back-image
КГУ "Интернат при ОШ (РЦ) имени Ы.Алтынсарина"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Интернат при ОШ (РЦ) имени Ы.Алтынсарина"
Күн тәртібіне сәйкес “Достық” -лагерінің 3-күні Рәміздер күніне арналған Әнұран айтумен бастау алды.
04-06-2025 11:00
Күн тәртібіне сәйкес “Достық” -лагерінің 3-күні Рәміздер күніне арналған Әнұран айтумен бастау алды.

Күн тәртібіне сәйкес “Достық” -лагерінің 3-күні Рәміздер күніне арналған Әнұран айтумен бастау алды. Ары қарай оқушылар күнделікті таңғы жаттығу мен сергек билерімен күндерін көтеріңкі көңіл-күймен бастады. Психолог маманы Рәміздер күніне арнап әртүрлі қызықты тапсырмалар орындатты. Оқушылар жоспарға сай аудандық мұражайға саяхатқа барды. Мұражай қызметкерлері Рәміздер күніне арнап оқушыларға мәлімет беріп, рәміз авторларымен таныстырып өтті.
Оқушылар үшін жылдың ең сүйікті мезгілі - жаз және жазғы демалыс. Бұл балалардың дамуына, тәрбиесіне, денсаулығына өте маңызды рөл атқарады. Лагерьде демалу тек қарапайым жазғы демалыс емес, ол баланың өсіп-өркендеуі үшін маңызды қадам болып табылады. Лагерь - балаға тәуелсіз және жауапты болуға көмектесетін қандайда да бір еркіндік берудің керемет мүмкіндігі. Лагерьде бала қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге, командамен жұмыс істеп үйренуге, достар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Новости