
2024-2025 оқу жылының нәтижесі бойынша мектеп түлектері Алпысбай Батырхан мен Нұрғали Алтынайды «Алтын белгі» төсбелгісі мен «Алғыс хат» қосымша 50000 тг құрайтын сертификат пен атаулы кубокпен Шет ауданының білім бөлімінің басшысы Абенова Раушан Бекайдаровна марапаттады.
“Алтын белгі” — тек үздік бағалардың ғана емес, биік мақсаттар мен мықты ерік-жігердің белгісі. Алдарыңызда ашылатын жаңа өмір жолында осы қасиеттеріңіз сіздерге әрдайым жол көрсетіп, табыстарға жетелей берсін!
Армандарыңыз асқақ, жолдарыңыз ашық болсын! Еліміздің білімді де тәрбиелі азаматы болып, туған жеріңіздің мақтанышы бола беріңіздер!