызы. Мектепішілік пәндік олимпиада 2- орын Марат Аймира,Мейрамбек Інжу,Шойман Еркежан,3 –орын,Ниязова Көркем,Төлеубек Аруна «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңінде 1- орын Еркін Аружан,2- орын Мейрамбек Інжу, Ниязова Көркем,Сағынова Адия,Марат Аймира, 3 - орын Төлеген Сырым,Серік Айзада, Жанғазы Ақниет, Каргул Айзере, Сағат Ерасыл, Мұрат Арай,Төлеубек Аруналар жүлделі орындарға ие болды. «Clever» олимпиадасының мектепішілік кезеңінде Шойман Еркежан, Еркін Аружандар 3-орындарды иеленді.
Хумарбек Марғұлан Ауелұлы. VI республикалық “Hello, my school” байқауынан I дәрежелі диплом Төлеген Әмина,Тлеуғабыл Айарулар жүлдегер атанды.Жетекшісі Алғыс хатпен марапатталды.
Ізтілеу Ажархан Берікболқызы. Мектепішілік пәндік олимпиададан Қарғажан Аяла 1- орын, Ғарифолла Нұрәлі 2- орын, Қайрат Нұрислам сертификатпен марапатталды.Аудандық кезеңде Қарғажан Аяла сертификатпен марапатталды.
Тулепбекова Гулим Серибаевна. Мектепішілік «Алтын сақа» олимпиадасынан Алтаев Айсұлтан 1- орын Төлеген Алуа, Марат Аружан, Бөкейхан Кәусарлар иеленсе, жүлделі 2- орындарды Ермек Айзере, Амантай Айзере, Қамытбай Кәусар, Мақай Ерсұлтан, ал 3- орындарды Азаматқызы Айнара, Төлеуқұл Фариза, Жолдыбай Жаналилар иеленді.Аудандық кезеңде Төлеген Алуа Грамота, Алтаев Айсұлтан, Марат Аружан, Бөкейхан Кәусарлар сертификаттармен марапатталды. Мектепішілік пәндік олимпиадада 1- орын Алтаев Айсұлтан, 2 -орын Жолдыбай Жанали, 2- орын Төлеген Алуа, 3- орын Марат Аружандар иеленді. Шайкен Нұрислам,Нұрғазы Жандаулеттер сертификатпен иарапатталды. Аудандық пәндік олимпиада Алтаев Айсұлтан сертификатпен марапатталды.  Сонымен қатар, жас мамандарымыз Шет ауданының мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен  «Тілге құрмет – елге құрмет» атты аудандық фестиваліне қатысып жүлделі орын иеленіп, қосымша 50000 ақшалай сыйлыққа ие болды.

 

Қыркүйек,қазан айларында курстан өткен мұғалімдер тізімі
     2024 -2025 оқу жылы

Р/с

Мұғалімнің аты - жөні

   Курс атауы

 Өткен орны

Мерзімі

1

Азамат Назерке Азаматқызы

«SMART-оқыту: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары»

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»

21.10.2024-01.11.
2024ж

2

Ізтілеу Ажархан Берікболқызы

1. «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту (ілгерілемелі деңгей)»
2. «Негізгі мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесі»

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»

Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ пед.шебер.орталығы

23.09.2024-04.10.
2024 ж

 

20.09.2024 ж

3

Тулепбекова Гулим Серибаевна

«Негізгі мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесі»

Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ пед.шебер.орталығы

20.09.
2024 ж

4

Мейренбай Жанерке Талғатқызы

«Негізгі мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесі»

Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ пед.шебер.орталығы

20.09.
2024 ж


Мектептің жақсы нәтиже көрсетуіне жас маманның да алар орны ерекше. Өйткені әр жас мұғалім өз пәнін жетік біліп, сабағын жақсы өткізсе, балаларға дұрыс білім беретін болса және мектептегі жақсы оқитын оқушылар болашақта мұғалім болуға ықпал жасаса, міне, қазіргі жас маманнан күтетін нәтижеміз. Қатарының алды болып, ұйымшыл, қандай істе де өз ұйымшылдықтарын көрсетсе, сондай-ақ тәртіпті де, дарынды болса мектептің ісінің алға басуына бірден бір септігін тигізетіні анық. Болашақ жастардың қолында, демек мектептің болашағы қазіргі жас мұғалімдердің қолында екені баршаға аян. Сондықтан , жас мұғалімдерге қолдау көрсету, бағыттау әдістемелік кеңестің міндеті.

 

 

            «Жас мамандар мектебінің» жетекшісі Сағындықова Гүлмира Аманқұлқызы.

Новости