
Достық лагеріндегі екінші күн ерекше әсерлі және қызықты өтті. Таңертең жаттығудан басталған күн балаларға сергектік пен қуаныш сыйлады. Жаттығудан кейін лагерь қатысушылары өрт сөндірушілермен кездесті. Олар өрт сөндірушілердің батыл еңбегімен танысып, арнайы техника мен құралдарды өз көздерімен көріп, тіпті кейбірін қолданып көрді. Бұл кездесу балалардың қауіпсіздік туралы білімін арттырып, мамандықтарға деген қызығушылығын оятты. Күні бойы қуаныш пен қызыққа толы әсерлі сәттер есте қаларлықтай болды!