Білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүдделерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыру
Мектебімізде Шет ауданының білім бөлімінің 2020 жылғы 9 қыркүйек №99 бұйрығына сәйкес ИББ бойынша Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ-де стажерлық алаң ашылды.
Инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда келесі заңдар мен әдістемелік нұсқау хатқа сүйенеміз:
- ҚР ОАМ 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрық
- ҚР БҒМ 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығы;
- ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы;
- ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 қаңдардағы № 4 бұйрығы
- ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 қаңдардағы № 6 бұйрығы
- «Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құжаттары» әдістемелік ұсынымдар, Қарағанды 2022 жыл.
2022-2023 оқу жылында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға оқытуды ұйымдастыру
Президентіміз Қ.К. Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында: «Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек» деп атап өтті.
Сонымен қатар мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс» деп белгілеп өтті.
Оқу жылының басында «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін құру туралы», «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құрамына өзгеріс енгізу», «Үйден оқытуды ұйымдастыру туралы», «Үйде оқыту бойынша пән мұғалімдерінің жүктемесі», «Инклюзивті білім беру сыныптарын ашу туралы» локалды актілер орындалды. Сонымен қатар, жыл бойы кеткен, келген оқушыларға шығарылатын бұйрықтар орындалды.
«Білім беру ұйымындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құрамын бекіту туралы», «Мектепішілік психологиялық-педагогикалық қолдау кеңесі жоспары», «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс жоспары», ережелері бекітілді.
2022-2023 оқу жылына «Инклюзивті білім беру бойынша 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспары» құрылды.
Арнайы мамандардың сапалық құрамы
Арнайы мамандар |
Санаты |
Оқу жылы бойынша |
2022-2023 оқу жылы |
||
Арнайы педагог |
Санаты жоқ |
0,5 |
Логопед |
Санаты жоқ |
0,5 |
Педагог- психолог |
Санаты жоқ |
0,5 |
2022-2023 оқу жылында: Арнайы педагог 0,5 бірлік, санаты жоқ. Логопед 0,5 бірлік, санаты жоқ. Педагог-психолог 0,5 бірлік, санаты жоқ .
Арнайы мамандардың сабақ кестесіне сай жылдық жоспарлары, сабақ кестелері құрылды.
Ерекше білім қажеттілігі бар оқушылар тізімі
2022-2023 оқу жылында ерекше білім қажеттілігі бар – 8 оқушы. Оның ішінде үйде оқитын оқушы саны – 1. 2022-2023 оқу жылы басында: жеке оқу бағдарламасымен – 5, бейімделген оқу бағдарламасымен – 2 оқушы.
Жеке оқыту бағдарламасымен оқитын оқушыларға special-edu.kz сайтындағы арнайы білім беруге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер қолданылды.