Мектеп асханасындағы тамақты ұйымдастыру сапасына бақылау бойынша құрылған мониторингтік топ иектеп асханасына бақылау жүргізді. 26 қыркүйек күнгі жүргізілген мониторингта жалпы асхана жұмысы тексерілді. Бақылау жүргізу барысында асхананың санитарлық жағдайы , тамақтанудың кестеге сәйкес жүргізілуі, ас мәзірінің бекітілген мәзірге сәйкестігі, қоймадағы азық - түліктердің сақталуы, сапа сертификаттарының болуы, асхана құжаттарының жүргізілуі қаралды. Мониторинг топ ай сайын өз жұмысын жалғастыратын болады.
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізген комиссия төрағасы:
Мектеп директоры - Д.Д.Бакаев
Комиссия мүшелері:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - М.Е.Ерикова
Әлеуметтік педагог - А.С.Серікбаева
Медбике - В.М.Тугельбаева
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы - А.Т.Тулепбергенова
Ата-ана - Г.Ж.Дюсембаева
Ата-ана - Г.З.Есмаганбетова