
Бүгін 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жеңіл атлетикадан жас ерекшеліктеріне байланысты жүгіруден аудандық жарыс өтті. Аталмыш жарыста мектебіміздің оқушысы Е.Тлеубек 9-10-11 сынып қыздарының арасында 1000 метр қашықтықта ІІІ-орынды иеленді және мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі Б.Амангелді 18-29 жас ерекшелігіне байланысты 3000 метр қашықтыққа жүгіруден жүлделі ІІ-орын ие болды. Сондай -ақ, айта кетейік мектебіміз жалпы командалық есепте ІІІ-орынға тұрақтады. Осыған орай, мектебіміздің намысын қорғап жүрген барша спортшыларымызға алғыс білдіре отырып, жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз.