Қарағанды облысы білім басқармасының
Шет ауданы білім бөлімінің
Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі ресурстық орталық
жанындағы интернат
Тәрбие жұмысы бойынша талдауы
2023-2024 оқу жылы
Тәрбие жұмысының негізгі құндылықтарына сәйкес құрылған жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды. Өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға талдау арқылы 2023-2024 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: сынып жетекшілер тағайындалып, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды. Тәрбие жоспарының құндылықтарын ескере отырып, әр сыныпқа сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді. Сынып бөлмелерінде «Сынып бұрышы», «Еліміздің рәміздері» бұрыштары нұсқауға сай ілініп, күнделікті оқушылардың сабаққа келіп,кетулері тексеріліп отырды. Мектеп медбикесі әр дүйсенбі сайын оқушылардың тазалығы тексеріп, қадағалайды. Оқу жылы басынан әр сыныпта сынып сағаттары және саптық жиын өтіліп, өткен аптаның қорытындысы шығарылып отырады.
1.Мектеп бойынша барлық оқушы саны – 367
2. Сынып комплектісі - 20
Оның ішінде: а) бастауыш сынып -113 ; ә) 5-9 сынып –184, б) 10-11 сынып 50
Әлеуметтік жағдайы бойынша барлығы 60.Көп балалы отбасынан – 40 оқушы,
толық емес отбасынан – 5 оқушы, табысы аз отбасынан – 15 оқушы.
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері:
Тәрбие мақсаты:
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Ата ананың өсиетін тыңдауға,отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге,перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
- Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін,мемелекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келсім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға отаншылдық пен мемелекетшілдікке тәрбиелеу.
- Жақсылыққа игілікке бой түзеуге абыройлы болуға ар ұждан намыс,жауапкершілік мейірімділік қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
- Денсаулықты қадірлеуге,салауатты өмір салтын ұстануға ойдың тазалығын және эмоцияионалды тұрақтылыққа баулу
- Табиғатқа,табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу
Күтілетін нәтиже:
1.Ата –анасын сыйлайды,перзенттік парызын түсінеді, «жеті ата» «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды,отбасы мен берекесін қадірлейді.
2.Отаншыл,мемлекетшіл,намысшыл халқына адал қызмет етуді мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді салт дәстүрерді біледі оны сақтайды
3.Әр ісіне қадамына жауапкершілікпен қарайды әдепті және мейірімді сөзіне берік ісіне адал кішіге ізет үлкенге құрмет көрсетіледі,ар ұятты жоғары бағалайды.
4.Жан мен тән тазалығын сақтайды дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді эмоционалды жай күйін басқарады.
5.Тұратын үйін ауласын қаласын таза ұстайды қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.
ТӘРБИЕ ҚҰНДЫҚТАРЫ
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ
АР – ҰЯТ
ТАЛАП
Тәрбие жұмысының негізгі құндылықтарына сәйкес кешенді жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды:
-1 қыркүйек Білім күні «Мектеп мейірім - мекені» тақырыбында Білім күні «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны мәжіліс залында мерекеге сай безендіріліп өткізілді. Жиынға ата-аналар,ардагер ұстаздар, мектеп әкімшілігі,ұстаздар мен оқушылар қатысты. Салтанатты жиыннан кейін әрбір сыныпта «Мектеп мейірім - мекені» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Барлық сыныптар білім күніне арналған сынып сағаттарын өз деңгейлерінде өткізілді. Салтанатты саптық жиын ұйымдастырылды.
-5 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесі күніне орай ұйымдастырылатын
іс – шаралар жоспары бекітіліп бірқатар жұмыстар атқарылды.
«Тоғыз айда,тоғыз іс-шара»тұжырымдамасы шеңберінде мектебіміздің білім алушылардың дене белсенділігін арттыру мақсатында «Дене сергіту» челленджі өткізілді.
15 қыркүйек Отбасы күніне орай жоспар құрылып,сол жоспар бойынша іс-шаралар атқарылды.Салауатты өмір салты ұстану,оқушыларды ептілікке,шымырлыққа баулу мақсатында оқушылар арасында спорттық ойындар ұйымдастырылды.«Адал ұрпақ»волонтерлық ұйым ашылған . Ұйым құрамында 14 адам бар.Бұл ұйымның жетекшісі: Бекишева Рауана Онгарбековна. Волонтерлық ұйымның мақсаты: күндегі тұрмысқа және оның проблемаларына дайын адамның жүріс-тұрысының жаңа моделін қалыптастыру. Міндеттер: Адамгершілік тұлғалық қасиеттерін дамыту: басқа адамдарға көмектесу ықыласын, өзінің ақтығын дәлелдеу және басқа адамдардың әділдігін мойындау ептілігін және т.б.Ұрпақтардың тәжірибесіне сүйеніп, мектеп ұжымының жетістіктерін насихаттау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Айналадағылардың адамгершілік істерін сыни ұғыну және саралау жәрмеңкесі өткізіліп жәрмеңкеден жиналған қаражат Ақсу-Аюлы селосындағы жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік алуға жұмсалды,жалғыбасты аналарға,қарт-қарияларға қол ұшын беріп көмек беруде..
«Тоғыз айда,тоғыз іс-шара» жобасы аясында асық атудан ер балалар арасында мектепішілік жарыс өткізілді.Асық ойыны -қазақ халқының дәстүрлі ойыны.
Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін,эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу,елдің мәдени мұрасын сақтау,ұлттық ойындарды насихаттау.
Еңбек күніне орай»Адал азамат-адал еңбек» еңбегі сіңген ұстаздар мен сұхбат жүргізілді.
-Қыз балалар мен ер балалардың тазалықтары,тәртіптері туралы және де электронды темекі,нашақорлық туралы әңгіме,түіснідрме жұмыстары жүргізіліп оқуышылармен жалпы жиналыс ұйымдастырылды.Құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында лекция оқылды. Мектептің жалпы тәртіптері мен талаптары таныстырылды.
-1 қазан Қарттар күні орай мектебімізде қарттар күніне орай жоспар құрылып сол жоспар бойынша іс-шаралар атқарылды. Атқарылған іс-шаралардың мақсаты қарттарымызды қадірлеп, сыйлап, үлгі алып, баталарын алу. «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік концерт, сынып сағаттары ұйымдастырылды. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
«Қарты бардың –қазынасы бар»тақырыбында фотоколлаж ұйымдастырылды.
Ұстаздар күніне орай « Ұстазым саған мың алғыс» тақырыбы аясында «Өзін – өзі басқару» ұйымының басқаруымен 5-қазан Дублер күні аталып өтті. Оқушылар видео құттықтаулар түсіріп және мерекелік концерт ұйымдастырды.Ұйымдастырылған концерт барысында мектеп басшысы ұстаздарды аудандық, кәсіподақ ұйымы және мектепішілік марапаттаулармен марапаттады. «Өзін – өзі басқару» ұйымы ұстаздарға гүл шоқтарын табыс етті. 10 сынып оқушылары ұстаздарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырып жақсы көңіл-күй сыйлады.
«Өнегелі өмір» жобасы /Рухани келісім күніне орай кездесу,діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу/ Діни экстремизм тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылып, теолог мамандардың қатысуымен жиналыс өткізілді.
- «Өнегелі өмір» жобасы аясында ардагер ұстаздармен, еңбек ардагерлерімен, кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. 9-10-11 сынып оқушыларымен бетпе-бет кездесу арқылы бағыт -бағдар беру мақсатында, жас жеткіншектерге тың пікірлермен ой бөлісуге шақырып, сұхбаттасу, Ел қалаулысы болған тұлғаларымыздың еңбегін насихаттау арқылы әсемдікке, елжандылыққа,жас буынды отан сүйгіштікке тәрбиелеу; олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
-Челлендж ҚР мемлекеттік гимн орындау.Мектеп оқушыларымен гимн орындалды.
-25-қазан Республика күнін мерекелеуге жоспар құрылып бірқатар іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар өткізілді. Сынып сағаттары, саптық жиын ұйымдастырылды.
Қазан айының соңы оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке, сұлулыққа баулу мақсатында мектепішілік оқушылар арасында «Алтын күз» және «Күз сұлулығы – 2023» іс-шаралары өткізілді.
Алтын күз ертеңгілігі аясында 1-4 сынып оқушылары арасында көрме,сурет байқауы ұйымдастырылды.
«Мектепке жол » акциясы бойынша іс – шаралар жоспары бекітіліп жұмыстар жүргізілді. Дәстүрлі жалпы республикалық қайрымдылық деңгейде мектеп жасындағы балаларды мектепке тарту мақсатында өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясы жан – жақты өз жалғасын табуда.Мекеме қызметкерлері оқушыларға өз тараптарынан ақшалай және киім-кешек, оқу құралдарымен көмектесті. Әр мекеме акция соңында алғыс хаттармен марапатталды.
Сыбайласжемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» клубтары жоспар бойынша жұмыстар атқаруда.
«Тоғыз айға, тоғыз іс-шара» челлендж «Шығарма жазу» болашаққа хат эссе жазды.
-18 желтоқсан Тәуелсіздік күні орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» сынып сағаттары,бейне сабақтары, «Тәуелсіздік ұрпағы» тақырыбында салтанатты саптық жиын ұйымдастырылды. Оқушыларды «Жас ұлан» « Жас Қыран» ұйымына оқушыларды қабылданды. «Тәуелсіздік — ел бақыты!» сурет байқауы 2-4 сыныптар, 5-8 сыныптар газет шығарды.
24 желтоқсан халық батыры Бауыржан Момышұлының күні қарсаңында сынып сағаттары ұйымдастырылып,батыр туралы мәліметтер айтылды.
-«Қош келдің, Жаңа жыл» мерекесін қарсы алуға арналған Ертеңгіліктер мен Бал Маскарад кештері ұйымдастырылды. Мектеп ішін Жаңа жылдық мерекеге сай безендіру жұмыстары жүргізілді.
«Әкенің төріне сенбе,еткен еңбегіне сен» әкенің берген тәрбиесін ешқай мектеп бере алмайды. Әкелеріне арнап сыныптар да тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді. Отбасындағы әке тәрбиесінің маңыздылығы,әкеге деген құрметі,әкенің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру мақсатында әкелер сайысы ұйымдастырылды.
№ |
Іс шара атауы |
Іс-шара туралы мәлімет |
1 |
«Әкемнің жұмысындағы бір күн» |
Әкелер айлығы аясында «Әкемнің жұмысындағы бір күн» Әкесінің жұмысындағы бір күні туралы бейнероликтер түсіріліп,әңгіме жүргізілді. |
2 |
«Әкешім менің –мақтанышым» |
Әкелер айлығы аясында 4-11 сынып оқушылары аралығында «Әкешім менің –мақтанышым» тақырыбында эссе
|
3 |
«Мен әкеммен мақтанамын» |
Әкелер айлығы аясында «Мен әкеммен мақтанамын» әкелеріміздің құрметіне ұстаздар қауымы ән арнады. |
4 |
«Әке –тірек,бала-жүрек» |
Әкелер айлығы аясында «Әке-тірек,бала-жүрек» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.сынып сағатының мақсаты:әкеге деген құрмет көрсету,әкенің еңбегін бағалау |
5 |
«Ұлттық ойын –ұлт қазынасы» |
«Ұлттық ойын –ұлт қазынасы» тақырыбында әке,бала арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Мақсаты:Ата-аналарды мектепке тартып,мектеппен тығыз байланыс орнату. |
6 |
«Мың алғыс әке,,,,» |
Әкелер айлығы аясында оқушылар өз әкелерге өз құттықтауларын арнап,әндерін тарту етті |
Әр оқушы әке туралы өз ойларын қағаз бетіне түсіріп эссе жазды.
-Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау,алдын-алу мақсатында жиналыстар ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құқық бұзушылықтың алдын-алу, болдырмау мақсатында мектеп әкімшілігінің қатысуымен жалпы жиналыс өткізілді.Оқушылардың қауіпсіздігін бақылау,көшеде беталды жүрмеу мақсатында айына 2-3 рет рейд ұйымдастырылады,мұғалімдеріміз кент учаскеліп полициямен бірлесе отырып
«Адал ұрпақ» клубының жұмысы. Сыбайласжемқорлыққа қарсы «Адал бол» марафоны
15 ақпан кеңес әскерлерінің ауғанстан жерінен шығарылған күні қарсаңында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізіліп, әңгіме жүргізілді. Кездесу барысында оқушыларымыз сұрақтар қойып ардагерлер бастарынана кешкен қиыншылықтарын еске алады.Ардагерлерімізге бас иіп,тағзым етеміз.Сыныптарда сынып сағаттары өткізіліп,оқушылар мағлұмат берілді.
-Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Бұрынғы бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан.Сондықтан - айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесім тапқан мерекесі.Алғыс айту күні «Бұл – өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін мейрам. Алғыс айту мерекесі қарсаңында сынып сағаттары ұйымдастырылып,оқушылар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп рақметтерін айтты.
-8 наурыз Аналар мерекесі. Аналар мерекесі қарсаңында сынып сағаттары ұйымдастырылып,оқушыларға мерекеге арнап концерт ұйымдастырды.«Бәрі де Ана бір өзіңнен басталады» 8 наурыз Аналар мерекесі қарсаңында құттықтау 22 наурыз мерекесі қарсаңында іс-шаралар ұйымдастырылып,концерттік бағдарлама өткізіліп,ұлттық ойындар ойнатылды.
Наурыз мерекесі қарсаңында оқушылар арасында «Қара жорға» биі ұйымдастырылды.
«Домбыра Party» домбырашылар челленджі ұйымдастырылды.
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі (1975), КСРО халық әртісі (1984), Халық Қаһарманы (1998). 1 сәуір қазақ өнері Нұрғиса Тлендиевтің туған күніне орай сынып сағаттары ұйымдастырылып,оқушыларға мәліметтер берілді.
-«Тоғыз айға,тоғыз іс-шара»
-Ұлттық киім күні қарсаңында ұлттық киімдерді насихаттау мақсатында оқушылар арасында ұлттық кимідер көрсетілімі ұйымдастырылды.
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.
Жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін.
7 май Отан қорғаушылар күні орай сынып сағаттары ұйымдастырылып,оқушыларға мағлұмат берілді.
24 мамыр « Білімім –Отаным» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.
12 мамыр аналар мерекесі қарсаңында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
«Жасыл қазақстан»таза экология аясында мектеп ауласын тазарту, оқушыларды тазалыққа баулу.
2023-2024 оқу жылының тәрбие жоспары: https://docs.google.com/document/d/1gz0DQQAw4qN_a7fTnMZVDR1cCo-YU8hY/edit?usp=sharing&ouid=100433082989023243478&rtpof=true&sd=true
Тәлімгердің 2023-2024 оқу жылының талдауы: https://disk.yandex.ru/d/oSdmcbHsoRq3Xg
Әлеуметтік педагогтің 2023-2024 оқу жылының талдауы: https://drive.google.com/file/d/170Frvq_6Y9qzFX1FT3GnNXkdFgov9rzr/view?usp=drive_link
Педагог-психологтың 2023-2024 оқу жылының талдауы: https://drive.google.com/file/d/1EbWSYpmNeAKfglx_ZYVsxL4TSFGc7dvy/view?usp=sharing