back-image
КГУ "Интернат при ОШ (РЦ) имени Ы.Алтынсарина"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Интернат при ОШ (РЦ) имени Ы.Алтынсарина"
7–9 мамыр мерекелері қарсаңында мектебімізде саптық жиын өтті.
08-05-2025 17:16
7–9 мамыр мерекелері қарсаңында мектебімізде саптық жиын өтті.

Сап түзеген ұрпақ – Отан қорғаны
7–9 мамыр мерекелері қарсаңында мектебімізде саптық жиын өтті
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні – еліміздің тарихындағы маңызы зор, елдік пен ерлікті дәріптейтін қасиетті мерекелердің бірі. Осы айтулы күндер қарсаңында мектебімізде дәстүрлі түрде саптық жиын ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді ояту, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және әскери тәртіп пен ұйымшылдықты қалыптастыру.
Жиын барысында оқушылар Отан қорғаушыларға арналған өлеңдер оқып, Ұлы Жеңіске үлес қосқан ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, әскери патриоттық әндер шырқалды
Мектеп директоры мен ұстаздар қауымы жас ұрпақтың бұл бастамасына оң баға беріп, осындай іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. “Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран” деген ұлы сөзді ұстанған жас буынның сап түзеп, бойын тіктеп жүргені – ел болашағының жарқын боларына сенім ұялатады.

Мерекелік саптық жиын оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін арттырып қана қоймай, елге, жерге деген құрметін тереңдеткен тағылымды шара болды.

Новости