back-image
"Ы.Алтынсарин атындағы (РО) жанындағы Интернат " КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ы.Алтынсарин атындағы (РО) жанындағы Интернат " КММ
Сәт сапар, жас түлек!
20-06-2025 16:44
Сәт сапар, жас түлек!

2025 жылдың 18 маусымда мектебіміздің 75-ші түлектеріне “Жалпы орта білім туралы аттестат” берілді.
25 мектеп түлектерінің ішінде 2 алтын белгі иегерлері:
1. Алпысбай Батырхан Қанатұлы;
2. Нұрғали Алтынай Талғатқызы.
3 үздік аттестат иегерлері:
1. Елеу Диляра Ердосқызы;
2. Сембай Айым Дәуренқызы;
3. Серік Нұрмұхаммед Бақытжанұлы.
Басқа мектеп бітіруші түлектер мектеп бойынша аудан, облыс, республика көлемінде олимпиада, әр түрлі өнер бәйгесінде, ғылыми жоба-жарыстарында жоғары нәтиже көрсеткен мектеп бітіруші түлектерге «Жас ғалым», «Олимпиада жұлдызы», «Үздік спортшы», «Жас талант», «Ауыл болашағы», «Көркем сөз шебері», «Жас өнерпаз», «Жас кәсіпкер», «Шебер қолдар», «Жас сарбаз» номинацияларымен марапатталды.
Барлық түлектердің ата-анасына мектеп директорының атынан «Алғыс хат» табысталды.
“Құрметті түлектер!
Мектеп өмірінің маңызды бір белесі — аттестат алу кешімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі күн — сіздер үшін балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын жарқын сәт.
Сіздерге келешек өмір жолында:
Биік мақсаттар мен асқақ армандар тілейміз.
Таңдаған мамандықтарыңыз жүректеріңізге жақын, өмірлік жолдарыңыз сәтті болсын.
Жан-жақты дамыған, білімді, отаншыл азаматтар болыңыздар.
Қай жерде жүрсеңіздер де, мектептегі ыстық сәттер мен ұстаздар берген тәрбиені ұмытпаңыздар.
Өмір жолдарыңыз жарық, ал болашақтарыңыз жарқын болсын!
Сәт сапар, жас түлек!”

Новости