back-image
"Ы.Алтынсарин атындағы (РО) жанындағы Интернат " КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ы.Алтынсарин атындағы (РО) жанындағы Интернат " КММ

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс

2023-2024 оқу жылында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға оқытуды ұйымдастыру

 

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.

Инклюзивті білім беру – баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процесі. Балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы мен әлеуметтік бейімделуі, социумге кірігуін көздейді.

Оқу жылының басында «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін құру туралы», «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құрамына өзгеріс енгізу», «Үйден оқытуды ұйымдастыру туралы», «Үйде оқыту бойынша пән мұғалімдерінің жүктемесі», «Инклюзивті білім беру сыныптарын ашу туралы» локалды актілер орындалды. Сонымен қатар, жыл бойы кеткен, келген оқушыларға шығарылатын бұйрықтар орындалды.

2023-2024 оқу жылына «Инклюзивті білім беру бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жоспары» құрылды.

 

Арнайы мамандардың сапалық құрамы

 

Арнайы мамандар

Санаты

Оқу жылы бойынша

2023-2024 оқу жылы

Арнайы педагог

Санаты жоқ

1

Логопед

Санаты жоқ

1

Педагог- психолог

Санаты жоқ

0,5

Педагог-ассистент

Педагог-модератор

0,5

2023-2024 оқу жылында арнайы педагог 1 бірлік, 1 маман, санаты жоқ. Логопед 1 бірлік, 1 маман, санаты жоқ. Педагог-психолог 0,5 бірлік, санаты жоқ. Педагог-ассистент 0,5 бірлік, санаты педагог-модератор.

 

Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар тізімі

 

2023-2024 оқу жылының басында ЕББҚ бар оқушылар саны – 10. Үйден оқыту бойынша – 1 оқушы. Оқу жылының ІІ тоқсан соңында басқа мектептен ЕББҚ бар 1 оқушы басқа мектептен ауысты, оқушының ВКК анықтамасына сәйкес үйден оқыту ұйымдастырылды. Оқу бағдарламасы бойынша бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы бойынша - 2, жеке оқыту бағдарламасымен – 9 оқушы.

 

    Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары (арнайы педагог, педагог-логопед, педагог-психолог) оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары (форма 2а, 2б) толтырылды.

    Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар (1а, 1б формалары), оқушылардың коммуникативті паспорттары толтырылып, зерттелінді.

    Терең арнайы педагогикалық диагностикада оқушылардың негізгі пәндердің оқу бағдарламаларын (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану) меңгеру деңгейі анықталды, оқу жетістіктерінің карталары толтырылды. Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін арнайы мамандар (арнайы педагог, педагог-логопед педагог-психолог, әлеуметтік педагог) анықтап, ұжымдық талқылау жүргізілді. (Әр оқушыға 3-форма, 4-форма, 5-формалары толтырылды).

            Жеке және бейімделген оқу бағдарламаларына сәйкес жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрылды. Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес түзете-дамыту сабақтары жүргізілді. Түзете-дамыту сабақтары екі негізгі пәнді біріктіре отырып өткізілді.

    Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау мақсатында оқу жылының басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың соңында ереше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары және оқу жетістіктері карталары толтырылды. Бірінші жартыжылдықтан кейін және оқу жылының соңында түзете-дамыту жұмыстарына мониторинг жасалды. 1 оқушы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырысының шешімімен ПМПК жолданды. Жеке оқу бағдарламасымен оқитын оқушыларда негізгі пәндер бойынша динамика байқалады (жетістіктер картасында белгіленді). ПМПК қорытындысы және терең педагогикалық диагностика нәтижесінде 2023-2024 оқу жылында  жеке оқу бағдарламалары әзірленді.

2023-2024 оқу жылына 1 оқушыға ОПМПК қорытындысы бойынша педагог-ассистент маманы ұсынылып, тағайындалды. Маман тарапынан оқушыға толықтай көмек ұсынылды.

«ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 500 заңға сүйене отырып жеке оқыту бағдарламасы құрылды.

 

  Жеке оқыту бағдарламасымен оқитын оқушыларға special-edu.kz сайтындағы арнайы білім беруге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер негізінде құрастырылуда. Арнайы мамандардың түзете-дамыту жұмыстарының сабақ кестелері құрылып, кестеге сай жұмыс жүргізілді.

2023-2024оқу жылының соңында жоспарға сай атқарылған іс-шаралар қорытындысы бойыншы жылдық есеп жасалынды.

Новости