back-image
КГУ "Интернат при ОШ (РЦ) имени Ы.Алтынсарина"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Интернат при ОШ (РЦ) имени Ы.Алтынсарина"
ХАБАРЛАНДЫРУ!
30-07-2024 09:19
ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті ата-аналар!
Жаңа оқу жылының қарсаңында мектептерде
жалпыға бірдей білім беру қорының есебінен түрлі санаттағы балаларға материалдық көмек көрсету жұмысы жалғасуда.
Мектептің алқалы органы - қамқоршылық кеңес анықтайтын бұл көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің, шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім
балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға, сондай-ақ, төтенше жағдайда
қалған және өзге де санаттағы балаларға беріледі.
Ақша қаражаты ата-аналардың карталық, шотына
аударылады, бұл оларға балаларымен бірлесіп мектеп формасын, аяқ киім, кеңсе тауарларын және басқа да қажетті заттарды алуға мүмкіндік береді.
Биылғы ақшалай көмектің мөлшері 43 407 теңгені кұрайды. Барлық қажетті бекіту кұжаттары: өтініш берушінің жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігі, некеге тұру немесе некені бұзу туралы куәлік, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек немесе қызмет алушыға
жататыны туралы, жан басына шаққандағы табысы
ең төмен күнкөріс деңгейінің, шамасынан төмен, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын тұлғалардың табысы туралы, жетім балалар және
ата-анасының, қамқорлығынсыз қалған,
қорғаншылық пен қамқоршылыққа, патронаттық,
тәрбиеге және асыранды отбасына алынған
балалар туралы, ата-аналар немесе заңды өкілдері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен, шамасынан төмен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын есептеу тетігі АӘК алу тетігімен бірдей.
АӘК алу қабылданбаған жағдайда отбасының
табысы есептеліп, ол тиісті ақпараттық жүйеде көрініс табады. Санатты растау 15 күн ішінде
қаралады.
АӘК алушылар, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен шамасынан төмен отбасылар, жетім балалар, ата-анасының,
қамқорлығынсыз қалған балалар санатына
жатпайтын, бірақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың, ата-аналары мектепке өтініш беруі қажет.
Құрметті ата-аналар, барлық мәселелер бойынша білім мекемесінің аталған жұмыстарымен айналысатын мамандарымен тікелей хабарласа аласыздар.

Новости