Мектебімізде 1994-2004 жылдар аралығында оқып, мектебіміздің үздік оқушысы болған Темірбеков Мерхаят Болатбекұлының рухын еске алу мақсатында 1988 жылы туған сыныптастарының ұйымдастыруымен мектептің 7-10 сынып оқушыларынан құрылған 4 топтың 16 оқушысы арасында “Зерде” зияткерлік ойыны өтті. Ойын 4 негізгі кезең және 1 қосымша кезеңнен тұрды. Тапсырмалар бірнеше пәнді қамтыды. Оқушылар өз білімдерін ортаға салып, топтарын алға ұмтылдырды. Ойынның өтуіне сыныптастары демеушілік көрсетіп, естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, 1 орын алған топқа 32000 тг, 2 орын алған топ 24000 тг, 3 орын алған топ 20000 тг және 4 орын алған топқа 16000 теңге ақшалай сыйақымен “Үздіктер слетінде” марапатталады.
Темірбеков Мерхаят Болатбекұлының рухын еске алу мақсатында 1988 жылы туған сыныптастарының ұйымдастыруымен мектептің 7-10 сынып оқушыларынан құрылған 4 топтың 16 оқушысы арасында “Зерде” зияткерлік ойыны өтті.