back-image
"Ы.Алтынсарин атындағы (РО) жанындағы Интернат " КММ
Организации> "Ы.Алтынсарин атындағы (РО) жанындағы Интернат " КММ

«Ибрахим Алтынсарыұлы» мұражайы

  «Ибрахим Алтынсарыұлы» мұражайы — Ы Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО) жанындағы интернатта орналасқан. Мұражайдың жалпы алаңы – 48,38кв.м. Мұражайдын ашылуына мектеп ұжымы қорларды толтыру үшін үлкен жұмыс атқарды. Алтынсариннің мұражайын ашу мақсатында шығармашылық топ  Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин мұражайына барып мағлұматтар жинап болашақ ұрпаққа дәріптеу үшін құнды материалдар жинақтап қайтты. Меморандумға мектеп директорының міндетін атқарушы Садибекова Алтын Медетбекқызы мен Ы.Алтынсарин Қостанай облыстық мемориалдық музейінің басшысы Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы болашақта ынтымақтастықта жұмыс жасау үшін меморандумға отырып келісімшартқа қол қойылды.

   

   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 90 жылдық тарихы бар мектебімізде 2020 жылдың 15 желтоқсанында ұлы ғалым, ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойы қарсанына Ыбырай Алтынсарин атына «Ибраhим Алтынсарыұлы» мұражайы ашылды. «Даланың дара ұстазы» атанған ұлы педагог, ағартушы ақын, жазушы Ы.Алтынсариннің мұражайының ашылу салтанатына аудан әкімі Мұқтаров Мұхит Сайлауұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Смағұл Елдос Жарылғапұлы қатысты. Мұражайдың лентасын қию құрметі аудандық білім бөлімінің, атаулы мектеп мұражайларын ұйымдастырушы әдіскері Амирова Жанат Акмолдаевнаға ұсынылды.

 

Лента қиылған соң құрметті қонақтар мұражайға тамашалауға шақырылды. Мектеп оқушылары Ыбырай Алтынсаринға қатысты мәліметтерді айтып, тарих тылсымынан сыр шертіп, сөрелер «сөйлей» бастады.

 

Мұражайға келген қонақтар жақсы лебіздерімен бөлісіп, құрметті қонақтар кітабына қолтаңбаларын қалдырып, естелік суретке түсті. 

 

 

Мұражайда Ұлы ұстаздың шығармашылығы мен өмірінің сан қыры көр­сетілген кітаптары, ұстаздық жолындағы ерен еңбегі, қазақ даласына ашқан мектептерінің макеттері, фотосуреттер рет-ретімен қойылған.

 

 

Новости