
15 мамыр 2025жылы мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Д.Б.Бакаев алып 2024-2025 оқу жылында мектебімізде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу жұмысының орынбасары оқу-тәрбие процесі кезіндегі ұстаздар мен оқушылардың жетістіктерін атап өтті. Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі туралы Шет ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің басшысы Ғ.Әбілқасұлы ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жыл бойы мектебіміздегі, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан ата-аналар марапаталып, жиналыс соңында жыл бойы өнер көрсетіп, түрлі дәрежеде марапатталған оқушыларымыз концерт қойып ата-аналарға тамаша көңіл-күй сыйлады.