
«Достық» лагерінің жабылу күні!
Бүгін мектебімізде қимастық пен қуанышқа толы ерекше күн – «Достық» мектеп жанындағы жазғы лагерь өз маусымын аяқтады!
Балалар бұл жазда бір-біріне жақын дос болып, ұмытылмас күндерді бірге өткізді.
Ойындар, ән-күй, қызықты шаралар – бәрі көңілден кетпес естелік. Балалар мерекелік шарадан кейін түскі ас ішіп,балаларға тәтті балмұздақ таратылды
Бұл жаз – шын достық пен жарқын сәттердің маусымы болды!
Қош бол, «Достық» лагері! Келер жазда қайта кездескенше!