back-image
"Ы.Алтынсарин атындағы (РО) жанындағы Интернат " КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ы.Алтынсарин атындағы (РО) жанындағы Интернат " КММ
“Сыңғырла, соңғы қоңырау” атты салтанаты
24-05-2025 10:54
“Сыңғырла, соңғы қоңырау” атты салтанаты

Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата - аналар және кеш қонақтары!
“Сыңғырла, соңғы қоңырау” атты салтанатты мерекемен баршаңызды құттықтаймыз.
Әр кезде де мектеп өмірінде ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қадірлі көрінер, соның ішінде ұстаздың да, шәкірттің де көңілін босатып, жан - жүйесін иер, сөйтіп бір беймаза толқынысқа түсіріп, көңіл құсын аспанға шарықтатар соңғы қоңырау салтанатының орны бөлек екендігі рас.

Соңғы қоңырау! Қарапайым ғана естiлер осы бір сөзде, шындығына келгенде, қаншама тылсым да мағыналы құдірет жатқандығын аңдаған жан ғана түсінер. Өйткені бұл бала шәкірттің дана ұясынан жез қоңырау үнін соңғы рет есту сәті .
Бұл күн — балалықтың бал дәуренімен қоштасып, үлкен өмірге бастар алғашқы қадам.
Шәкірттерімізді ыстық ұя мектебімен қоштасу сәтімен құттықтай отырып, сабақ берген ұстаздарыңыздың сенімін ақтап, ата-аналарыңыздың үмітін үкілеп, еліміздің үкілі үміті болыңыздар дейміз. Қай жолды таңдасаңыздар да, білім мен еңбек — сенімді серіктеріңіз болсын.
Болашақтарыңыз нұрлы, жолдарыңыз ашық, табыстарыңыз мол болсын.
Сәт сапар, жас түлек!

Новости