2024-2025 оқу жылында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға оқытуды ұйымдастыру
Мектебімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығына сәйкес ЕББҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі құрылды. Психологиялық қолдау қызметінің құрамы бекітіліп, 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық жоспары мен Ережесі әзірленді. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құрамына тұрақты түрде: төрағасы - мектеп директоры, мүшелері – педагог-психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагог, логопед және де сынып жетекшілер кіреді. ППқ отырыстары жоспарға сәйкес өткізілуде.
Оқу жылының басында «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін құру туралы», «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құрамына өзгеріс енгізу», «Инклюзивті білім беру сыныптарын ашу туралы» локалды актілер орындалды. Сонымен қатар, жыл бойы кеткен, келген оқушыларға шығарылатын бұйрықтар орындалды.
Арнайы мамандардың сапалық құрамы
Арнайы мамандар |
Санаты |
Оқу жылы бойынша |
2023-2024 оқу жылы |
||
Педагог-дефектолог |
Педагог-модератор |
1 |
Педагог-логопед |
Санаты жоқ |
0,5 |
Санаты жоқ |
0,5 |
|
Педагог- психолог |
Санаты жоқ |
0,5 |
Педагог-ассистент |
Санаты жоқ |
0,5 |
2024-2025 оқу жылында педагог-дефектолог 1 бірлік, 1 маман, санаты педагог-модератор. Логопед 0,5 бірлік, 2 маман, санаты жоқ. Педагог-психолог 0,5 бірлік, санаты жоқ. Педагог-ассистент 0,5 бірлік, санаты жоқ.
Педагог-дефектолог 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық жұмыс, білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау, оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау, кеңестік-әдістемелік қызмет, өзін-өзі дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.
Логопедтің 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық жұмыс, білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау, оқушыларға арнайы логопедиялық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау, кеңестік-әдістемелік қызмет, өзін-өзі дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар тізімі
Қыркүйек айының 1-15 аралығында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға терең педагогикалық диагностика жүргізу мақсатында оқу бағдарламаларына сәйкес дидактикалық материалдар, оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау формалары (форма 2а, 2б), оқушылардың негізгі оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерінің бланкілері дайындалды. Оқу жетістіктерінің бланкілері негізгі пәндердің (математика, қазақ тілі) оқу бағдарламаларының мазмұны негізінде жасалды.
2024-2025 оқу жылында мектебімізде ОПМПК қорытындысы бойынша – 12 оқушы. Оның ішінде үйден оқыту бойынша – 2 оқушы.
2024-2025 оқу жылының басында мектебіміздегі ЕББҚ бар - бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы бойынша - 3, жеке оқыту бағдарламасымен – 7 оқушы. Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылармен жұмысты ұйымдастыруда біріншіден ОПМПК ұсынысы негізге алынды.
2024-2025 оқу жылының ІІ-тоқсаныңда ЕББҚ бар 1 оқушы (6 сынып) денсаулық жағдайы (ВКК анықтамасы) және ата-ана өтініші бойынша үйден оқытуға ауыстырылды.
«ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 500 заңға сүйене отырып жеке оқыту бағдарламасы құрылды.
Жеке оқыту бағдарламалары
Жеке оқыту бағдарламасымен оқитын оқушыларға special-edu.kz сайтындағы арнайы білім беруге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер негізінде құрастырылуда. Арнайы мамандардың түзете-дамыту жұмыстарының сабақ кестелері құрылы, кестеге сай жұмыс жүргізілді.