
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы кенті Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО) жанындағы интернат “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн” Ұлттық ақпараттық науқаны қарсаңында “Достық” жазғы сауықтыру лагерінде “Бала құқығы-адам құқығы” тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты:
Қатысушылардың бала құқықтары туралы білімін арттыру, бала құқығының жалпы адам құқықтарының бір бөлігі екенін түсіндіру және оларды құрметтеуге, қорғауға дағдыландыру. Өткізген педагог-психолог: Бекишева Б.О.